Әйел әлсіздігімен, нәзіктігімен-ақ мықты

Әйел әлсіздігімен, нәзіктігімен-ақ мықты

Қазіргі таңда Қазақстандағы әйелдер қауымына мемлекет тарапынан біршама қолдау да, жәрдем де көрсетіліп келеді. Соның ішінде әйелдердің жұмыспен қамтылуына, көпбалалы аналардың жәрдемақы алуына, жұмыс орындарында әйелдерге кемсітушіліктің болмауына, ерлер тарапынан әйелдерге күш көрсетуге жол бермеуге барынша жағдай жасалуда. Ал әйелдер өздерінің құқытары қорғаулы үшін, ер адамдармен терезелері тең, отбасылары берік болуы үшін не істеуі керек, Қазіргі заманда әйелдер қауымы қандай болуы шарт . Осы мәселеге тоқталып көрейік.
Көпшілікке мәлім, Елбасы саясатының бір тармағы әйелдер мен жас отбасыларға қамқорлық жасау, яғни гендерлік теңдікті дұрыс насихаттауға келіп саяды. Елімізде гендерлік теңдік мәселесіне қатысты түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарына қосылған. 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын қабылдау және іске асыру тек әйелдердің ғана емес, сонымен қатар ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қарауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ҚР 2030 жылға дейінгі гендерлік теңдік және отбасы тұжырымдамасы да жүйелі жүзеге асырылуда.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, отбасының беріктігіне, ер мен әйелдің теңдігіне, қоғамда ажырасу, зорлық-зомбылық секілді жағымсыз жайттардың болмауына, жетім-жесірлердің азаюына белгілі бір деңгейде гендерлік қатынастар моделі елеулі әсер етеді. Гендерлік теңдік деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болады екен. Осылайша, қазіргі заманға сай берік отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік теңдікке қол жеткізу қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың ажырамас процесі деуге әбден болады.
Әйел – отбасының алтын қазығы. Мемлекеттік қызметте, басшылық орында, жалпы қай салада болсын, әйелдер қауымының орны ерекше. Бүгінде еліміздегі арулар, аналар саясатта, бизнес пен әлеуметтік салаларда белсенді еңбек етіп келеді. Сондай-ақ әрбір әйелдің арманы әрі міндеті – дүниеге бала әкелу, ұрпақ тәрбиелеу. Осындай өмірдегі ең маңызды міндеттер әйелге текке жүктелмесе керек. Өйткені олар әрлайым нәзік те биязы қалыптарын сақтайды, айналасындағыларға жылылық сыйлай алады. Бұл қасиеттер тек әйел затына тән, олар сонысымен де сұлу, әлсіздігімен мықты. Сондықтан да психологтардың айтуынша, әйел заты ерлерге ұқсамайтындығымен ерекше.
Бүгінде Қазақстанның әр өңірлерінде әйелдерге арналған дағдарыс орталықтары, аналар үйі, түрлі психологиялық кеңестер беретін орталықтар жұмыс істеп жатыр. Осындай орталықтарда жұмыс істейтін мамандар қазіргі нарық заманында әйелдер қауымының сауатты болуына, отбасын сақтап қалуына, өз құқығын қорғай білуге, балаларына жақсы тәрбие беруге үйретеді.
Қазіргі кезде отбасылардың ажырасуы, ер адамдардың әйелін, бала-шағасын тастап, басқаға кетуі, әйелдердің жесір, балалардың жетім қалуы немесе отбасында табыстың болмауы, жасөсіпірімдердің қылмысқа баруы,жас қыздардың ерте жүкті болып, жасанды түсік жасатуы немесе баланы туып, қоқысқа тастап кетуі, басқа да түрлі жағдайлар біздің қоғамда бар. Осындай жағдайларды алдын алу үшін ең алдымен әйел адам өзін өзі дамытып, өзінің де, отбасының да үйлесімде өмір сүруіне жағдай жасау керек. Бұл туралы таяуда ашылған Алматы қаласындағы Әйелдер орталығының жетекшісі Балқия Балтабаева ханым былай дейді:
