Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ванганың рухын және Қыдыр атаны көрген қыздың әңгімесі

  • НТВ

    НТВ

"Мистика" айдарының оқырмандары, тылсым күш секілді құбылыстардың мына өмірде барына өз басым сенбейтінмін. Бірақ мына бір жағдайдан кейін оған көзім жетті. Сіздерге қай бір жылдары басымнан кешкен мына бір жайды ұсынбақпын.


Бұл оқиға әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Қыстың күні автобус күтіп аялдамада тұр едім. Қараңғы түсе бастаған кешқұрым уақыт. Бір кезде артымнан біреу түрткендей болды. Бұрылып қарасам, бір орыс кемпір қарап тұр. Қолындағы ұялы телефонын алып, маған ұсына беріп былай деді:


– Доча, ты же знаешь, что я слепа. Подскажи, сколько сейчас времени?, – деді. Әжейдің дауысы құлағыма өте таныс. Бір жерден естіген сияқтымын. Іле-шала телефонын қарап, сағатты айттым да ұялы телефонын өзіне қайтарып бердім. Жаңағы дауыс әлемге белгілі Ванга әжейдің дауысы екені есім түсіп, бұрылып артыма қарасам әжей жоқ. Маңайыма қараймын, алысқа ұзап кететіндей 5 секунд та өткен жоқ болатын. Күткен автобусым келіп, мен отырып кете бардым. Жол бойы кемпір туралы ойланумен болдым. Жаңағы кейуана шынымен Ванга әжей ме әлде көзіме көрінген елес пе? Елес дейін десем ұялы телефонын алып, сағат қарағанымды білем. Егер елес демейтін болсам әже ұшты-күйлі қайда жоғалып кетті? Осылайша әлі күнге дейін таңым бар. Сол оқиғаны көп ойлағандықтан ба бір күні түсіме Ванга әжей кірді. Менің анамды арқасынан қағып, құшақтап жатыр екен. Анамның бойында ата-бабамыздан қонған емшілік қасиеті бар еді. Ол кісі сол емшілік жолды ұстайтын.


Осылайша жаз келді. Жұма намазға қатысайын деп мешітке қарай аяңдадым. Мешіт сыртындағы қақпадан кіре бере қайыр сұрап тұрғандардың арасынан бір адам ерекшеленіп көзіме шалынды. Өйткені, шіліңгір шілдеде үстіне ою киізден тігілген шапан мен басына айыр қалпақ киіп алған. Ішімнен мына адам қалай ыстықтамайды деп ойлап қоямын. Қасынан өте бергенде «Балам, бақытты бол», - деп қолын жайды. Шыққанда берермін деп қасынан өте бердім. Осылайша мешітке кіріп кеттім. Намаз аяқталған соң мешіттен шығып, қайтар жолмен кел жатқанда бағана көрген қарияны тағы да кезіктірдім. Ойланбастан бес жүз теңгені ұстатып кете бардым. Екі-үш қадам аттап жүре бергенде ойыма «Қыдыр атаға ұқсайды екен-ау», – деген ой келіп іле-шала артыма бұрылып қарасам, жаңағы қария мүлдем жоқ. Үстіндегі киімі, қолындағы таяғы барлығы біз кітаптан оқып, суретін көрген бейтаныс шал. Тағы да ойымды Қыдыр атаны көрдім бе деген ой мазалады.



Өмірімде осындай түсініксіздеу оқиға екі-үш рет болды. Біреулерге айтсам күлер деп, көп ашылып, айта бермеймін. Бірақ "Алаш айнасы" порталын оқып отырып, "Мистика" айдарына өз басыман өткен оқиғаны жазуды жөн көрдім. Күлсеңіздер күле беріңіздер, бірақ менің басымнан осы оқиғалардың өткені ақиқат.


Автор: Дариға Айберген, Павлодар қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 3907    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.07.2019, 11:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31