Аяулым Мейрамханқызы: Аспан – арман мекені

Аяулым Мейрамханқызы: Аспан – арман мекені

Аяулым Мейрамханқызы 2007 жылы наурыз айының 28-і күні Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. 2012 жылы мектеп табалдырығын аттады. Сол уақыттан бастап түрлі сайыстарға қатысуға машықтанып келеді. 8 жасынан өлең жазып, шығармашылықпен айналыса бастады. Әсіресе тіл-әдебиетке құштарлығы басым. Мәнерлер оқу сайыстарында, ғылыми жоба қоруғауда, дебат байқауында  бірнеше рет жеңіске жеткен. 2015 жылы алғаш рет «9 мамыр» деген өлеңі «Аягөз жаңалықтары» газетінде жарияланды. «Мөлдір сана» газетінде шығармалары жарық көрді. Республикалық басылымдарда да өлеңдері жиі жарияланып тұрады. Қазіргі уақытта Абайдың қара сөздерін түгелдей жатқа оқып және әр-түрлі мәдени іс-шараларда жүргізуші болып жүр. Биыл республикалық Абай қара сөздерін жатқа оқудан «Бас жүлде», алтын медаль иегері атанды. Болашақта тіл маманы, журналист болуды армандайды.

 

Аспан – арман мекені 

Арман мекен – аспанымның құрағы,

Атқан арай, таласта таң қылаңы.

Көк аспаным шабытыма айналған,

Түйіседі сол көкпенен бұлағы.

 

Армандаймын аспаныма қараумен,

Аспан түсі теңдес біздің жалаумен.

Шектеседі көк торғылмен арманым,

Бұлттар көшіп, қонады өз қалаумен.

 

Ақ бұлттары сұрғылттанып, жас тамар.

Бұл жастардан қуанады басқалар.

Сұрғылт түскен бұлттардан көк аспаным

Жасы үшін аулақ кетіп жасқанар.

 

Аспан лебі тәуелсіз бар жандарға,

Жарық беріп, бізді оятар таңдарда.

Тереземнен пейзаж көрем салынған,

Ұстаушы ем, әттең биік заңғарда...


 

Әр таңыма қуанам! 

Әр таңымда оянғанға қуанам.

Зымыраса бұл уақыт та қуарам.

Арайлаған әр таңымның еншісі,

Бозғылт тартқан аспан дер ем құбылам.

 

Таңым атса Күн берер бір көмегін,

Жарық беріп, елге нұрын төгетін.

Шығыстан күн шығып келе жатқанда

Ең алдымен заңғар тауым көретін.

 

Бақ пен нұрға бөлей білер шұғыла,

Бозғылт тартар кеш батарда құбыла.

Таласпен-ақ таңмен бірге бозторғай,

Ән шырқаумен сайрай білер жұмыла.

 

Қыран бүркіт аспанымда қалықтар,

Ұшуына атқан таң ғой қарыптар.

Күн бейнесі тәуелсіздік нышаны,

Күн астында біз, тәуелсіз халықтар!


 

Табиғат, неткен көркем едің? 

Табиғат, саған жетпес сұлулық.

Асқар тауың берді аямай жылулық.

Сылдыр еткен бұлағыңның әсем үні

Бермей-ақ тұр жайқалғанға бек солулық.

 

Мақтан етем, табиғатын қазағымның.

Жасыл шөбі шүйгіндей-ақ ғажабының.

Жалаң аяқ кешіп өтсе сол шүйгінді,

Танданамын, ақ үрпектей тазалығын.

 

Ескен желдің үнінен-ақ шабыттанам,

Бұлбұл менен бозторғайды-ай қалықтаған.

Таза ауаның қарқынымен дем алысам,

Табиғатқа қараудан тек жалықпағам.

 

Салқын өзен, шомылу да бір ғанибет,

Көркем жерін еліңнің де тез тани кет.

Сырын әлі табиғаттың аша алмаспыз,

Білеміз тек,табиғат бұл әз әнибет!


 

Қазақстан – атамекенім! 

Қазақстан – кең байтағым, атамекен.

Көзбен көрсем тұңғиыққа батады екем.

Атырапта жасыл шөп, жусан белің,

Құмарланып қараумен жатады екем.

 

Туған елім, төскей бел – Қазақстан,

Саяхаттап үлгерместей – Ғажабстан.

Әсемдікке бөленіп, қарауменен

Күн де батып бөлене алмай, жаза құшқан.

 

Қызғалдақ пен Раушанымның иісі бөлек,

Адамдарды құштарлықпен сырға бөлеп,

Марал менен киіктердің бір тобыры

Қорықтар да олар үшін таудай көмек.

 

Басып келем шүйгін шөбін туған елдің,

Неткен көркем, әр тасы да арқа белдің.

Қызғанамын мөлдір, асау бұлақты,

Асыл тастай әдемісің, көркі жердің!


 

Түн 

Қара түске боялып, түн түнерді,

Түнергені қайыстырар мүмкін елді.

Ақ сәулелі ақша бұлттың орнына,

Қатқыл қара бұлт келіп, жер күңерді.

 

Әдемісі айлы түннің жарқыраған,

Айлы түнде ағаштарым қалтыраған.

Асау толқын әлсін ұрып кеткендей,

Әсем гүлдер дірілменен шарқұраған.

 

Сырлас әрі досым мұңдас – толған айым,

Үнсіз түнде ай білердей жалған жайын.

Қарауменен айым көктен келбетіме,

Тыныштықта сырын шертер солған сайын.

 

Жарқ етіп-ақ аспаннан жұлдыз аққан,

Шамшырағын баяулатып жерге жаққан.

Ай мен жұлдыз түнегінде кезіккенде,

Мөлдір сезім айта алмастан таңы атқан.


 

Қара шаңырақ астында... 

Отбасым бар, бақытқа тек бөлеген,

Анам, әкем - Қыз Жібек пен Төлеген.

Шаңырағы шайқалмастай бақыт-нұр,

Қуаныш пен шаттықка мен бөленем.

 

Әкемнің көп шаңырақта еңбегі,

Батылдықпен сынақтарды жеңбегі.

Алақаны ыстық шіркін анамның,

Отбасымды гүлдендірер кең лебі.

 

Әпкелерім отауының шырағы,

Білінбестей бізден алыс,жырағы.

Қайратты да, күш-қуаты серпілген,

Аташымның таңдай атқан қылаңы.

 

Шаңырақтың астындағы бақ құсы.

Әлемдегі байлықтың бір шаттысы.

Адамдықта асыл, мұнар қазына,

Отбасының ащысы мен тәттісі!


 

Қайғы! 

Бітпес пенде қайғы мен мұң-наласы.

Іште жүрек шытынап жан - жарасы.

Бірі жылап, жалғыздықтан шаршауменен,

Бірі түрме, соттың бұл бір заңнамасы.

 

Қуаныш, қайғы әркез тек қатар жүрген,

Қайғы бірақ пендеге қатал күлген.

Бұл өмірде ең ауыр зат, қайғы шегу,

Махаббат пен қарсылықты қатар сүрген.

 

Ғұмырда сұм ажал да айтып келмес,

Бұрынғыдай езу-күлкі қайтып келмес.

Адамды адам етіп жаратқанда,

Алла енді қайта алудан тайқып кетпес.

 

Қайғы деген – бастамасы сынақтың,

Еріксізден өзіңді сен сынаттың,

Ғұмырына төзе алмаған адамды-ай

Тәңір өзің шыдамасты құлаттың...


 

Ел ынтымағы 

Ынтымағы келіскен бұл елімнің,

Көк шалғынды берекелі жерімнің,

Асан Қайғы, Біржан Салдар туған ел

Ошағы ғой, бақыт құсы белімнің.

 

Тәуелсіздік бірлікпенен бекіген,

Араз болған ағайындар кеміген.

Тату болып, достық өмір бітпесе,

Көп ел болу жақсы емес пе кемінен?

 

Татулықта адамзат та бақытты.

Қолда барда қадір етер жақұтты.

Хайуан екеш, хайуандар да бір болар,

Бос жібермей, харекет қыл уақытты.

 

Мен сүйемін, Отан берік қамалын,

Араға да қосқан бөлмей жаманын.

Ынтымақтан алыстамай ағайын,

Қадірлейік бұл ынтымақ қадамын!


 

Абай кемесі 

Асқан терең сыншылдық.

Зар жылатқан күңшілдік.

Абай атам арқылы,

Орын тапқан шыншылдық.

Жылқы айдасқан ұрылар,

Жазаға бір ұрынар.

