Балаларға базарлық

Ибрахим Әмзебек:«Таза су мәселесіне алаңдағандықтан осы жобаны ойлап табуға тырыстым»

  • Ибрахим Әмзебек:«Таза су мәселесіне алаңдағандықтан осы жобаны ойлап табуға тырыстым»

    Ибрахим Әмзебек:«Таза су мәселесіне алаңдағандықтан осы жобаны ойлап табуға тырыстым»

Ибрахим Әмзебек Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы. «Көпіршікті суды тазарту жүйесі» атты жобасы негізінде өзен мен арықтардағы жиналған қалдықтарды, қоқыстарды тазартатын арнайы құрылғы ойлап тапқан. Он бес жасар жеткіншек көше шамының энергиясын үнемдеу бағытындағы тағы бірнеше жобаның да авторы. Қоршаған ортаны қорғау, адамзат баласының табиғатқа кері әсерін болдыртпау бағытында жобалар ойлап тауып жүрген өрен «Нұр-Сұлтан қаласында өмірге келгеніммен, Алматы қаласында туылғаннан бері өмір сүремін. Отбасында төрт баланың үлкенімін, екі інім, бір қарындасым бар» дейді. Әкесі Ерлан заңгер болса, анасы үй шаруашылығында екен. Қарапайым ғана отбасында өмірге келгенімен, жахандық мәселелерді шешуді қалайтын Ибрахиммен арнайы сұхбаттасып, жобалары жайлы көбірек мағлұмат алуға тырысқан едік.


 
- Ибрахим неге суды тазартуға ден қойдыңыз? Жалпы осындай жоба ойлап табарда неге мән бересіз?
- Ең алдымен ойлап тапқан дүниемнің қоғамға қаншалықты қажетті боларына мән беремін. Бүгінде дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзатты алаңдатып отыр. Таза су қоры жыл өткен сайын азайып барады. Сусыз адамзатта тіршілік жоқ десек те, суды үнемдеу, оларды өңдеуден өткізіп қайта пайдалану мәселелеріне мән бермей отырғанымыз қынжылтады. Жалпы  экожүйелердің ластануы өмірге және планетада тұщы судың да бүлінуіне  қауіп төндіреді.  Өзендер және олармен байланысты экожүйелер бізді тамақ пен өндірістік процестерге қажетті ауыз сумен қамтамасыз етеді, сондықтан олар адамның әл-ауқаты үшін өте қажет. Таза су мәселесіне алаңдағандықтан осы жобаны ойлап табуға тырыстым. Осы орайда осындай мәселелер толғандырып, соны аяғына дейін жеткізіп, ойлап табуға ден қойдым.

- Сіз ойлап тапқан дүниенің қалай жүзеге асатынын, суды тазарту процесі қалай жүретінін түсіндіріп беріңізші...

- Біз суды тазарту үшін су көпіршіктерін пайдаланымыз. Суретте көрініп тұрғандай өзен немесе арна деп елестетейік. Біз резервуардың түбіне диагональ бойынша тесіктері бар құбыр қойдық. Ауа сорғысының көмегімен ол жерге ауа жеткізеді. Түтікшеден ауа көпіршіктері шығады, осылайша олар қоқысты әрі қарай өткізбейді. Ағынның көмегімен барлық қоқыстар бір жерге жиналады. Кейін қалдықтар сол жерден конвейердің көмегімен жиналып, шығарылады. Бұл жобаны жақында ғана дәстүрлі Х Наурыз кездесулері аясында таныстырдым. Онлайн режимде өткен биылғы мерейтойлық кездесулер «Планета және  пластик: адамзат экомәдениеті» тақырыбына арналған болатын. Су тазарту жүйесі арнайы технологияның көмегімен өзен мен арықтарда жиналған қалдықтарды автоматты түрде тазартуға көмектеседі. Алдағы уақытта су тазартуға көмектесетін жобаммен түрлі жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын. Қазір жобама патент алуға тырысып жатырмын. Бұйыртса қолға тиер деп отырмыз.

