Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Үш метрлік "теңіз перісі" адамдардан көмек сұрап, жүзіп келді (видео)

  • Үш метрлік

    Үш метрлік "теңіз перісі" адамдардан көмек сұрап, жүзіп келді (видео)

Австралияның батыс жағалауында теңіз перісі деген атпен танымал үш метрлі манта тұтасқанаты адамдардан көмек сұрады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.


Тұтасқанат сүңгігіштер тобына жүзіп келіп, көмек сұрағандай болды. Адамдар оның көзіне балық аулайтын қармақтың кіріп кеткенін байқады.


Жараланған тұтасқанатқа су асты фотографы Джейк Уилтон көмектесті. Ол сүнгігіштер тобымен бірге Нингалу рифінің маңайында көп жүзеді және осы жануарды сол аймақтан бірнеше рет көрген екен. Тұтасқанат та Уилтонды таныған секілді. Топ оған тіпті Сепкіл (Freсkles) деп ат қойып қоған.


Джейк Уилтонда маска мен түтікшеден бөлек дайвингке арналған құрылғы болған жоқ. Сондықтан оған тыныс алу үшін су бетіне шығып, қайта-қайта сүңгуге тура келді.



"Қайта-қайта тырысты — сөзбен айтып жеткізуге келмейтіндей ғажап болды. Бұл мен су астында көрген үздік көріністердің бірі", — дейді куәгер, теңіз биологы Монти Холл.


Тұтасқанат балық аулайтын қармақ алынғанша орнынан қозғалмай, күтіп тұрған. Ол тіпті өзін құтқарған адамына қарнын көрсетіп аунаған екен. Мұндай жайт тіпті сиек кездеседі. Егер адамдар жануарды құтқарып үлгермегенде ол өліп кететін еді немесе соқыр болып қалатын еді.




Көрілген: 1820    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.07.2019, 23:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31