Тапқан ұры Абайға,

Кек сақтаумен жұлынар.

Қызғанышпен ағайын,

Қарсы айдатқан талайын.

Шыдауменен Абай-ақ,

Адалға жиған маңайын.

Төрелікті жат көрген,

Өнерінен бақ көрген.

Тартыс пенен таласты

Жапа-жалғыз хақ көрген.

Абай атам нақ тұлға,

Оны өзіңнен жат қылма.

Келіспейтін қазақтар,

Одан асқан тапқыр ма?!


 

Жарқын болашақ! 

Болашағы қолында ел жастарының,

Қосылуы жарқын етер бастарының.

Әділетшіл болашаққа бағдар болар,

Қолдауменен паш етеміз жас қарымын.

 

Болашағым арманымның бейнесі,

Бастап келер сол арманның күймесі.

Жастар іші көмкерілген өнермен.

Сол өнердің шешерлік көп түймесі.

 

Халқымыз бар сенім артқан біздерге.

Үміт ақтап, алғыс жауар сіздерге.

Шетел асып, оқуына түскендер,

Сұлтан болып кетпесе екен түздерге.

 

Саналылық қалыптасса бойыңда,

Мән болмайды құмар мынау ойында.

Алып шығар білімге тек құштарлық.

Білім қуу бар ма сенің ойыңда?


 

Сұлулық символы 

Сұлулыққа символ қылам қыздарды,

Мінездері ауыр бірақ, ызғарлы.

Қыз деген бұл – ана болу ұрпаққа.

Ыстық леппен, ерітердей мұздарды.

 

Тұңғиыққа батырардай көздері,

Жүрегінен жылы шығар сөздері.

Болашақта ана болу бақыты,

Жаңа өмірге қадам басып, төзбегі.

 

Батыр шығар қыздардан да аянбай.

Әлия, Мәншүк мылтықтарын таянды-ай.

Қыз дегенді нәзік гүлге теңерсің,

Қазақ қызы сұлу шіркін Баяндай.

 

Шуағындай аппақ таңның нұрланар,

Қылығымен қыздар тіпті бұлданар.

Ауыр айтқан әрбір қызға - опасыз,

Біз мұңайсақ, шуақ күн де сұрланар...


 

Дос пейілі 

Шын дос табу өміріңнің жеңісі.

Адалдықтың талмай тапқан жемісі.

Тек сол досың бұлт шалғанда басыңды,

Жалғыз тастап, қажып кетсе мезісі.

 

Тон пішетін сыртымыздан дұшпаны,

Адамдықтың арсыздықты құшқаны.

Тәңірдің бұл жазған басқа бір дерті,

Адал досқа алдамшыны қосқаны.

 

Алдамшы дос кір тырнаққа татымас,

Алдауменен арбап жүрген қатынас.

Ондай достың не керегі өмірге?!

Мейірім мен дос пейілге жаты рас.

 

Алтын қазық, достың болу мұңдасы.

Серік болу, еш сатпайтын құрдасы

Сырлас, достық сынақпенен жалғасар,

Қиын сәтте, жалғыздықта қолдашы!..

 

 Жалғыздық 

Жалғыздықтан жапа шеккен – тірі өлік.

Жалғыз пенде тынған шығар сірә өліп.

Ағайын мен дос-жарансыз өмір жоқ,

Ол жалғыздың бойында көп күнә өріп.

 

Қапашылық басында бар жалғыздың,

Өтей алмай бір бөлігін қарыздың.

Ғұмырында пенде үшін көбею,

Бір бөлшегі Алла берген маңыздың.

 

Бақыт құсы шаңырақта - ынтымақ.

Кейбіреулер «байлық» деумен тантымақ.

Теріс жолға түсірме сен ниетті,

Адалдыққа  бу беліңді қаттырақ.

 

Ақ пейілің мол болғаны бойыңда,

Түсіреді жүгін тұрған мойында.

Жалғыздықтан құтылуға амал бар,

Таза болса көңіл терең ойыңда.


 

Адамшылық маңызы 

Адам үшін көп өмірдің маңызы,

Ғұмыр берген Алла – әлем абызы.

Тастақ жолда ширықтырар пендені,

Өткерсе деп, адамшылық қарызды.

 

Маңызы бір - оқу-білім ғажабы,

Екіншісі – зұлымдықтың азабы.

