«Ұйқы салы» немесе «кәрі мыстан синдромы»

«Ұйқы салы» немесе «кәрі мыстан синдромы»

Бастырылу деген не? Өміріңізде бір рет болсын "бастырыла беремін" деген адамның мұңын естіген боларсыз.

 

Бастырылу – ұйқыға кеткен кезде болатын галлюцинациялық құбылыс. Яғни, бастырылып жатқан адам ұйықтап жатып, сал адамның күйін кешеді, айқайлай да алмайды, қимылдай да алмайды, денесінде тылсым бір ауырлықты сезінеді, бойын қорқыныш пен үрей билейді. Уйықтап жатқан кездегі көрген түсіңізді ұмытуыңыз мүмкін. Алайда, өмірінде бір рет болса да бастырылып көрген адамның сол кездегі басынан кешірген қорқыныш есінен кетпейді.

 

Симптомның себептері ғылымда дәлелденген. Адамда ұйқыға кету фазасы орын алған кезде, адамның миы өзін қорғау үшін, дене қимылына жауап беретін факторларды істен шығарып тастайды.

 

"Бастырылу" деп кейде осы процесс кезінде орын алатын ауытқуды айтады. Кейде ұйқыдан оянған ми жүйесі барлық қозғалыс қызметтерін қосып үлгермей, алдымен ми, соңынан дене оянып жатады. Осы сәтте, адам өзінің ең қорқатын нәрселерін елестете бастайды.

 

Бұл «галлюцинация» деп аталады.

Мұндай ауытқу адамның миына артық салмақ түскенде орын алады. Немесе ұйқы жүйесі бұзылған сәтте.

 

"Ұйқы салының" себептері бірнеше болуы мүмкін:

 

* биоырғақтың ауытқуы (көбінде уақыт белдемшесін ауыстырған уақытта)


* стресстен ұйқы қанбауы, уайым


* депрессия


* ыңғайсыз дене кейіпіндегі ұйқы (етбетінен)


* зиянды әдеттер


* антидепрессиялық не ұйқы шақыратын дәрілер


* психикалық соққылар мен аурулар


* генетикалық бейімділік

 

Негізінен алғанда, ешкім сізге анық себебін айта алмайды.

 

Ең нақты диагноз - сіздің организміңізде бір нәрсе дұрыс емес. Бастырылу ұйқыға енді кірген сәтте мидың ояу қалуы сәті немесе ұйықтап тұрған сәтінде мидың денеден бұрын оянып алу сәтінде орын алады. Ұйқы салымен шалдыққандардың көпшілігі екіншісінің өмірлерінде жиі болатындығын айтады.

 

Бастырылу кезіндегі галлюцинациялар

 

Бұл, кәдімгі көзімізді жұмып елестететін қорқынышты бейнелер емес. Одан едәуір қорқыныштырақ. Себебі, ұйқы салы кезінде көзіңіз жұмулы жатқан кездерден бөлек, ұйқыдан оянып алған шағыңызда да галлюцинация көруді жалғастыра бересіз. Мұндай көріністердің болуы, адамның денесі қимылдамай қалғандағы үрейінен туындайды.

 

Бастырылған адам үшін ұзық болып көрінгенімен, бұл құбылыс бірнеше секунд, максимум бірер минуттық құбылыс.


"Ұйқы салы" қауіпті емес, дейді...

 

Ұйқы салын қауіпті деуге ешқандай себеп жоқ. Бұл жағдайды дерт деп қарасытырудың өзі қате. Тек. Аталмыш құбылыстан шошынып қалған адамның психикасының халі кейде мүшкіл болады.

 

Ал, бастырылуды басынан кешіп жатқан адамның жүрегі әлсіз болса, өте ауыр жүрек ауруларына әкеліп соғады.

 

Бастырылу орын алған жағдайдағы алғашқы қимылыңыз

 

Өз-өзіңізді бұл уақытша нәрсе екеніне сендіріңіз, қазіргі көріп жатқан, ойлап жатқан нәрселеріңіздің тек галлюцинация екендігіне сеніңіз, мәжбүрлі түрде. Дауыстап санап, жан айқайыңызбен сөйлеңіз, миыңызды барынша жұмыс істетіңіз. Есеп шығарыңыз, өлең оқыңыз.

 

Бұл жағдайдың басыңыздан енді ешқашан өтпегенін қаласаңыз

 

Ұйықтаңыз. Ұйқы және демалыс режимін қалпына келтіріңіз. Ұйқы қанбағандық пен стресс бастырылуға алып келуі ғажап емес. Бірнеше жүзжылдықтар бойы, тіпті қазір де адамдар бұл жағдайды сана сенімімен байланыстырып, жын-шайтаның ісі екенін айтып келеді. Алайда, қазір ол деректерге сеніп қажеті жоқ, себебі әлдеқашан ғылыми зерттеулер жүргізілген тақырып.

 

oinet.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста