Жетісу жетістіктері

Алматы облысында балабақша кезегі автоматтандырылды

  • Алматы облысында  балабақша кезегі автоматтандырылды

    Алматы облысында балабақша кезегі автоматтандырылды

 Еліміз бойынша Алматы облысында ең алғашқы болып мектепке дейінгі балалар ұйымына кезекке тұру автоматтандырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жұмыстар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген е-zhetysu.kz порталы арқылы жүзеге асады.


Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 58 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілді. «Енді ата-аналар балаларын балабақша кезегіне қою үшін аталған портал арқылы өтініштерін тіркеп, жергілікті білім бөлімі қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз жолдама ала алады. Ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды», – дейді мамандар.


.Цифрландыру қазіргі таңда ақпараттандыруды, автоматтандыруды, роботтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, масштабталатын және ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленеді. Басқаша айтар болсақ, қазіргі уақытта мемлекет тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің ендігі уақытта мызғымас, өзгермейтін, бір рет қана әрі мәңгілікке құрылған жүйе ретінде көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сол себепті экономиканы цифрландыру мемлекет дамуының мақсаттарына лайықты одан ары үздіксіз жаңғырады.


Алматы облысында 1169 мектепке дейінгі балалар ұйымы болса, қазір соның 90 пайызы толығымен осы е-zhetysu.kz порталы арқылы жұмыс істеп тұр. Жүйені таныстыру, насихаттау мақсатында 20 мыңнан астам ақпараттық буклет шығарылып, білім бөлімдері мен ата-аналарға таратылып жатыр. Серікбай Нұрғисаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы: – 17 аудан, үш қала түгел соған енді. Екіншіден, қазір облыста баланың саны мен балабақшадағы орын тепе-тең келді. Әрине, қиыншылықтар бар. Электрондық кілтін алып, интернет арқылы жүйеге кіріп, соны тауып, соған кезекке қоюды халыққа үйретуіміз керек. Ата-аналар арқылы, әкімдіктер арқылы, мектептер арқылы толыққанды осы жүйені іске асыруымыз керек.


Алпш айнасы


 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 00:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30