Жеңе білсе өсек-аян, азғынды,

Үшіншіде – елдің болмас мазағы.

 

Отан үшін жан берісу батырша,

Ықыласын елге мынау татырса.

Қара ниет адамдардың пиғылын,

Көздеріне шұқып тұрып батырса.

 

Әр қилы бар, бірі – таза, бірі – жауыз.

Ойында тек жауыздардың үлкен хауыз.

Адамшылық маңыздарды терең ойла,

Жаман қылып, шектететін улы ауыз...


 

Бетегелі елімнің тарыққаны... 

Ескі заман, ел намысын қорлатқан,

Әйелі мен балаларын сорлатқан.

Күресумен ер-азамат  айбатпен

Мынау жатқан жауы шапқан қалмақтан.

 

Әйел жесір, күйеуінен айрылған.

Бала жетім, үмітінен қайрылған.

Кедей-кепшік бір үміт деп батырын,

Өлім-жітік сол жалыннан тайдырған.

 

Аштық болды, сынақтың бір қанауы.

Бір бидайды ет асқандай санауы.

Бір-бірінің етін жеумен күн кешті,

Қатқан нан да мүмкін еді жарауы.

 

Арман жоқ қой, бізге мынау кеңдікте,

Жауың да жоқ ұлтпен бірге теңдікте.

Тәтті сыйдың қуанышы Тәңір берген,

Зобалаң мен дұшпан кегін жеңдік міне!


 

Ауылымды аңсаймын... 

Ауылымды аңсаймын, жазық дала.

Ауылыма теңеспестей ойсыз қала.

Шүйгін шөп пен асқар тауы қазынасы,

Бірақ ауыл ауыл болмас қойсыз - нала.

 

Көлі мөлдір, тұңғиыққа батырардай.

Көзің осы кең жазыққа сатылардай.

Табиғаттың көркеміне көзді сұқсаң,

Сол күйінде көзді балғын қатырардай.

 

Даласында қазағымның көш орнаған,

Жері менен аспан легін көк қарнаған.

Азап пенен қайғыны да бір бөлісіп,

Қалмақ пенен жоңғарлар да көп қорлаған.

 

Мақтасам да, тең келместей еш маржан.

Кең жазықтан шыққаны бар көк тарлан

Қайран жұрттан аты шулы қазақ дейтін,

Күресуден жан жоқ болған тоқтаған!


 

Өмір – тартыс... 

Өмір – тартыс, қиындықпен ұштасқан,

Бірі – жаман, бірі – адалмен тұстасқан.

Адамды сол тартыс үшін жаратып,

Біреу баймен не кедеймен ұстасқан.

 

Тартыс атты бәрін дерлік қажытар,

Жалғыздықтан жан-дүние қаңытар.

Кең болса да қанша адам пейілі,

Тартысында ағайынның маңы тар.

 

Өмір заңы – күн көріспен алысу,

Басқаменен асып кетсе жарысу.

Ең аяғы қиын өткел сынағы,

Ажалына берілумен қарысу.

 

Тартысқанда, алысарда бар өлім.

Қазысумен алысады кім көрін?

Тек алға деп өмірімен байласар,

Ойлайтындар көрі емес, кір төрін.


 

Шабытымды асқақтатар – саяхат! 

Шабытымды асқақтатар – саяхат,

Ұшуын-ай, қыран қанат жая қап.

Саяхаттап, тамсанғанда еліме,

Жақындардан үйілер көп, мая хат.

 

Саяхаттау шетел асып, белеске,

Өз еліңмен өзге түсер кеңеске.

Қазақ пенен басқа ұлтты таңдасып,

Екіден бір шетел жақсы демес пе?!

 

Шабытыммен қоса өмір сүремін.

Қыдырыста шабыт ала жүремін.

Бұл өмірім нұрын шашып күлгенде,

Мен де сезіп, шабыттана күлемін.

 

Елді тану – тарихыммен табысу.                                                      

Тың ақпарат, жаһанменен  танысу.

Тарих – ана, ата-баба кеніші,

Тарихыңнан болмас қазақ қалысу.


 

Жалғанменен өмір сүрме!

Жалғанменен күресуден ғажап жоқ,

Жан бергенде қиналмастан таза боп.

Өміріңде қиын дерлік жаза болса,

Артық одан ар қинайтын жаза жоқ.             

 

Шындықта да сәті бар мойындамас,

Оңайлықпен жара болып, жойыла алмас.

Әр адамның ішіндегі жан-жарасын,

Болар деп те ешбірі ойына алмас.

 

Жасырса да, ар-ұяты қысардай.

Жара салған әр адамға тұсаудай.

Ішіңдегі аш хайуаның оянып,

Шындығыңды байлап алған құрсаудай.

 

Тереңдегі ақиқаттың айғағы,

Сыртқа шықса әрбіреудің жаймағы.

Бес күнде бұл не көрмейді адамзат?

Жалған сөздер өмірдің бір тайғағы.


 

Тоғызға да аяқ бастық... 

Өсудеміз, қанат қағып балғындар,

Бірге енді аяқ басқан сол жылдар...

Ойнап шаттық-күлкіменен арманда,

Бақыт нұры төгілгендей мол жылдар.

 

Сағынам да келмес кеткен жылдарды.

Бір естіп-ақ жатқа оқыр жырларды.

Құрбы болып, қыздарменен ойында,

Қуыршаққа ақтарылған сырларды.

 

Сыныптастар, қиындыққа шыдаған.

Баға үшін басу айта жылаған.

Қиналып-ақ есептерден қажуда,

Бас қатумен бір-бірінен сұраған.

 

Талай тарау бірге өткізген жылдарым,

Әр досымның танып білгем қырларын.

Жатсынбастан көңілдене сөйлесіп,

Сыныптастар айтар мұнды сырларын...

  

Ғажайып бұл өмірде... 

Шыңға шықса жетелер,

Білім деген – ғажайып.

Ұғуға оны жете ме ел?

Білімділер азайып.

Жолды қуар Абай айтқан

Шет ғылымын іздесіп,

«Ондайыңды талай айтқан,

Қарсымыз тек біз!» десіп.

Мен тілеймін болашақты,

Жас ұрпақтан табылар.

Көрсетпесе сол азапты

Надандықтан қағынар,

Біз біргеміз, ерен еңбек

Өз жемісін береді.

Білімділер бәрін жеңбек,

Елге асылын төгеді!


 

Ақиқат, растық жолында... 

Ақиқат пен растықтың

Ара жігін ажырат,

Ойнамақ пен мастықтың

Қуғандарын қалжырат.

Жете білер ер бар ма?

Ақиқаттың түбіне.

Әлде елім енжар ма?

Шындығынан сүріне.

Қажай білем шындыққа,

Кімді болсын, бәрін де.

Сене білген ынжыққа

Жас пенен бұл кәрін де.

Кеземін тек ақиқатты,

Жалғанменен күресіп.

Алдамшы ел хақиқатты

Табар мен бар, тіресіп!


Еріншектің ертеңі 

Жалқаулықпен ұштасқан,

Адамзат бұл қаншама?!

Ертеңімен достасқан

Қасірет қой баршаңа.

Адал еңбек, ерінбей,

Жәһаннамға ерлігің.

Жат ұйқыға берілмей,

Жеңбес сені керлігің.

Болашақты бастарда,

Жалқаулықтан құтылу.

Ондай олақ жастарда

Ұйқылыққа ұмтылу.

Ашып жаңа жолыңды,

Ұрпағыңа аманат.

Қозғалт жалқау қолыңды

Болмас үшін жаманат!


 

Шырт ұйқыда жатқанда... 

Шырт ұйқыда жатқанда,

Зымырайды бұл уақыт.

Түстің отын жаққанда,

Өмір емес, бұл – жақұт.

Ғажайып ел түсімде,

Еш ауру мен сойқансыз.

Күлкі лебі жүзімде,

Қайғырудан тойғанбыз.

Шымырлайды денем де

Қиял біткен ұйқыда.

Бұл түсіме сенем бе?

Қиял деп-ақ құйғыта.

Ұйқы лебі бұзылмай,

Қиялымды жалғасам.

Бұл дертіміз созылмай,

Әсем елді барласам...


 

Шат көңілім шадыман... 

Шат көңілім шадыман.

Армандаудан жалықпас,

Күдіктене қамығам.

Арман жоқ қой қамықпас.

Мұратым бар талмайтын,

Шат өмірді сүруге.

Білімге еш тоймайтын,

Білімгер боп жүруге.

Шат көңілім шадыман.

Дамыған бұл заманда.

Ескі заман зарынан

Құтылғанбыз аманда.

