Жетісу жетістіктері

Алматы облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

  • Алматы облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

    Алматы облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына осыдан екі жыл бұрын ең алғаш газ берілген болатын. Қалаға көгілдір отынның келуі тұрғындардың тіршілігіне серпін берді деуге болады. Жалпы бүгінгі күні Алматы облысында 798 мың адам тұратын 142 елді мекенде көгілдір отын жеткізіліп, газдандыру деңгейі 30%-ды құрап отыр. Жалпы 2018 жылы облысты газдандыруға бюджеттен 13,2 млрд. теңге бөлініп, 31 млрд. теңгеге жеке инвестиция тартылған.

Айта кетер жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назрбаевтың 2018 жылғы Жолдауында «2025 жылға дейін ұзартылуға тиіс «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын көлік инфрақұрылымын дамытуға, екіншісі – коммуналды және тұрғын үй құрылысындағы міндеттерді шешуге бағытталуға тиіс», деп атап өткен еді. Осы орайда бүгінгі күні еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартып, көмірден бас тарту және газдандыру бағытында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Мәселен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы газдандыру құрылысы төрт кезеңге бөлінген. Қазіргі таңда газдандырудың бірінші және екінші кезеңі толығымен аяқталған. Қазір «қыстың қамын жаз ойла» деп облыс орталығында газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Яғни, бүгінгі күні «Қаратал», «Новостройка» және қаланың орталық аудандарына газ құбырлары тартылып отыр. Одан бөлек, «Шығыс», «Жастар» шағын ауданы, Өтенай ауылы және қаланың төмен жағында орналасқан «хутор» ауданындағы жүріп жатқан үшінші кезеңнің құрылысы да бітті. Қазір төртінші кезеңнің құрылысы жалғасуда. Мұндағы 4-ші кезеңге облыс орталығына қарасты саяжайлар және Шайқорған, Еркін, Көктал елдімекендері кірмек. Жоспар бойынша жыл соңына дейін аталған бұл ауылдарды да газға қосу көзделіп отыр. Жалпы, бұл жобаның құны 19 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде соның 16,5 млрд. теңгесі игерілген. Қазіргі таңда 2500-ден астам абонент табиғи газға қосылған. Оның ішіндегі 2493 жеке сектор болса, 89-ы көпқабатты тұрғын үйлер. Одан бөлек, 200-дей үй көгілдір отынға қосылуға дайын тұр. Жалпы, бүгінде қала бойынша 10-нан астам газ қосумен айналысатын мердігер мекеме бар.

Газға қосылудың бағасы әр түрлі. Орта есеппен жер үйлерде газ құбырды көшеден үйге дейін кіргізіп бергенге 70-80 мың теңге шығады. Сонымен қатар, газплитаға қосу және түтін мұржасын жасағанға қосымша баға жүреді. Ал, орталықтандырылған газы бар көпқабатты тұрғын үйлерде баға төмен. Себебі, оларда қолданыстағы жүйе болғандықтан газды қосу арзанға түседі. Шамамен ондағы бір пәтерді табиғи газға қосу құны 10 мың теңгенің төңірегінде болмақ. Бүгінде табиғи отынның бір текше метрі 29,36 теңге болса, сұйытылған газдың бір текше метрі 450 теңге. Мәселен, сұйытылған газда отырған абонент бір айда 5 текше метр жағып, 2500 теңгеге жуық төлейді. Енді тұрғындар табиғи газға ауызса, 5 текше метрге бір айда небәрі 200 теңге қаражат жұмсайды. Қазіргі таңда «Қаратал» шағын ауданындағы тұрғындар осындай мөлшерде төлеу үстінде. Бір айта кететін жайт, қала әкімдігі мердігер мекемелерге газ қосудың құнын жалпыға бірдей төмендетуді ұсынған болатын. Мәселен, алғашқыда бір үйді табиғи газға қосу орта есеппен 130-140 мың теңге болса, бүгінде бұл көрсеткіш 70-80 мың теңгеге төмендеп отыр.

Төртінші кезеңнің құрылыс жұмыстары сәтімен тәмамдалатын болса, одан кейін қаладан шалғай жатқан 3-ші бөлімше, Еңбек, Ынтымақ сынды ауылдарға газ тарту жұмыстары кезек күтіп тұр. Жақында Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында газды орталықтан газ құбырымен жіберу іске қосылды. Бұл оқиға салтанатты шарамен және көгілдір отты алауды рәсімді тұтандырумен атап өтілді. Алматы облысының әкімі Амандык Баталов «Қазіргі уақытта облыста 640 мың адам көгілдір отынға қол жеткізіп отырған 108 елді мекен газдандырылған және де халық саны 1,4 млн адамды құрайтын 473 елді мекен газбен жабдықтауға жатады» дейді. Шонжылық тұрғындар енді көмір іздемейтіндері үшін дән риза.


Қуаныш Ерсұңқар



 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 05:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30