Жетісу жетістіктері

Алматы облысында 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

  • Алматы облысында 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

    Алматы облысында 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

Алматы облысында 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қалпына келтірілетіні жайлы Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланған аймақ активі жиынында белгілі болды.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу, жер кадастрі жүйесін цифрландыру туралы тапсырма берген еді. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған мақсатта облыста түгендеу жұмыстары 2015 жылдан басталып, барлығы 496 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерлер анықталды. Соның 363 мың гектары пайдалануға беріліп, 120,6 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Цифрландыру ісі қолға алынып, оған 500 млн теңге бөлініп отыр.


«Өңірде жасалып жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу және цифрландыру ісін сапалы және өз уақытында аяқтауымыз керек. Сол сияқты су ресурстарына, сумен қамту инфрақұрылымдарына, ирригациялық жүйелерге түгендеу жасау оларды жөндеуге, қайта жаңғыртуға, құрылысын жүргізуге, суармалы жерлерді айналымға енгізуге нақты жоспарлар жасап, іске кірісуге мүмкіндік береді. Бізде бұл жұмыстар жүріп жатыр, құжаттандыруды аяқтадық. Қазіргі кезде Ескелді, Алакөл, Ақсу, Көксу аудандарында Ислам Даму Банкінің қаржысы есебінен қалпына келтіру жұмыстары жасалуда. 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз, соның 40 мыңы биылғы жылдың үлесінде болуы тиіс. Жер – өндірістің ең басты факторы. Бұл мәселеде тиімді жұмыс істемей ауылды дамыта алмаймыз», - деді А. Баталов.


 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.07.2019, 16:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30