Тәуелсіз біз қазақпыз,

Бақыт кешіп бүгінде.

Ел қызығар ғажаппыз,

Нұрлы жарық күнімде!


 

Лаулап жанған от кеудем... 

Лаулап жанған от кеудем.

Жалынымнан шоқ терген.

Үміт үзбей бұралып,

Болашаққа нық сенген.

 

Қазір жастық, сергекпіз.

Қылыш ала сермекпіз.

Жалын атқан жастық шақ

Оқу үшін терлеппіз.

 

Жанар кеудем білімге,

Оқуға машық тілім де.

Жазар қол мен ұғар бас,

Керегі осы білімде.

 

Лаулаған бұл жүректе,

Ақыл оты түлеп пе?

Білім шыңын жетелей,

Инемен құм күреп пе?


 

Балалықтың өзгеруі 

Балалықтың өзгеруі – бір әттең.

Ызақорлық шыға келер бір мәрттен.

Айналасын қоршайтұғын әлемде

Тайталасар балалар да ойшыл қартпен.

 

Жалғыздықпен тұсауланған айнала.

Дос табар бар өзі үшін пайдаға.

Ересекке бір міндет те қиындық,

Адал досын пайдаланар жай ғана.

 

Әлем бе екен, әлде адам тозған ба?

Абай айтқан бес дұшпаның озған ба?

Дос пейілі шынтуайтта білінер,

Қиын шақта қолдың ұшын созғанда.

 

Міне, адам балалықтан өзгерер,

Бала жаста араласпай өзгемен.

Ісіңменен дәлелдегей мәрттікті

Құр ақталма тілге келген сөзбенен!


Тарих –тағдыр! 

Тарих – тағдыр, біздер жолын жалғайтын.

Тарихымды  жаңашылдап самғайтын.

Кей ұлының аты шықпай қалса да,

Тарих, дәстүр ғасырлардан қалмайтын.

 

Аңызбенен ұштасатын мәңгіге,

Толық тарих мың күн дерлік әңгіме.

Сол тарихтан ешқашанда қалмайтын,

Жалғасады әр әңгіме ән кіре.

 

Ауыр толқын, біз көрмеген жаңадан.

Қиын шақтар, жұт адамды қанаған.

Әр болыс пен бидің нағыз қаһары,

Жатақтарды қан аққанша талаған.

 

Тағы бір сәт, махаббат ол дастаны,

Көрсек шіркін, сол бір ескі таспаны.

Махаббатта жан берісер күресіп,

Талай болған ол шақтағы жас саны.

 

Шын махаббат ескі ғасыр айғағы.

Екі ғашық күрескендік тайғағы.

Қазір мынау, алдамшының әлегі,

Махаббатшыл жандар шығар қайдағы...


 

Ата-баба үрдісі 

Ата-баба үрдісі, осы күнде сақталған.

Ұрпақ жасап жоралғы, ата жолы ақталған.

Әр елдің бар үрдісі өзіндік бір қағида,

Тең келмейді қазаққа салт-санасы мақталған.

 

Қонақжайлық - думандата қарсы алар,

Бар көршіге қазан асып, жар салар.

Отыз күндей ойын-тойын жасаумен

Жұрт қадамы отыздан соң тарқалар.

 

Ақ келіннің ақ жолыңды басқаны,

Алғаш күннен сәлем бере сасқаны,

Келін түсер үйдің оты лаулаумен

Қайын жақтың қолы ұзарып, асқаны.

 

Шілдехана – сәби келер шаттықта.

Сәби келсе той жасасу жаттық па?

Шат көңілмен бала өскен мереке.

Тәтті бақыт содан асқан таттық па?


 

Халық мұңы 

Халық мұңы – ұлылардың айтысы,

Ескі халық зарламаған қай қысы?

Қазір дамып, ел қатары артса да,

«Аңырамас ел жоқ» деген қай кісі?

 

Оба дейтін індет болған ескіде.

Сол індетті ашып айта кесті ме?

Ғасырлар да жылжып ары жалғасар

Қайта айналып келгендейміз ескіге.

 

Вирус лаңы, әлі тарқай қоймаған.

Көбеюмен жұғындыны жоймаған.

Бірақ қайтіп жойылары беймәлім,

Жұрт астыртын әрекетте тойлаған.

 

Дерттен кеткен қадірліміз қаншама,

Ақ халатты қорғандырар жар сала.