– Ең алдымен әйел өз құқығын өзі қорғай білуі керек. Өзіне зорлық көрсетілуіне жол бермеуге тиіс. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, қаржылық жағынан тәуелсіз болуға, отбасын құру мен ана болуға шешімді саналы түрде қабылдауға, өзіне өзі сенімді, өз мүмкіндіктерін саралай білуге барынша ұмтылуы қажет. Әйел адам қашан да өзін-өзі дамытуға, білімін арттыруға, иамынын күшейтуге тырысқанда ғана түрлі қиындықтарды жеңе алады. Ол үшін әрине, ізденіс керек. Өзінің мүмкіндігі, сауаты жетпесе, мамандарға жүгіну артық етпейді. Қазіргі заман ақпараттар ағымының заманы. Оқимын, ізденемін деген адамға сан мыңдаған мүмкіндіктер берілген, тек соны пайдалана білсек болғаны. Әйел өзінің отбасылық жағдайының нашар екенін біреуге айтып, көз жасын көл қылатын уақыт емес қазір. Қазір әйел адамның қай жерде қателескенін өзі біліп, себебін анықтап, оны түзету үшін әрекетке көшетін заман. Біздің Алматыдағы Әйелдер орталығы ашылғалы мыңдаған қыз-келіншектерден түрлі мазмұндағы хаттар ағылып келеді. Жан сырын ешкімге айта алмай, мұңын шаққан әйелдердің көз жасын сүртіп, тек кеңес берумен шектелмейміз. Олардың өзгеруіне, өз мүмкіндіктерін барынша пайдалануға, ойларын өзгертуге тырысамыз. Орталығымыздың жұмыс істегеніне аз ғана уақыт болса, да, шаңырағы шайқалуға аз қалған отбасылардың сақталуына, өмірден түңілген әйелдердің өмірге деген құштарлықтарын арттыруға себепкер болдық.
Ата-бабаларымыздан келе жатқан өсиет бойынша да, әйел заты қашанда өзінің нәзіктігімен, даналығымен ғана ер адамды қасында ұстай алады. Егер әйел нәзіктігін жоғалтып, өзін ер азамат секілді өктем, дөректі ұстайтын болса, ол өзіне ғана емес, айналасындағыларға да өте ерсі екенін түсінуі керек. Шалбар киген әйелден етегі төмен көйлек киген әйел әдемі, темекі шеккен әйелден, саусақтары майысып, іс тіккен әйел әдемі, ішімдік ішкен әйелден, ерінің шайын құйып, дастарханын жайнатып қоятын әйел әдемі. Өйткені әйел – ең алдымен азаматының жары, балаларының анасы, одан кейін ғана кәсіпкер, іскер әйел, саясаткер, бастық екендерін ұмытпағаны жөн. Әйел өз орнын бірген отбасында ғана береке болады. Қазіргі заманда іскер әйел, ең алдымен ол – табысты әйел. Жұмыс уақытын дұрыс жоспарлайтын, өмірде не қалайтынын, өз алдына қойған мақсатын анық білетін жан. Іскер де табысты болу оңай емес. Оған күнделікті еңбек пен өзін-өзі кемелдендірудің арқасында қол жеткізуге болады. Осы мақсатта әйелдер үшін таймменеджмент, тұлғалық қалыптасу, коучинг бойынша көптеген іскерлік-сағаттар мен тренингдер өткізіледі. Іскер жандар соларға уақыт тауып қатысып отырса, еш ұтылмайды.
Ал гендерлік теңдік жайлы айтар болсақ, адамзаттың өркендеуі, қоғамның тұрақты дамуы үшін ер мен әйелдің барлық жерде бірге, бір деңгейде болғаны маңызды. Ер мен әйелдің бір-біріне үстемдік етуі, бірін-бірі төмендетуі ешкімге ешқандай пайда әкелмейді. Әйел мен еркек – бір бүтін. Бірі бірінсіз өмір сүре алмайды, өйткені екеуі біріккенде ғана үйлесім табады.
Айым Нұр

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста