Жетісу жетістіктері

Алматы облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

  • Алматы облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

    Алматы облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласы күн өткен сайын көркейіп келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «7-20-25» сияқты бағдарламалар аясында қаншама жандар баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Баспаналы болу әрбір отбасының бақытты болашағына жасалған сәтті қадамы. Елбасымыз бастаған осындай игілікті істі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та сәтімен жалғастырып келеді. Атап айтсақ, осы айдың басында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тарапынан салынған он алты қабатты үш үйдің, яғни 230 пәтердің кілті иелеріне табысталды. Сондай-ақ, жуық арада бір қабатты 100 жеке үй және 125 пәтерлі екі көпқабатты үйдің құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілмек. Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуына қарағанда, Талдықорған қаласында биыл тағы да 800 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, тұрғындарды баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Әсіре шаһардың оңтүстік-батысында тұрғын үйлер жылдам салынуда. Қазірдің өзінде қаланың жаңа аудандарында бірнеше биік ғимараттардың құрылысын аяқтап, тұрғындарға беруге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Балапанов көшесіндегі тоғыз қабатты №46/3-үй бар. Оны ірі мердігерлік мекеме «Жетісужилсоцстрой» ЖШС салуда. Бұл үй үш подъезд, 72 пәтерден тұрады. Құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бабы бойынша салынуда. Тоғыз қабатты ғимараттың құрылысына мердігерлер ең озық технологиялар мен отандық материалдарды қолданды. Оның іргетасы өткен жылдың маусым айында қаланып, темір бетон мен газ блоктарымен салынды. Үйдің кіре берісі өте ыңғайлы жасалынды және баспалдақтар да кең. Сыртқы сәулеті де ерекше, сопақша кең балкондары ғимараттың көрікін келтіріп тұр. Құрылыс жобасы өте сәтті аяқталды деп айтуға болады. Жұмыс барысына аймақтағы танымал компания «Талдықорған Проект-Инжиниринг» ЖШС жауапты. Құрылыс жұмысын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтап, тапсыру жоспарланған.

Алматы облысының орталығында ғана емес барлық аудандарында да тұрғын үй салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Осы ретте, Көксу ауданына қарасты Балпық би, Мұқаншы, Айнабұлақ, Еңбекші ауылдарында тұратын отбасыларда жақын арада пәтерлі болып қуанышқа кенелгенін айтып өткен жөн. Бұл ауылдарда мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа 21 тұрғын үй сатып алу жоспарланған болатын. Оның он үші осы айда тапсырылды. Ал тамыз айының соңына қарай қалған 8 пәтерді сатып алу көзделуде екен. Бұдан бөлек ауданда 50 және 30 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, қазан-қараша айларында табысталмақ. Бұл үйдің 30-40 пәтері көпбалалы отбасыларға берілмек. Ол баспаналар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алыныпты. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 123 миллион 750 мың теңге қаражат бөлінген.

Салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын аралап шыққан кез келген адам өңірде мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жұмыстардың өте қарқынды жүріп жатқанына көз жеткізеді. Осы игі істердің арқасында қаншама отбасы баспаналы болып, нұрлы болашаққа сенімді қадам басатынын ойлағанда кеудеңді қуаныш кернейді.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 01:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30