Жетісу жетістіктері

Астанадағы жас отбасылардың саны артып келеді

  • Астанадағы жас отбасылардың саны артып келеді

    Астанадағы жас отбасылардың саны артып келеді

 Елімізде 2013 жылдан бері Отбасы күні аталып келеді. Ол күздің алғашқы айындағы екінші жексенбіде мерекеленеді. Бұл мейрам әр азамат үшін ғана емес, тұтастай еліміз үшін маңызды. Отбасы әркім үшін сүйеніш, берік қамал. Мемлекеттік отбасылық саясат Қазақстанның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады және отбасының өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық құқықтық, ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету қағидаттары, бағалаулары және шаралары жүйесін білдіреді. Осы орайда гендерлік стратегияны іске асыру жұмыстары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде жол ашты. Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаты тұжырымдамасы жас отбасылардың көбеюіне септігін тигізуде. 


2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындыларына сәйкес елордада 5454 неке тіркелген.


Өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген неке саны 4960-ты құрады. Осылайша, Астанадағы жас отбасылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқанын байқауға болады.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің АХАТ бөлімі жетекшісі Бахытгүл Шайкенованың мәліметтеріне сүйенсек, қала тұрғындары бұрынғыға қарағанда ересек жасында некеге тұруға бел буады. Осылайша соңғы 20 жыл ішінде некеге тұрудың орташа жасы шамамен 10 жылға өскен. Бүгінгі таңда елорда жастары жасы 25-тен асқанда отбасы құруды жөн деп санайды.

«Қазіргі таңда жастар бұл мәселені барынша таразылап, отбасы құрады. Бойжеткендер мен ер азаматтар есейген сайын балаларына, жанұясына көп көңіл бөлуге тырысады. Бұдан 10-20 жыл бұрын ата-аналар балаларымен өсетін. Егер 2000 жылдардың басында неке тұру жасы 20-21 жас болса, бүгін бұл көрсеткіш шамамен 7-10 жылға ұлғайып отыр. Қазіргі таңда бұл тұрғыда 25+ жасы кең таралған. Жастар көбіне 28-30 жасында некеге тұрады. Кейбірі тіпті 33 жасында үйленеді», - дейді Б. Шайкенова.

Сондай-ақ, спикер қазіргі кезде ер азаматтардың өзінен бірнеше жасқа үлкен бойжеткендерді жұбайы етіп таңдайтынын айтады.

«Бұрын қалыңдықтың жасы кішірек болса, қазір көбіне күйеу жігіт жасырақ. Ер азаматтар өзінен бір-екі жасқа ғана емес, 5-10 жасқа үлкен бойжеткендерге үйленеді», - деп атап өтті Бахытгүл Шайкенова.

Сонымен қатар Астананың жас тұрғындарының шетелдік азаматтармен отбасы құратын жағдайлары жиіледі.

«Көбіне бойжеткендер шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығады. Біздің қыздар Африка елдерінің азаматтарын жар етіп таңдайтын жағдайлар аз емес. Таң қалатыны жоқ. Қазіргі кезде шекара ашық емес пе?! Біздің елдің азаматтары шетелге жиі шығып, жиі саяхаттайтын болды. Әлемнің түкпір-түкпірінде Қазақстан жайлы жақсы білетін болды», - деді спикер.

Айта кетейік, «Неке және отбасы» туралы ҚР заңына сәйкес, ер және әйел адамдар 18 жастан бастап некеге тұра алады. Белгілі себептерге байланысты жергілікті АХАТ органдары неке жасын 2 жасқа ғана азайтады.




Көрілген: 909    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 10:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30