Жетісу жетістіктері

Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 40 пайызын әйелдер басқарады

  • Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 40 пайызын әйелдер басқарады

    Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 40 пайызын әйелдер басқарады

 Елбасының бес әлеуметтік бастамасы қоғамның дамуына, еліміздің өркендеуіне жаңаша бағыт бергені аян. Осы бастаманы жүзеге асырудағы маңызды дүние – мемлекеттегі адамдарды тең құқықтығы және бір-біріне деген құрметі. Президенттің бастамасы қоғамның барлық қабатын қамтитын шығармашылық және экономикалық потенциалды дамытуға бағытталған. Осы стратегияны жүзеге асыруда әйелдер қауымының рөлі өте маңызды. Бүгінде әйелдер еліміздің саяси, экономикалық, қоғамдық өміріне белсене атсалысуда. Экономикасы дамушы елдермен салыстырғанда индустриалды нарығы дамыған елдерде әйелдердің капиталға, қаржылық қызметтерге, академиялық білімдерін дамыту бағдарламаларына қол жеткізуге мүмкіндіктері зор.

Халықаралық Index of Women Entrepreneurs орталығының зерттеуінше, экономикасы дамыған елдерде кәсіпкер әйелдердің ісі алға басады екен. Жалпы алғанда рейтинг бойынша кәсіпкерлікті енді бастаған және тәжірибелі әйелдер қауымы дүниежүзі бойынша жақсы табыстарға жетуде. Дегенмен, зерттеулер көрсеткендей, экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда экономикасы енді-енді аяқтан тұрып келе жатқан елдерде кәсіпкерлік салада әйелдердің үлесі басым. Өйткені жоқшылық пен тіршілік үшін күрес экономиканың дамуына қатты әсер етеді.

Еліміздегі соңғы зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 40 пайыздан астамын әйелдер қауымы басқарады екен Жалпы жұмыс істейтін әйелдер үлесі бойынша Қазақстан әлемдік үштікке енген. Демек еліміздегі еңбек күшінің біршама бөлігі нәзік жанджы қыз-келіншектердің еншісінде.

Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мемлекеттік бағдарламалар арқылы мен халықаралық қаржы институттары арқылы іске асырылып келеді. Айталық, «Бизнестің жол картасы-2020» аясында биыл әйелдер кәсіпкерлігіндегі 244 жобаға немесе жалпы жобалардың 34 пайызына субсидия берілген. 2010 жылдан бері «Даму» қоры әйелдер бизнесіне шағын несие беру бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бүгінге дейін 1,5 мыңнан астам заемшыға 14 млрд теңгедей қаражат бөлінген. Мұндай жетістіктердің барлығы осыдан 20 жыл бұрын Президент жанынан құрылған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамаларының нәтижелі жұмысының арқасы деуге болады. Сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі де ауқымды шаруа атқарып жүр. Осы кеңестің төрайымы Лаззат Рамазанова әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін әлеуметтік маңызы бар салаларға бағыттау керек деп санайды.

БҰҰ келтірген деректерге сенсек, мемлекеттің тұрақтылығы әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтарына тікелей байланысты. Бұған дәлел ретінде көптеген зерттеулер жүргізілген. Мысалы Бостон Консалтинг групп зерттеуі көрсеткендей, әйелдер құрған компаниялар ер-азаматтар басқаратын компанияларға қарағанда, табысты көбірек табатын көрінеді. Себебі кәсіпкерлікпен айналысу әр адамның жеке мүмкіндігі мен қарым-қабілетіне, көшбасшылық қасиетіне тікелей байланысты.

Қазақстан дамуының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында Қазақстанда гендерлік теңгерімнің рөлі ең жоғары деңгейде бағаланған әрі нақты міндеттер мен көрсеткіштер белгіленген. Бұл құжаттағы басымдықтың бірі – кәсіпкерлік қызметке қажетті ресурстардың барлық түрлеріне ерлер мен әйелдердің бірдей қол жеткiзуiн қамтамасыз ету. Яғни, гендерлік аспектіде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін артыру, шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету, әйелдер кәсіпкерлігіндегі әкімшілік кедергілерді қысқарту құжатта көрсетілген негізгі міндеттер.

«Атамекен» кеңес беруші органдардың арасынан алғашқы болып Іскер әйелдер кеңесін құрған болатын. Кеңес басшысының айтуынша, екі жыл ішінде Іскер әйелдер кеңесінің аясы кеңіп, 16 өңірлік кеңес және 170 аудан орталығында кеңестер құрылған. Қазір осы кеңестерді белсенді қыз-келіншектер басқарып отыр.

«Атамекен» кәсіпкерлікке енді кіріскен және белсенді жұмыс істеп жүрген кәсіпкер әйелдерге Іскер әйелдер кеңесі арқылы түрлі қолдау көрсетіо отырады. Мұндай қолдаулар бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншісі – қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Екіншісі – әйелдер кәсіпкерлігінің білім беру бағдарламаларын іске қосу және шағын несие беру арқылы жүзеге асырылатын бизнес жобаларды қолдау. Үшінші бағыт – әйелдердің кооперациялық кәсіпкерлігін дамыту. Бұл ұзақмерзімді әрі стратегиялық бағыт. Осылайша, елімізде әйелдер әлеуетін бизнес ортаға тартуға күш салынбақ.

Қолда бар мәлімет бойынша, Қазақстанда қазір 34 әйел – Парламент депутаты. Яғни «халық қалаулыларының» жалпы санының 22 процентін арулар құрайды. Корпоративтік секторда басшы әйелдердің өкілеттігі 34 пайызға жуақ. Іскер әйелдер қатары да қарқынды көбейіп келеді. Мәселен, биылдың өзінде 1,2 млн жеке кәсіпкер тіркелсе, оның 560,9 мыңына әйелдер жетекшілік ететіні анықталған.

Гендерлік саясат тұрғысынан алғанда жоғарыдағы көрсеткіштер мақтануға тұрарлық. Дегенмен бұл дегеніміз еңбек нарығындағы ауыртпалықты аруларға арта беруге болады деген сөз емес. Қазақстан экономикасын өрге сүйреу – әйелдердің міндеті деуге де келмейді. Гендердік теңдіктің міндеті әйелдер қауымының қоғамнан шеттемей, теперіш көрмей, ерлерден алаланбай еңбекке араласа алуын қамтамасыз ету. Онсыз да отбасындағы міндеттері де аза емес, оның үстіне ерлермен қатар еңбек етіп жүрген әйелдің еркін де ескерген жөн. Елімізде әйелдер үшін декреттік демалыс үш жылға созылғанымен, балаға төленетін әлеуметтік төлем бір жылға ғана жалғасады. Сондықтан әйелдердің біразы бала бір жасқа толысымен-ақ әйелдер жұмысқа шығып кетеді. Күйеуінің бір жағынан шығып, отбасына табыс әкелу үшін әйелдер қауымы бала-шағасының қамымен қатар жұмыстан қол үзбеуге тырысады. Оның үстіне соңғы жылдары әйелдердің зейнетке шығу жасы да ұлғайып келе жатыр. Жұмыс істейтін әйелдердің қатары көбейгені жақсы-ақ, дегенмен олардың мүмкіндіктері қандай, қандай жағдайда еңбек етіп жүр, жадақылары өздеріне жете ме, осының бәрі ескерілуі тиіс. Гендерлік саясаттың да бір міндеті сол – әйелдердің түйткілді мәселелерін шешіп, тұрмыстық ауырт-палығын азайтуға ықпал ету. Әйел теңдігі оның қаншасының еңбекке араласуымен ғана өлшенбейді.

Айым Нұр




Көрілген: 793    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.10.2018, 22:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30