Жетісу жетістіктері

Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасалған

  • Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасалған

    Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасалған

Алматы облысының Ұйғыр ауданына қарасты Дардамты ауылының аймағында Арасан минералды бұлақтары бойында инновациялық технология бойынша салынған заманауи жылыжай кешені орналасқан. Бұл жылыжай «Enigma Invest» ЖШС-нің қармағына қарайды. Аталмыш мекеме жылыжай жабдығын техникалық талаптарын сақтай отырып құрастырып, өте сапалы орнатты. Сонымен қатар, бас мердігер болып саналатын «VAN Agro» оңтүстік кореялық компаниясымен бірлесіп сала мамандарын дайындап, оларға замануи технологияның қыр-сырын оқытып шықты. Сондықтан жылыжай кешенінде білікті мамандар жұмыс істейді деп айтуға толық негіз бар. Төрт гектар жерді қамтыған жобаға 2 млрд теңге көлемінде инвестиция салынды.

Төрт гектар жерді қамтыған бұл ауқымды өндіріс отандық өнімді экспорттаудың бастамасы. Қазіргі уақытта жылыжай кешенінің қуаттылығы жылына 1440 тонна өнім өндіруге жетеді. Ал өткен жылы жылыжайда елуге жуық адам жұмыс істеп, 791 тонна қызанақ жинаған болатын. Бүгінгі таңда егін көлемі 700 тоннадан асты. Жылыжайда экологиялық таза қызанақтар сұрыпталып, оралып, тұтынушыларға жөнелтіледі.

Өндіріс орнын ашып, іске қоспас бұрын ұзақ мерзімді ауқымды жоспарлары жасалынған. Сондықтан болашақта өндірістік базаны кеңейту көзделіп отыр. Тағы 4 жылыжайдың құрылысы басталады. Бұл жылыжайлардың сыйымдылығы мен ауданын 100 гектарға дейін арттыру көзделген. Осы бағыттағы жұмыс жоспарлары сәтімен іске асқаннан кейін экспорт көлемін ұлғайтуға және «Almaty Tomatoes» брендімен қызанақ өндіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту еліміз үшін өте маңызды. Өйткені дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынған елдердің барлығының ұстанар жолы осы. Басты себебі кәсіпкерлікті дамыту арқылы ғана нарықтық дамытудың даңғыл жолыны түсуге болады.

Қазақстанда осы бағыттағы жұмыстар нақты жолға қойылып, нәтижелі істер атқарылып келеді. Атап айтсақ 2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, оны барынша қолдау үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қабылданған болатын. Ол бағдарламаның басты жоспары үш бағытта іске асырылып жатыр. Атап айтар болсақ, алдымен жаңа бизнес-бастамаларды қолдауды жолға қойды. Екіншіден барлық кәсіпкерлік секторларды сауықтыру шарасы іске асырылды. Сонымен қатар елімізде өндірілген өнімді экспорттап, шетке шығаруға талпынған өндірістерерді қолдауды мақсат тұтады.

Осы бағдарламаның арқасында қазіргі таңда, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға жіті мән беріліп, ауқымды іс-шаралар жүргізіліп келеді. Жасалған жұмыстар оң нәтиже беруде. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылып және шағын бизнеспен айналасытандардың да саны арта бастады. Кәсіпкерлер арасында бәскелестік пайда болып, сапалы өнім шығаруға көңіл қойылуда.

Алматы облысында да кәсіпкерлікті дамытудың жолдары барынша қарастырылып, бұл бағыттағы жұмыстарға көп көңіл бөлінген. Сондықтан облыста жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, экономикалық өсім көрсеткіші де жоғары болып тұр. Соның арқасында әлеуметтік мәселелер де оң шешімін тауып келеді. Облыс басшылығы инвесторлармен келсімшарт жасасып, ынтымақтастық орнатып, болашағы бар бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасап отыр.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 277    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.07.2019, 11:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30