- «Көпіршікті суды тазарту жүйесін» ойлап табу кезінде, ойлап табылған дүниені сынап көрер кезде қандай қиындықтарға жолықтыңыз?

- Жобаны жүзеге асыру кезінде бізге шын өзендегідей ағыс, қозғалыс  қажет болды. Соны жүзеге асыру аздап қиындық тудырды. Кішкентай модельде үлкен өзеннің ағысының қозғалысын тудыру өте қиын. Қолымызда көп ақша болмағаннан кейін, қолда бар дүниелермен ойға алған дүниемізді жасап шығуға тырыстық. Қарапайым пластик қорапшасы, ауа насосы, яғни мектептегі қарапайым заттар пайдаландық. Сосын ойлап табылған дүниелердің қорғалып, әрі қарай сынап көріліп, жүзеге асуы тезірек болса екен деймін. Бұл өнертапқыштарды ынталандырар еді.

- «Көпіршікті суды тазарту жүйесінен» басқа қандай тағы авторлық жобаларыңыз бар?

- Easy light save жобасы. Ол көше шамдарға кететін энергияны үнемдеуге арналған.

- Осы жобаңыз туралы кеңірек айтып беріңізші?

- Көше шамдарына арнайы құрылғы қосылғаннан кейін, көше шамдары қараңғы түсу бойына автоматты түрде іске қосылып, жарық түсе салысымен өшетін болады. Яғни көше шамдары автоматты түрде басқарылады. Кейде көше шамдарының күндізгі уақытта жанып қалғанын немесе қараңғы түспей қосылып қалғанын байқаймыз. Біздің құрылғы энергияны жөнсіз шығын болудан сақтайды. Осы бір әдіс арқылы 20-пайызға дейін энергия үнемделетінін есептеп отырмыз. Бұл бірінші жобамыз тек түнде ғана істейді. Сондай-ақ үлкен трассаларда көше шамдарының тек көлік өткен кезде, қозғалыс кезінде ғана жануын қамтамасыз ететін екінші жобамыз бар. Бұл әдіс арқылы 50-пайызға дейін энергия үнемдер едік. Яғни үлкен трассада ешқандай қозғалыс жоқ кезде көше шамдары жанбайды. Үшінші бір жобамыз күн батареяларын қосқанда жүзеге асып, энергияны 90 пайыз сақтауға көмектесер еді. Бұл үш жоба әртүрлі бюджеттерге арналған үш түрлі жоба, бөлек әдістер.

- Алла қаласа, мектеп бітірген соң қай оқу орнында білім алғыңыз келеді?

- Мен Оңтүстік Калифорния университетіне оқуға түскім келеді. Өйткені мен қызығатын екі сала осы оқу орында жақсы дамыған. Олар компьютерлік бағдарламалау және 3д графика мен эффектер саласы. Өзім қызығатын саланы осы оқу орнында тереңірек білгім келеді.

- Мен үшін өнертапқыш өреннің арманы да қызық болып отыр. Арманыңыз туралы айтып беріңізші?

- Қазақстанда видео ойындар саласын дамытып, сондай жұмыс орындарын ашқым келеді. Қазір әлем елдерінде видео ойындар қарқынды дамып жатыр. Қазақстанның видео ойындар нарығында мүлдем еш үлесі жоқ. Маған видео ойындар жасау өте ұнайды. Қиын болғанымен өте қызықты сала. Мен бұл салаға қызыққаныммен жұмыс істей алмаймын. Өйткені елімізде ондай жұмыс орындары да қалыптаспаған. Сол үшін елімізде видео ойындар жасау саласын дамытып, жұмыс желілерін ашқым келеді.

- Арманыңызға жетуіңізге тілектеспін!

Қуаныш Әбілдәқызы




Көрілген: 1962    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 18:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Наурыз, 12:44
    Серік Нұғыман: ТІС

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30