Жетісу жетістіктері

Әйелдердің әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы үлесі зор

  • Әйелдердің әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы үлесі зор

    Әйелдердің әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы үлесі зор

 ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, бүгінде әйелдер қауымы әлемдегі көптеген саяси және әлеуметтік мәселелерді шешу, жанжалдарды реттеу, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қоғамның өмірі мен әл-ауқатын жақсартуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл ең алдымен, еліміздегі әйелдерге қатысты мемлекет саясатының жемісі. Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы кезеңінде әйелдерге, ана мен балаға қатысты мәселелер бойынша алғашқы қоғамдық маңызды құрылымдар құрылды, бағдарламалар мен тұжырымдамалар жасалды. Солардың бірі – .Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама іске қосылғалы, еліміздегі әйелдер қауымының белсенділігі артты. 


«Қазақстан гендерлік теңдік саласындағы барлық негізге алынатын құжаттарды ратификациялады және олардың бағдарлары практикалық тұрғыда стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда дамыған. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде халықаралық қоғамдастықтың белсенді қолдауымен Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады». дейді Елбасы. Осы орайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, Еуропалық одақ, Тұңғыш Президент қоры, Еуразиялық медиа форум бірлесіп, 2018 жылдың қыркүйек айында Астанада «Ауғанстандағы әйелдердің құқы мен мүмкіндігін кеңейту» атты аймақтық конференция өткізген болатын. Мұндай форматтағы жиын соңғы бес жылда Вашингтон, Осло, Кабул қалаларында өткен. Мұнда Мемелкеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде аймақтық ынтымақтастық аясында халықаралық бизнесті тарту арқылы ауған әйелдерінің кәсіпкерлігін дамытудың кешенді бағдарламасын қабылдауды, сонымен бірге, Орталық Азия мен Ауғанстандағы белсенді әйелдер тобын құруды ұсынды. Ол сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстан әйелдерінің билік пен экономиканың өзге салаларындағы үлесіне тоқталды.


«Қазақстан әйелдерінің 50 пайыздан астамы мемлекеттік органдарда жұмыс істейді. Ал Парламент Мәжілісіндегі әйелдер үлесі 27 пайызды құрайды. Қазақстанда шағын және орта бизнестің 44 пайызын әйелдер басқарады, олар аталған сектордағы барлық жұмыс орындарының үштен бір бөлігі деді Г.Әбдіхалықова.

Қазақстандағы нәзікжандылардың жағдайын айта келіп, мемлекеттік хатшы Ауғанстандағы әйелдерге қандай қолдау қажеттігіне де тоқталды.

Көпшілікке мәлім, Ауғанстан кедей мемлекеттердің қатарына жатады. Ресми дерек бойынша бұл елде халықтың 35 пайызы жұмыссыз. Әсіресе, әйелдер арасында жұмыссыздық мәселесі кезек күттірмей шешуді талап етеді. Себебі, бұл елдегі әйелдердің 12 пайызы ғана сауатты. Ал елдің тәліптер табаны тиген аймағында 7-9 жастағы қыздарды тұрмысқа беру «салты» әлі де сақталып отыр, олардың 65 пайызы босану кезінде көз жұмады екен.


Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. – Қазақстан екіжақты тұрғыда коммерциялық жүк пен энергетика транзиті және логистикасы, автомобиль және темір¬жолдар салу, пайдалы қазбаларды өңдіру саласындағы ынтымақтастыққа дайын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан 1 мың ауған студентін оқытуға өзіне міндеттеме алып, оған 50 миллион доллар бөлді, – деген министр Қазақстан Ауғанстанды Орталық Азия елдерімен экономикалық байланыстарға тартуды қолдайтынын жеткізді. Ол үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдылығын қамтамасыз ету, нақты экономикалық жобаларды жүзеге асыру мақсатында халықаралық бизнес жұмылдырылған кешенді бағдарлама қабылдануы қажет.


Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның айтуынша, Ауғанстан жастарына арналған 5 жылдық білім беру бағдарламасы аясында жыл сайын 100 адам еліміздегі жоғары оқу орындарына түсіп отырды. Қазір бұл бағдарлама өз мәресіне жеткендіктен, бағдарламаны 30 ауғанстандықты оқытуға дейін қысқарту көзделіп отыр. Алайда бұл шешім білім алғысы келетін жастар санына еш әсер етпейді екен. «Себебі, олар Қазақстанда ғана емес, Өзбекстан, Жапония, Еуропада білім ала алады. Бүгінде өзбекстандық әріптестеріміз өз елдерінде ауған жастарын оқытып жатыр екен. Жапония да білім беру жобаларында Ауғанстанға үлкен көмек беріп отыр. Ал Еуропалық одақ білім беру грантының алғашқы кезеңіне 2 млн еуро бөлуге дайын. Яғни, бұл жұмыс жалғаса береді» деген Дариға Назарбаевв Ауғанстан жастарына бөлінетін білім гранттарының 50 пайызын қыздарға бөлуді ұсынды."Әйел өмірге бала әкеледі және оған ең алғашқы тәрбие беріп, мінезін қалыптастырады. Сондықтан, әйел білімді болуы керек. Білімді әйел баласына өз махаббаты мен мейірімін берумен қатар, дүниетанымын қалыптастырады", деді ол. 


Айым НҰР 




Көрілген: 1016    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.09.2018, 11:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30