Індетті біз басымызға тілемей,

Сақтануды ұғындырам баршаңа!


 

Табиғатпен тілдессем... 

Табиғатпен тілдесе дала заңын қорғаймын.

Әр алуан тілдеске жылы лебіз жолдаймын.

Қыр талабын білерлік саналылық қалыпта

Табиғаттың ішінде бір рөлімді сомдаймын.

 

Ормандағы ғажапты іштей бірге сезіне,

Жануардың түйсігін қарай білем көзіне.

Әр тарапта жаманат тарай білер қалай да,

Жаманатты шын демей, сене білме сөзіне.

 

Қоршаған бұл әлемде сиқыр болса молынан,

Бірақ өмір ақиқат, келмес адам қолынан.

Хайуанатпен сөйлесе, әлем атты өзгерер,

Хайуан деуге қимаймын, Жаратқанның қорынан.

 

Тас дәуірі өткелі жабайылық азайды.

Ел-жұрт атты кезектен салды мұнар сарайды.

Табиғатқа кесапат, адам үшін залалы

Тартқан екен қырыла әлемінен сазайды.


 

Жаман дос көлеңке... 

Жаман достың көлеңкесі ашылар.

Ішіндегі арам, надан шашылар.

Қулықпенен іріткілеп әркімді,

Адалдарды бір-бірінен қашырар.

 

Басымызды күн шалғанда кетпейді,

Бұлттанғанда жанымызға жетпейді.

Қиындықта досты жалғыз тастамау

Айтыларлық дос арасы «серт» дейді.

 

Әр тарап бар, мынау жалған заманда,

Құлаққа тек естілер сөз «жаманда».

Доссыз көңіл өлім , өмір арасы,

Оны ұғар жаман досың сараң да.

 

Жақсы достың жауы жоқтық белгісі.

Нұр-шапағын келер алып келгісі.

Жоқтың бәрін адалына әкеліп,

Бар байлығын төгіп досқа бергісі.

 

Надандардың аты шабар, атағы озбас 

Қараңғы біткен наданға,

Көлегейлеп сараң да.

Білім үшін азды-көп

Мейлі, баспас қадам да.

Жуандықпен таласа

Ұрпақтары тараса,

Алтынменен аптаса

Кетуші еді жараса.

Кітап ашпас өмірі.

Байлық дейтін көңілі.

Иесінің артынан,

Былықтанар өңірі.

Мансап, атақ керегі.

Ішінде жоқ зерегі.

Биіктен елге қараумен

Желге ұшар желегі.

 

Көрсеқызар арамдар! 

Көрсеқызар арамдар,

Мүлкін тыққан сараңдар.

Қызғанышқа бой алмай,

Ақылға бас жарандар!

Біреу алтын тапса да,

Біреу тауар сатса да,

Артынан сол адамның

Өсек-өтірік тастама!

Ағайынның ішінде.

Болар сондай пішін де.

Үлкендер де үйретіп,

Жасы менен кішін де.

Көрсеқызар болғаның

Арамдыққа толғаның.

Ағайын-жұрт алдында

Сарғайып тек солғаның...


 

Үміт пен күдік 

Үміт бір сәт, күдік болып шақта осы қарайған.

Жақсы күнді күтуменен ел асыға сарғайған.

Ауру-сырқау көбейіп, ел ылаңы дауласа,

Бай атаулы корғанып, ауру шығар малайдан.

 

Игі-жақсы үзілді, үміт еткен өмірге.

Байқамай да қалыппыз, кеткен асыл өлімге.

Әр тарапта қызбалық, қызық өмір келместе,

Ауыр қайғы шеккізер вирус барлық өңірде.

 

Жеткені ме халқымның, сәтсіз тарап белеске?

Індетпенен арпалыс, жүргенміз егесте.

Жаңалықта өлім көп, айтар суыт хабарлар,

Мәлім етер дәрігер халықпенен кеңесте.

 

Күндіз-түні үй қамақ, екпе алған құтылар,

Ел тыңдаса игі еді, құдалармен құтырар.

Шаһар үшін дегендер, тойтарыста сыбанған

Әр қазақтың қамы үшін батылдыққа ұмтылар!

Аяулым Мейрамханқызы,
Аягөз қаласындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп

жанындағы интернаттың 9-сынып оқушысы. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста