Үйде шамды өшіретін елес

Үйде шамды өшіретін елес

Бала күнде ағаларым көп қорқытқаннан ба, біреулердің елес көрдім дегендерін естісем, денем түршігіп кетеді. Күләштің мына айтқанын да жүрексіне тыңдадым.

 

«Жас күнімнен үйде жалғыз қонудан қатты қорқамын. Оның себебі де жоқ емес.

 

Жаз түсісімен тәтемнің үйіне қыдыруға баратынбыз. Жұрт лагерьге кетсе, біз тәтемнің үйіне жолға шығамыз. Лагерьден артық болмаса, кем емес. Бүлдірген мен қарақат жинайсың ба, саңырауқұлақ тересің бе, суға түсесің бе — қалағаныңша қызықтай бер. Мектеп бітірген соң да жаз болса, сіңлімді ертіп осында келетін болдым.

 

Бір жылы әдеттегідей тәтемнің үйіне келдім. Бұл жолы жалғыз. Бүлдіргеннен бас алмай жүріп, кештің болғанын байқамай қалыппын. Тәтем таңертең бір жеңгеймен көрші ауылға кеткен. Түстен кейін келетін болған. Кеш батқанда телефон соғып, сонда қонып, ертеңгісін бір-ақ келетінін, менің үлкен қыз болып қалғанымды, ешкімнен қорықпай есікті іліп алып жатуымды ескертті.

 

Үйге кіріп, шай-тамағымды ішкен соң көңілім елегізи бастады.

 

Осыдан бірнеше жыл бұрын тәтем мен анам осы үйде елес барын айтқан болатын. Кейде ыдыстар қозғалса, енді бірде киім-кешектер шашылып қалады екен. Кейде елестің өзі де «көлеңкесін» көрсетіп қоятын көрінеді.

 

Жалғыз өзім қалғандықтан ба, осы әңгіме қайта есіме түсті. Санамнан қорқынышты қуғым келіп, жатын бөлмедегі шамды жақтым да, түнімен ұйықтамай, кітап оқуға бекіндім. Себебі көзімді ілсем болды, біреу қылқындыра кететін сияқты. Содан түннің бір уақытына дейін кітап оқып жатырмын. Құлағым түрулі. Қорыққанға қос көрінгені ме, ысылдаған дыбыстар шығатын сияқты. Бір кезде ауызғы үйде тұрған электр қалқанының автоматы сырт етті де, шам жалп етіп сөніп қалды. Терезеден ай сәулесі түсіп тұр. Терезеден түскен ай сәулесі арасынан маған қарай белгісіз бір сағымның жылжып келе жатқанын байқадым. Шамасы, кемпірдің сұлбасы сияқты. Қорыққанымнан көрпемді тарс бекітіп, басыма дейін жауып алдым. Бар білгенім «біссіміллә» деген сөзді миллион рет қайталаған шығармын. Ауызғы үйден сызыла жеткен көлеңке көйлегінің етегі қалай жер сызғанын, кемпірдің көрпенің ішінде жатқан маған тесіле қарағанын — бәрін сезіп жатырмын. Ендігі кеткен шығар деп бір кезде көрпеден сығалап қарасам, ол да еңкейіп, көрпе астына сығалап қарап тұр. Қорқыныштан жүрегім тоқтап қала жаздады. Дауыс шығаруға шама жоқ. Не істерімді білмеймін. Сосын, өзімді барынша сабырмен ұстап, таң атқанша көрпені де, көзімді де ашпасқа бекіндім. Сезіп жатырмын, кемпір де қадалып кетпей тұр. Мен де көзімді ашпай, көрпе астында дірілдеп жатырмын.

 

Әлден уақытта әтеш шақырды. «Ух, бітті» дедім ішімнен. Сол-ақ екен, кемпірдің кетіп бара жатқанын сездім. Ақырын көрпеден басымды шығардым. Байқаймын, кемпірдің елесі ғайып болды. Сол сәтте ауызғы үйден сырт еткен дыбыс естілді де, шам қайта жанды. Жүрегім су ете қалды. Суық демімді ішке тартып, терезеден жарық енгенше орнымнан қозғалмадым. Таңертең тәтем келген соң, болған жайды айттым. Тәтеммен бірге электр қалқаны автоматын қарадық. Еш жері бүлінбеген екен. Расымен де, егер ол бүлінген болса, жөндемейінше, электр шамы қайта жанбаушы да еді ғой. Қорыққаннан елес көрінген шығар дейін десем, онда шамды өшіріп, қайта жаққан кім? Соны ойласам, әлі күнге дейін арқам мұздап кетеді. Қазір тәтем ол жерден көшіп кеткен. Біз қалада тұрамыз. Кейде «сол үйде елес әлі бар ма екен?» деп ойлаймын».

 

 

 

Кенже ҚУАТ

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста