Гендерлік саясат

Әйел адамның табиғаты еркекке қарағанда ерекше

  • Әйел адамның табиғаты еркекке қарағанда  ерекше

    Әйел адамның табиғаты еркекке қарағанда ерекше

Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Әйелдер мәселесі – қоғамдағы әйелдердің жағдайына ден қою, қоғам өмірінің барлық саласында әйел мен еркектің тең құқылығына қол жеткізу, ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу, саяси, әлеуметтік қайшылықтар мен кикілжіңдерді жеңу. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы ойшылдар әйелдер қозғалысын ер адамдармен бірдей азаматтық және саяси құқыққа тең дәрежеде қол жеткізу мәселелерін шешу ретінде қарастырды.


Әйел – өмірдің мағынасы, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Осы мақсатта қылмыстық заңнамада әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесі қарастырылған. Қылмыстық кодексінің ерекше бөлігінде 10-нан аса баптарда, әйелдерге қарсы жасалған іс-әрекеттер қылмыстық құқықбұзушылық болып табылатыны көрсетіліп, олар бойынша тиісті жазалар қарастырылған. 


Е.С. Қосмұратов,  Астана қалалық сотының судьясы: –  ҚК-нің 152-бабының 2-бөлігінде, әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмаған адаммен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтатқаны үшін, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.


Немесе әйелдердің жыныс бостандығына қарсы жасалған әрекеттер бойынша да, ҚК-нің 120,121-баптарында қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған.


Қылмыстық іс бойынша күдікті, айыпталушы, сондай-ақ куә, жәбірленуші ретінде өтетін жүкті әйелдер, шақыру бойынша дәлелді себептермен келмесе де, олар қылмыстық қудалау органдарына немесе сотқа күштеп әкелінуге жатпайды.


Және, ҚК-нің 54-бабының 7-тармағына сәйкес, көрінеу жүктi әйелге қатысты жасаған қылмыс, кінәлі адамға қатысты қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай болып табылады.


Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.


Және қолданыстағы қылмыстық заңда да, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiміне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында тең екендігі көрсетілген.


Алайда, әйелдердің құқықтарын қорғау аясында қылмыстық заңда, олармен жасалған қылмыстарға, ер адамға қарағанда жеңілрек жаза тағайындау көзделген.


Мәселен, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін әйелдерге, өлім жазасы не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Және олар, жазаларын ер адамға қарағанда қылмыстық-атқару жүйесінің жеңілрек мекемелерінде өтейді.


Қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу секілді жазалар жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге тағайындалмайды. Сонымен қатар, бас бостандығын шектеуге сотталған осы санаттағы әйелдер, мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.


Және, қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, егер олар жәбірленушімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы қарастырылған. Осындай әйелдерге, жасаған қылмыстары үшін сотпен тағайындалған жаза мерзімін өзгелерден қарағанда аз уақыт өтеген жағдайда, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.


Қылмыстық заңда, онша ауыр емес, орташа және ауыр санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін сотталған жүкті әйелдерге үкім бойынша жазаны өтеуін бір жылға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Ал жас балалары бар сотталған әйелдерге жазасын орындауды бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкіндігі көрсетілген.


Және, ҚК-нің 53-бабының 3),4)-тармақтарына сәйкес, қылмыс жасаған әйелдердің жүкті болуы, жас балаларының болуы, оларға қатысты қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып табылады.


Былтыр, 2016 жылдың 13 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң қабылданған.


Аталған заң бойынша, ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, елу жастағы және ол жастан асқан әйелдер, әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердің жесiрлерi, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдер жазадан босатылады. Ауыр қылмыстар үшiн сотталғандары, осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің жартысына, ал аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталғандары, өтелмеген жазалары, бестен біріне қысқартылған.


Бұл заңда, қылмыстық заңнама аясында әйелдердің құқықтарын тікелей қорғауға бағытталған, осының нәтижесінде қылмыс жасаған және жазасын өтеп жүрген көптеген әйелдер қылмыстық жауапкерліктен босатылып, бостандыққа шыққан.


 


 




Көрілген: 761    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.10.2018, 19:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31