Түсіңізде от көрсеңіз...

Түсіңізде от көрсеңіз...

Түсіңізде от көрсеңіз, немесе отты жақсаңыз ол түс нені білдіреді? Немесе түсінде оттан өрт болып шықса? Көбінесе осындай түстер өте қорқынышты болып шығады, бірақ қорықпаңыз. Сол түстердің мағынасын бірге көрейік.

 

Классикалық түс жору бойынша от нені білдіреді?

 

Түсінде от үнемі қорқынышты, қайғыны, тоқырауды білдіреді: оны ұстау да мүмкін емес, жалындары қолыңызды күйдіріп жібереді. Армандарыңыздың күйреуі мен кез-келген басталымның сəтсіз аяқталатынын тұспалдайды. Түсіңізде от қабырғаны алса, сақ болыңыз: қауіп байқамаған жерден төніп, сізді төңкеруі ықтимал. Жалынмен ойнау &ndash бəлеге. Өртті өшіруге тырыссаңыз, жанжалды шешуге мүмкіндік жасайсыз.

 

Романтикалық түс жору бойынша түсінде өрт

 

Өрт ержүрек мінездің жəне қайта жанданудың белгісі. Бəрін бақылауда ұстап үйренгендігіңізден ғашығыңызды да қолда ұстауға тырысасыз. Əлсіз, əлде қатты жалынды көрдіңіз бе? Қатты лапылдаған өрт шынайы эмоцияларды, құлшынысты жəне адал махабатты білдіреді.

 

Жалындары сізге жетіп, киіміңіз өртке оранса, дене мүшелеріңіз күйіп қалса, онда сенім артқан адамыңыз көңіліңізді қалдырып, оған деген сезімдеріңіз суиды. Аспаннан атқылаған от та &ndash жаман нышан. Ол туыстарыңызбен ұрысып, сүйіктіңіздің қайтыс болатынын тұспалдайды.

 

Басқарылатын отты көру (батареялар, мұржа, камин) &ndash шартты əрекеттердің арқасында пайдаға кенелу. Асқынған лапыл, керісінше, бастаған ісіңіздің бəрі күйрейтінін білдіреді: сіздің немесе айналаңыздағы адамдардың кесірінен бақытсыз болуыңыз мүмкін. Өзінің не өзгенің өртке орануы &ndash өлімнен қорқу мен армандардың күйреуінің белгісі. Бұл түстің тағы бір мағынасы бар: сексуалды қызығушылықтың басылуы. Əйел адам түсінде от көрсе не болады ? Өзіңіз өртеніп кетпесеңіз, онда бұл жақсы белгі.

 

Отқа жылыну &ndash сіздің шынымен бақытты екеніңізді білдіреді. Қиын уақытта достарыңыз бен туыстарыңыздың көмегіне ие боласыз. Кішкентай майшамның жарығы &ndash бақыт, махабат жəне тыныштықтың нышаны. Үйдің өртенгенін көрсеңіз, адал достарыңыз бен тəрбиелі балаларыңыз сізді ешқашан тастамайды.

 

Өрттің лаулауына жол бермей, өшіруге тырысу &ndash саяхатқа шығасыз, қаралы хабар аласыз не алыс достарыңызбен кездесесіз. Пештің ішіндегі отты көрсеңіз, үйіңіздің өртеніп кетуінен сақтаныңыз. Мұқият болыңыз, əйтпесе баспанасыз қаласыз.

 

 

tuszhoru.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста