Гендерлік саясат

Ана мен бала денсаулығының жақсы болуы – демографиялық өсімнің кепілі

  • Ана мен бала денсаулығының жақсы болуы – демографиялық өсімнің кепілі

    Ана мен бала денсаулығының жақсы болуы – демографиялық өсімнің кепілі

 Халық санының өсуі – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Қай мемлекеттің болса да өркендеуіне халық саны ықпал етеді. Осы орайда Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын үнемі демографиялық ахуалға арнайды. «Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы демографиялық ахуалға айрықша көңіл бөлді. Статистикалық деректерге сүйенсек, халық санының өсуі бірінші кезекте туу көрсеткішіне және ана мен бала денсаулығына тікелей тәуелді. Президент Н.Назарбаев осы мәселеге баса назар аударып, еліміздегі ана мен бала өлімін төмендету үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік ахуалды түзеуді тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бойынша да осы бағытта біршама істер атқарылды.

2018 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіш бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 272 мың 400 адамға жеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскенін көрсетеді. Қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 192,7 мың адам туған. Бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8 пайызға артық.

Халық санын көбейтудiң екi жолы бар. Бiрiншісі – табиғи өсiм. Бұл өсім жоғары болу үшін аналарға жасалатын көмек, медициналық жәрдем және әлеуметтiк жәрдемақылар көлемі өсуi керек. Екiншiсi – шетте жүрген қандастарымызды Отанға оралту. Біз негізінен біріншісіне тоқталамыз. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда табиғи өсім оң бағытта жүріп келеді. 2017 жылғы деректер бойынша туудың жиынтық коэффициенті 2,73 болды. Демография ғылымында бұл көрсеткіш 2,1-ден төмен болса, халықтың өсімі болмайды деп есептеледі. Яғни, әр әйел кемінде екі бала тууы тиіс.

Табиғи өсім деңгейін көтеру үшін елімізде жастарға, әсіресе жас отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына үкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылып келеді. Біз негізінен халық саны көп әрі тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерде туу көрсеткіші жоғары деп қабылдайміз. Дегенмен статистикалық дерек бойынша, қазіргі таңда туу бойынша ең жоғары көрсеткіш Маңғыстауда тіркеліп отыр. Түркістан облысында да туу көрсеткіші жоғары. Еліміздегі әрбір бесінші азамат осы өңірде дүниеге келеді. Қазақстан қалаларындағы 2018 жылдың бірінші жартысында туғандардың санын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, Алматы және Астана қалаларында туу көрсеткіші 4,4 және 4 пайызға өскен. Ақтөбе қаласында 5,3, Атырау 6,8, Орал қаласында 7,5 пайызға артты. Салыстыруға назар аударсақ, Қазақстанның батысындағы үш қала да – туу көрсеткіші бойынша алда тұр.

Жоғарыда атап өткеніміздей, демографиялық өсімді арттыру үшін ана мен бала денсаулығы жақсы болуы керек. Осы орайда халық денсаулығын жақсарту мақсатында елімізде арнайы бағдарламалар да қабылданды және тәтижелері де жаман емес. Мемлекет тарапынан көрсетілер көмек пен қолдаудың арқасында елімізде соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 25 пайызға артқан. Күн сайын елімізде 1000-нан астам сәби өмірге келеді екен. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 400 мыңнан асып жығылады. Ана өлімі соңғы 25 жыда 4 есеге азайған. Дәрігерлер ана өлімін бұдан әрі де төмендету үшін білімі мен біліктілігін, тәжірибесін артырып, аянбай еңбек етуде. Бұл үшін елімізде жыл сайын дәрігерлердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру да қолға алынуда.

Демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіші – ана мен бала денсаулығы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1990 жылдармен салыстырғанда 2017 жылға дейін ана өлімі 4,3 пайызға, бала өлімі мөлшермен 3 пайызға азайған. 1990 жылы 1 жасқа дейінгі 9696 бала қайтыс болған. Бұл сол жылы туған бала санының 26,4 пайызын құрайды. Дәл осы жылы тірі туған 100 мың балаға шаққандағы ана өлімі 55-ті көрсеткен. Ал 2016 жылы бала өлімі 8,6 пайызды құраса, ана өлімі туған 100 мың бала бойынша 12,7-ге сәйкес келген.

Мамандардың айтуынша, демографиялық өсімді арттыру бойынша жұмыстар осы қарқынмен жалғасатын болса, елімізде 2050 жылға қарай халық саны 24 миллионнан асады. 2050 жылға қарай болжам бойынша Қазақстанда халық саны 24,5 млн адамды құрайды. Бүгінгі демография қарқыны сақталып қалар болса, оңтүстік аймақтардағы тұрғындар саны 5,2 млн адамға көбейіп, орналасу тығыздығы солтүстік облыстарға қарағанда 4 есеге дерлік асып кетуі ықтимал.


Елдің экономикалық әлеуеті, әлеуметтік қорғалуы мен медициналық қызмет сапасы жақсарған сайын демографиялық жағдай да оңала түспек. Осы күнге дейін Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі бала мен ана өлімі көрсеткішін азайту болып келді.


Биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында 1 жасқа дейінгі 2117 сәби шетінеген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті мәлімдеді. Былтыр қаңтар-тамыз айлары аралығында елімізде 2140 сәби шетінеген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі сәбилердің көз жұмуы 1,1% кеміген.2018 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша, нәресте өлімі көрсеткіші 1000 сәбиге шаққанда 8,09 жағдайды құрайды.Сәби өлімінің негізгі себебі – перинаталды кезеңде пайда болған жағдай. Дәл осы себеппен қаңтар-тамыз айтары аралығында 1078 нәресте шетінеген. Туабітті ауытқу себебінен шетінеген нәресте саны – 418, ал тыныс алу жолдары ауруы салдарынан шетінегендер саны – 140. Оқыс оқиға, улану және жарақат алу салдарынан шетінеген сәбилер саңы – 95.


Елбасы үнемі осы мәселені қозғаған кезде қателікке бой алдырмауды тапсырады. Осы бағытта үнемі тынбай жұмыс істеу мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен 2030 жылға дейін жүзеге асатын Отбасылық-гендерлік саясат жөніндегі концепция іске қосылған болатын. Әлеуметтік төлемдердің жыл сайын артуы – отбасылық-демографиялық ахуалға да оң әсер етуде. Басты мәселе – медициналық қызмет көрсету сапасының артуы. Бұл тұрғыдан соңғы 10 жылда ана өлімі – 3,7 пайызға, бала өлімі – 1,5 пайызға дейін төмендеді. Бұл көрсеткішті жылдан жылға төмендету – басты міндеттердің бірі. 


Айым Нұр  


 




Көрілген: 825    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.10.2018, 23:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31