Гендерлік саясат

Ана – отбасының және мемлекеттің тірегі

  • Ана – отбасының және мемлекеттің тірегі

    Ана – отбасының және мемлекеттің тірегі

Қазіргі таңда әлемде де, елімізде де неге кәмелет жасқа толмаған жеткіншектер арасында қылмыс көбейді, жас отбасылар неге жиі ажырасады, жасөспірім қыздардың арасында ерте жүкті болып қалу секілді жағдайлар неге азаймай тұр, неліктен әйел теңсіздігі әлі де өзекті? Мұның бәрі – қоғамдағы, отбасындағы тәрбиенің ақсап тұрғандығы. Бұл туралы қыркүйек айының соңында Ақтөбеде өткен «Анаға тағзым» слетында Ақтөбе облысның әкімі Бердібек Сапарбаев тілге тиек еткен еді. Сондай-ақ облыс әкімі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың слетқа қатысушыларға арнаған сөзін оқып берді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Анаға тағзым» слеты – дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайта түсуге арналған ерекше іс-шара. «Ана – әр отбасының және мемлекеттің тірегі. Менің негізгі мақсаттарымның бірі қазақстандық аналардың жағдайын жақсарту, олардың тыныш та, бақытты өмір сүрулеріне, балаларының болашағы жарқын болуына жағдай жасау. Сондықтан «Қазақстан – 2050» бағдарламасында ана мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың ең маңызды бөлігі деп жарияланды» делінген Мемлекет басшысының сөзінде. Бұл туралы Елбасы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында да айтқан болатын.

Екі күнге созылған слетқа қатысу үшін Ақтөбеге еліміздің түкпір-түкпірінен 1200 делегат келді. Негізгі қатысушылар – Қазақстанның мәдениеті мен спортына, бизнеске, білім саласына, ғылымға, еліміздің демаографиясына айтарлықтай үлес қосып жүрген әйелдер. Слеттың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Ақтөбе облысның әкімі Бердібек Сапарбаев отбасылық құндылықтар мен ұлт денсаулығын сақтау, ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудару, отбасыларға және ана мен балаға қамқорлық көрсету мәселелерінің өзекті екенін атап өтті.




«Бүгінде қоғамның, әсіресе жастардың рухани және моральды жағдайы бізді алаңдатады. Әр отбасы мүшесі денсаулығының мықты, рухани дүниесінің бай болуы бәріміз үшін маңызды. Еліміздің жарқын болашағы үшін бүгінде қоғам ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарай алмайды», – дейді әкім.

«Анаға тағзым» слетіне КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова, белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марфуға Айтқожина, қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының келіні, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен отбасы құндылықтарының насихатшысы, бірнеше танымал кітаптардың авторы Зейнеп Ахметова, белгілі ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Райса Көзденбаева, белгілі өнер иесі Татьяна Бурмистрова, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы бас директорының орынбасары Луиза Жұбатова сынды тұлғалар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ «Анаға тағзым» республикалық аналар слеті аясында Ақтөбедегі «Анаға тағзым» рухани орталығы ашылды. Бұл орталық қызметі қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптей отырып, әйелдің отбасындағы рөлін күшейтуге, болашақ аналарды тәрбиелеуге бағытталмақ. Дәл осы жерде ұрпаққа білім-тәрбие беру жұмыстары жүргізіледі, жастарға қазіргі қоғамда қажет құнды бағдарларды дамытуға мүмкіндік беретін психолгиялық жеңілдеу және кеңес беру, қолданбалы өнер, жалпы даму, музыкалық тәрбие беру, стилистика және дизайн, отбасылық тренинг пен басқа да қызмет түрлерін көрсететін кабинеттер жұмыс істейді. Орталықтың салынуына 350 млн.теңге. Ананың ақ жаулы іспеттес салынған ғимараттың құрылысына демеушілер мен облыс тұрғындары қаржы жинап берген.




Айта кету керек, Ақтөбе облысында қоғам мен мемлекетті өркендетудің негізгі құралы саналатын рухани құныдылықтар мен неке және отбасы институтын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Мысалы, 2018 жыл балалардың бақытын қамтамасыз ету үшін «Бақытты бала» жылы деп жарияланды. Осы жоба аясында балалардың денсаулығы мен білімін жетілдіре түсу мақсатына 4,7 миллиард қаржы жұмсалған, бұдан бөлек демеушілердің қолдауы да бар. Биылғы жылдың шілдесінде қалада Республикалық әкелер форумы да өтті.


Айша Нұржан




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

сенбі, 20.10.2018, 00:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31