Түсіңізде түлкі көрсеңіз...

Түсіңізде түлкі көрсеңіз...

Қазақ ұғымында түлкі &ndash қу, әккі аң саналады. Әдеби ұғымда да қулықтың, айлакерліктің, жылпостықтың, арамзалықтың, өзгерімпаздықтың образы ретінде суреттеледі.

 

"Айлалы түлкі алдырмас, айлалы балуан шалдырмас", "түлкі түгінен өледі, қыран жемінен өледі, шешен тілінен өледі", "түлкідей қу, сауысқандай сақ", "түлкі көз", "түлкі мұрт", "түлкі иек", "түлкі сирақ", "түлкідей жылпос" деген бейнелі сөздер әдебиетімізде кездеседі.

 

Түлкінің терісі аса бағалы саналады. Қазақтар одан "түлкі тымақ", "түлкі ішік", "түлкі күпі", "түлкі бөрік" жасап киген. Киімге жаға етіп таққан.

 

Қазақ түлкінің еркегін &ndash "төбет түлкі", ұрғашысын "қаншық түлкі", күшігін "қулық" деп атайды. Түсіне қарай "қызыл түлкі", "қара түлкі", "ақ түлкі", "сұр түлкі" деп атап жатады.

 

Халық ұғымында түске кірген түлкіні ғайбат немесе хабар-ошар, айла-шарғы бейнесіне балап жориды.

 

&bull Сіз түсіңізде түлкі көрсеңіз, ол түлкіні соғып алып, қанжығаңызға байласаңыз &ndash бұл жақсылық нышаны. Онда өзіңізді айналдырып жүрген бір алаяқ адамды жеңесіз. Одан үстем орынға шығып, басын игізесіз. Оның қулығы сізге өтпейді. Түсіңізді анаңызға жорытыңыз.

 

&bull Сіз түсіңізде түлкі көрсеңіз, ол сізді көргенде бұлаң қағып тұрса, сізді қызыл арай түгімен қызықтырса, көзіңізді арбаса &ndash бұл жақсылық нышаны. Онда ерекше сұлу қызбен танысасыз, сөйлесесіз. Түсіңізді ең жақын сырлас жеңгелеріңіздің біріне жорытыңыз. Жеңгеңізге жүзік, сырға, білезік, теңге, моншақ сияқты әдемі сауғат беруді ұмытпаңыз. Жорылған түс баяндауыңызды басқа достарыңызға айтып жүрмеңіз. Себебі сізге қарай бұлаң қағып келе жатқан түлкі бейнелі жақсылық басқаларға айнып кетіп жүрмесін.

 

&bull Түсіңізде түлкі сізді қызықтырып, ұстатпай басыңызды айналдырып оянсаңыз &ndash бұл түсті екі түрлі жоруға болады. Бірі &ndash сіздің ұнатып жүрген қызыңыз болса, оның көңілінде айну бары, қолыңызға түспеуі мүмкін. Сондықтан өңіңізде ол қызбен жолыққанда сыпайы болыңыз. Дөрекі, жат мінез көрсетпеңіз. Қыз жүрегіне нәзік, ибалы сөз жеткізе біліңіз. Екіншісі &ndash сізді қызықтырған бір арман алыс шалғайға жетектеп кетуі мүмкін. Қоныс аударуыңыз ғажап емес. Түсіңізді ең жақын жеңгелеріңіздің біріне жорытыңыз.

 

&bull Түсіңізде аң аулап, құс салып, бүркітіңіз бұлаң қаққан бір ақ түлкіге түссе, оны қанжығаңызға байласаңыз &ndash бұл жақсылық нышаны. Онда сіз өңіңізде сүйген бір айдай арумен некеленесіз. Түсіңізді жаныңыздағы достарыңызға айтып жүрмеңіз. Жақсы жеңгеңіздің біріне жорытыңыз да, оған лайықты сыйын жасаңыз.

 

&bull Түсіңізде түлкінің күшігі қулықты көрсеңіз &ndash бұл да жақсылық нышаны. Онда ұрпағыңыз зерделі, ақылды болады. Алдына жан салмайды. Есейе келе басына бақ қонып, мол дәулет иесі болады. Өзіңізге қайырлы болады. Түсіңізді өзіңіз жақсылыққа жорыңыз. Бөгде адамға жорытпаңыз.

 

&bull Сіз түсіңізде түлкі көрсеңіз, ол түлкі ыршып-шоршып, бұлаң қағып, сізді қызықтырып қаша берсе, ұра-жыраға бастап жығып кетсе, не қашып қараңғыға сүңгіп кетсе &ndash бұл жақсылық нышаны емес. Түсіңізді молдаға жорытыңыз.

 

&bull Сіз түсіңізде түлкі көрсеңіз, ол түлкіні атып алсаңыз &ndash бұл жақсылық нышаны. Онда қолыңызды неге сілтесеңіз, соны аласыз. Қайда барсаңыз сонда аман-есен жетесіз. Олжаңыз мол болады. Түсіңізді иманды адамға жорытыңыз.

 

 

"Қазақы түс жору" кітабынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста