Үстірт Мауглиі және оның тағдыры

31 желтоқсан 2022, 10:17

1957 жылы тікұшақпен  шыққан бір топ геологтар Үстірт жазығында (Түркіменстан мен Қарақалпақстанның шекарасындағы Сарықамыс көлінің жанында) қасқыр атумен айналысқан.

 

Геологтар қасқырларды ізінен қуып келе жатып олардың арасында шамамен бес жасар қалыспай жүгірген баланы көріп таң қалады. Бала қасқырлармен бірге аспаннан төнген жаудан қашуға тырысып келеді.

 

Олар барлық қасқырларды атып, баланы құтқаруды ұйғарады. Тікұшақты жерге қондырып баланы ұстауға әрекеттенеді. Алайда бұл ойлағандай оңайға соқпады. Бала қасқырдың бөлтірігі құсап адамдарға қарай тістеніп айбат көрсеткен.  Дегенмен геологтар оны қолға түсіріп , дәрігердің қарауына тапсырады. Баланың қасқыр үйіріне қалай түскенін және ата-анасы кім екені беймәлім. Ауруханада оған олигофрения диагнозы қойылып, Ташауздағы психиатриялық ауруханаға орналастырылған.

 

Оның өмірінде адам қатарына қосылудың қиын және қайғылы кезеңі басталады. Балаға Жұма Жұмаев есімі беріліп оқытуға кіріседі. Жұма, қасқырлар іспетті төрт аяқпен жүргендіктен тізелері мен шынтақ тұстарының терісі қатайып қалған. Бірте-бірте дұрыс журуге, тамақ ішуге, тістерін тазартуға, шаштарын тарауға, тіпті шахмат ойнауға үйренеді. Кейде әйел дәрігерлер оған аяушылық білдіріп, үйден тәтті кәмпиттер әкеліп, іш киімдерін жуатын.

 

Он бес жасында Жұма оқып жазуды үйренгенімен қоймай тіпті оның қасқыр арасында өткен өмірі туралы айта бастаған. Көбіне әңгімелері қасқырлардың оған танытқан қамқорлығы мен тамақпен бөліскені , ал адамдардың нашар қарым-қатынасымен оның «отбасын» өлтіргені жайында айтылатын еді. Ол ата – анасының , бауырларының, қарындастарының (қасқыр) қалай өлтірілгені туралы көзінен жасы тамшылап еске түміретін.  Қанішер жауыздардың аспаннан оқ атқандарын төбеге саусағын шошайта көрсетіп отырады.

 

Жұманы бір ауруханадан басқа ауруханаға ауыстыра беретін еді . Ташауздан ол Ашхабадқа, содан кейін Ашхабадтың етегіндегі Калининское ауылындағы алапеспен ауыратын науқастар арасында ұсталды. Содан кейін белгілі уран шахтасына қарасты Қызылкөлдің (Красноводск облысы) жеріне ауыстырылды. Ол кезде түрікмен режиссерлері бұл аймақ туралы фильм түсіруді ұйғарған, бірақ қатаң тыйым салынды.

 

90-жылдардың басында бұқаралық ақпарат құралдары түрікмендік Маугли туралы ақпарат жарияланғаннан кейін, ол туралы материалдар дайындау үшін Мәскеуден «Московский комсомолец» газеті мен «Огонёк» журналы сияқты танымал басылымдардың журналистері келді. Сонымен бірге, ОРТ арнасының «Взгляд» бағдарламасының жүргізушісі Влад Листьев Жұма Жұмаев туралы бағдарлама дайындады.

 

Келген журналистер Жұманы хайуанаттар бағына апарып қоршауда отырған қасқырларды көрсетті. Влад Листьевтің айтуынша, қасқырларды көргенде Жұманың мазасы қашып көпке дейін үндемей ,  кейін қоршау ішіне кіруге тырысқан.

 

1992 жылы Жұманы Ашхабадқа жеткізіп режиссер Болат Мансұров одан анасының суретін салып беруін өтінінген. Жұма болса қасқырдың суретін салып беріпті. Жұма сөздерді жетік айта алмаса да, оған айтылғанын сөздерді жақсы түсінетін . Б.Мансұров: «Жұма, бұл - қасқыр», - депті күлімсіреп, сол уақытта көзіне жас алып: «Бұл менің анам», - деп жауап берген екен.

 

Осы әңгімеден кейін режиссер «Түркімен Маугли» атты фильм түсіруді ұйғарады, бірақ кадрлардың белгілі бір бөлігі болғанына қарамастан, фильмге тыйым салынды.

 

37 жаста Жұма төлқұжат пен жәрдемақы алу құқығын алды. Бірақ өмірінің соңына дейін психиатриялық ауруханада қалу қараластырылған.

 

Кейін Жұма арнайы мектеп-интернатқа ауыстырылды. Журналистердің онымен соңғы сұхбаты 1996 жылы өткен, содан кейін аурухананың есіктері жаппай бәріне жабылған. Жұма туралы ақпарат құпия түріне өткен. Оның кейінгі тағдыры қалай өрбігені белгісіз. Оның қайтыс болғаны да, қайтыс болмағаны да белгісіз қалды.

 

Әлемде әйгілі басқа Mаугли адамдарымен салыстырғанда Жұма әлдеқайда ұзақ өмір сүрген. Олардың көпшілігі 40 жасқа дейін жер басып жүрсе Жұма туралы дерек үзілгенге шейін шамамен 50 жаста еді. Қасқырлардың арасында ол шамамен 5 жыл өмір сүрді десек,  адамдар арасында 40 жылдан астам уақыт өмір сүрген. Алайда ол адамзат қоғамын түсінбей адами болмысты қабылдамаған сықылды. Жұма Жұмаев феномені ғылым үшін жаңашылдық болатын. Оның есімі ғылыми әдебиетке енген.

 

Қарақалпақстандық жазушы Өмірбай Өтеулиев: «Жұма Қарақалпақстанның территориясында, Сарықамыс көлінің жанында табылған», - дейді. - Мен бұл туралы Үстірт шопандарынан бірнеше рет естідім. Қасқырлар ерекше сезімталдығымен ерекшеленеді.

 

 

Дастан Абдырахманұлы

facebook.com