Бақытжан Әлімқұлов: КІМ БОЛАМ?

Бақытжан Әлімқұлов: КІМ БОЛАМ?

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қаңтар айындағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тіл білу үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі орасан екенін, сол үшін қазақ жазушыларының үздік шығармаларын және шетелдік қаламгерлердің балаларға арналған таңдаулы туындыларын да аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн екенін атап өткен болатын.

Түптеп қараған адамға қазақ тілінің дамуы балалар әдебиетімен, оны балабақшадан бастап бүлдіршіндерге оқытып, бойларына сіңіру арқылы іске асатыны белгілі. Жасөскіндерге арналған кітаптарды шығару ісінде мемлекет тарапынан жасалып жатқан істер баршылық.  Осы салаға тың серпін беріп, одан ары ілгерілету мақсатында 2021 жыл «Балалар әдебиетін қолдау жылы» деп жарияланып отыр. Әрине әдебиеттің дамуы бір жылдың айналасында шешілетін мәселе емес. Үнемі даму үстінде заманмен бірге ілгерілеп отырады. Бүлдіршіндерге арнап жазатын қаламгерлердің жауапкершілігі, оларға қойылатын талап та өте жоғар. Өйткені бала жаны нәзік, әлі қалыптасып үлгермеген, айналадағы құбылыстарды қабылдап қорытуы да бөлек болады. Сәби жүрегіндегі арманға қанат бітіріп, дұрысы мен бұрысын саралап, баланың жан-дүниесіне әсер еттіндей шығарма тудыру үшін бүлдіршіндердің психологиясын, қызығушылығын, дамуын жіті біліп, терең зерттеген ақын-жазушылар ғана мықты туынды тудыра алады.

Бүгін «Балаларға базарлық» айдарына Бақытжан Әлімқұловтың өлеңдерін жарияладық. Ұсынылған өлеңдер балалардың оқып, жаттап алуына ыңғайлы, тілі жеңіл, тәрбиелік мәңі зор.

 

Бақытжан Советұлы Әлімқұлов Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келеген.  ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. Мамандығы – журналист. Еңбек жолын «Санат» баспасында редактор болып бастап, «Ара – Шмель» сықақ журналында фельетонист, «Қазақстан – Тараз» телевидениесінде редактор және Қазақ радиосының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарды.  

Қазіргі таңда Жамбыл радиосының жетекшісі. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Сатирик-ақын. Жазған өлеңдері мен сықақтары облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып жүр. «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты (Е.Әбдірамановпен бірге) құрастырған кітабы, «Мен де бірдеңе дейінші», «Ерін туралы ертегі» атты сықақтар жинағы жарық көрген.

 

 

 

КІМ БОЛАМ?

– Мен суретші болам деп,
Асқар шықты мақтанып.
– Кез келген сурет салам деп,
Жүрді біраз шаттанып.
Бірақ салған суретін,
Түсінбеді ешкім де.
Салса адам келбетін
Ұқсамады ешкімге.
Намыстанып ол енді
– Ақын болам мен, – деді,
Жақсы жазам өлеңді.
– Сенбесең оқып көр, – деді
Сөйтті де көп сабылмай,
Өлеңге кетті кірісіп.
Бірақ ұйқас табылмай,
Шекесі қалды тырысып.
Біраз өзін әурелеп,
Көргенменен болмады.
Жазып еді өлеңді,
Көңілі еш толмады.
Шаршап одан ақыры
Қолын бір-ақ сілтеді.
Отырмай ми қатырып,
– Шофер болам мен, – деді
Машинасы зырылдап,
Жатты құмдар тасылып.
Одан да бірақ тез шаршап,
Қалды көңілі басылып.
Алақайлап жіберді
Ұшақ ұшып өткенде
– Ұшқыш болам мен, – деді
Ер жігіт боп өскенде.

Осы кезде атасы
Қасына келіп Асқардың
– Талаптансаң, – деді ол,
Әрине, ұшқыш боларсың.
Мамандықтың жаманы
Болмайды егер түсінсең.
Мұратыңа жетерсің,
Көп оқып,сен көп білсең.
Таңдауың керек бірақ та
Біреуін ғана ішінен.

ҚОС ҚОШАҚАН

Атам барып базардан
Қос қошақан әкелді.
Екеуін де көз жазбай,
Маған бағу жүктелді.

Үй сенімін ақтамау,
Жігіттерге ұятты.
Қошақанды қой қылу
Бірақ қиын сияқты.

– Ертең-ақ қой болады,
Бағудан сен жалықпа,
Емізікпен сүт бергін
Аузын ашып қорықпа, –
Деген атам сөзінен
Жігерленіп кеттім мен.
Сүт беремін күніге
Тұрып алып ертеңмен.
Қошақанмен ойнаймын,
Шыққанда кең далаға.
Жем де берем бір уақыт
Кіргізіп-ап қораға.

Атам мені мақтайды
– Міне, нағыз жігіт! – деп.
Бетімнен сүйіп тастайды,
Әжем болса күліп кеп.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста