Әйелсіз қоғамның дамуын елестету мүмкін емес

Әйелсіз қоғамның дамуын елестету мүмкін емес

Қоғамның бет алысы әйел затының тәрбиесі мен әдебіне байланысты. Өйткені, баланы дүниеге алып келетін, құрсаққа біткеннен бастап бастап негізгі тәрбиені сіңдіртетін осы әйел заты. Бұл жаратылыс – нәзік әрі сұлу, іштей күшті, қылықты, сезімтал, айналасын ақылымен және айласымен гүлдендіріп, болмаса, түнертіп отыратын күшке ие.  Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз – ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігі мен мейірім, махаббатын береді. Әлемнің көптеген елдерінде аналар мерекесі аталып өтеді. Қазақстанда да Елбасы 2012 жылы Ана күнін жариялау жайлы ұсыныс айтып, бекіткен болатын. Бүгінде әлемнің 50-ден астам елінде аталып өтетінін мереке біздің елімізде қыркүйек айының үшінші демалысына белгілеген. Аналар күнін атап өтудегі мақсат – ұрпақты аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ананың қоғамдағы орнын, ең құдіретті жан екенін ұғындырып, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Қазіргі таңда әйелдер қауымы мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, түрлі салада табысты еңбек етуде. Олар ер азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігімен, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үлестерін қосып жүр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы қаласы бойынша филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетованың айтуы бойынша, корпорацияның Алматы қаласы филиалында жұмыс істейтін 1533 қызметкердің 773-і әйелдер. Олар – бүгінгі аналар мен болашақ аналар. Ешқандайда қызмет, атақ-абырой әйел үшін «Ана» деген сөзден артық емес. Олар өздері ана болғандықтан, аналар жағдайын жақсы түсінеді. Аналарға арналған қызмет түрлерін барынша жетілдіріп, аналарға оңтайлы болу жағына өз үлесін қосып жүр. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» аналар үшін жыл басынан бері проактивті қызмет түрлерін ұсынуда. Ұсынылған қызмет бойынша, жыл басынан бері босанған 22409 ананың 19294-і мобилдік үкіметке тіркелген. Олардың 6786-ы қызметті проактивті түрде алуға ниет білдірген. Нәтижесінде 5345 баланың туу туралы куәлігін, 870 жәрдемақыны және 1883 балабақша кезегіне қоюды проактивті түрде жүзеге асырған. Сондай-ақ, корпорация арқылы қаладағы 9139 көп балалы анаға жәрдемақы төленіп отыр. Олардың ішінде 4453-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» және т.б. белгілердің иегерлері. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі алтын босағасы мен сүйкімді перзенті.

Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйел-өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Олардың қоғамдағы, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Олай дейтінім, әйел алдымен отбасының ұйытқысы, ең бастысы «ана» деген киелі ұғымның иегері сұлулықтың символы. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларында бар ауыртпашылықты арқалап жүрген әйелдер. Еліміз тәуелсіздігін алып, тұғырымыз биіктеген тұста Қазақстан 1998 жылы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1677 Жарлығымен 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссиясы жемісті жұмыс атқарып келеді. Мұның өзі қоғамдағы барлық әйелдердің қорғансыз қалмайтындығының белгісі.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста