Жетісу жетістіктері

«Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясына Жетісу жұрты да үлес қосты

  • «Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясына Жетісу жұрты да үлес қосты

    «Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясына Жетісу жұрты да үлес қосты

«Birge.TazaQazaqstan» акциясына 3 000 талдықорғандық қатысты 130 рет көрсетілді «Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясына Жетісу жұрты да үлес қосты. Шара аясында бүгін облыстың барлық қала, аудандарында жалпыхалықтық сенбілік өтті.


Облыс   орталығы Талдықорған қаласында өткен тазалық шарасына 3 мыңға жуық адам қатысты. Жиналған қоқысты тасып шығаруға қала бойынша 13 арнайы техника жұмылды. Осылайша «Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясына қатысушылар Талдықорған қаласының аумағында орналасқан Қаратал, Балықты өзендерінің жағалауын, Орталық бассейн, Жеңіс, Ардагерлер саябақтарын және қала көшелерін қоқыстан тазартып, жалпы аумағы 220 гектар жерде жинау жұмыстарын жүргізді. - Алғаш рет «Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясы еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасымен өткені белгілі. Қазір бұл акция ел көлемінде ұйымдастырылып отыр. Осы орайда Талдықорған қаласының жұртшылығы да белсенділік танытуда. Сенбілікке келіп, қолдау көрсету арқылы біз тазалыққа ерекше көңіл бөлуді өскелең ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Сондықтан да бұл шара алдағы уақытта жалғасын табады,- дейді Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.


Алаш айнасы




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.07.2019, 23:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30