«Жасыл ел» жасақшылары қала тазалығына үлес қосуда

«Жасыл ел» жасақшылары қала тазалығына үлес қосуда

Елімізде табиғатты қорғауға, тазалық мәселесіне көп көңіл бөлінген. Өйткені табиғатты сақтап, тұратын жерімізді таза ұстау адам денсаулығының басты кепіліндей. Сонымен қатар, ауыл немесе қала келбеті тек қана биік, әдемі үйлермен өлшенбейді. Елдімекенің көркіне жасыл желегі мен тазалығы үлкен үлес қосады. Мемлекетіміздің ұстанған саясатының арқасында күн сайын көркейіп келе жатқан ауыл, қалалардың көркі оның тазалығына да байланысты. Сондықтан Алматы обылысының орталығында және аудан орталықтарында түрлі жұмыстар атқарылып қаланың тазалығына баса мән берілген.
Қазақта «Тазалық табалдырықтан басталады» деген аталы сөз бар. Оның мағынасы тереңде. Өйткені халқымыз тазалыққа жіті мән беріп табалдырығы таза болса төрі де таза болатынын ескерген. Облыстағы әр аудан, ауыл елдімекендердің тұрғындары көктем мен күз мезгілдерінде сенбілікке шығуды дәстүрге айналдырғаны да сондықтан. Өйткені әрбір азамат айналасын таза ұстауға өз үлесін қосуды жөн көреді. Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін елімізде «Жасыл ел» бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл бағдарламаның негізі Тұңғыш Перезидентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша қолға алынып, елімізді гүлдендіруге үлес қосқысы келетін жастарды біріктіру іргесі қаланғанын баршамыз білеміз. Содан бері міне он-он бес жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Еліміздің түкпір-түкпірінде аталған құрылымның бөлімшелері, соның ішінде студенттер мен жастар елді мекендерді көгалдандыру мен көркейтуге және тал-теректер мен ағаштар отырғызу ісіне белсенді түрде араласып, тазалық мәселесіне өз үлестерін қосып келеді. Бұндай істердің жарқын мысалы ретінде Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстарды көптеп айтуға. Өйткені осындай жұмыстарға облыстан қомақты қаржы да бөлініп, үнемі қолдау білдіріп келеді. Осы ретте Текелі қаласының жастары атқарған игілікті істі тілге тиек етекеніміз жөн болар. Өйткені қала жастары «Жасыл ел» арқылы қала тазалығына өз үлесін үнемі қосып келеді. Атап айтсақ, биылығы «Жастар жылы» аясында «Жасыл ел» бағдарламасының жұмысын одан ары жандандыра түсу үшін басымдық берілген. Қала әкімі Бақтияр Өнербаевтың айтуына қарағанда, шаһардың көркем табиғатын сақтап, тазалығына көңіл бөлу тұрғылықты халықтың бірден-бір міндетіндей болып қалыптасып кеткен екен. Сондықтан қала әкімі өзі бастап жастармен бірге қаланың көркем табиғатын биіктен тамашалап, шабыт алуға, бой сергітіп, демалуға арналған шолу алаңы маңын қаулап өскен шөптерден тазартуға атсалысып, жадыраған жаз айында қаланың көркемдігін арттыруға күш салуда.
– «Таза болса маңымыз сау болады тәніміз» – деп дана қазақ халқымыз айтпақшы, «Жасыл ел» жасақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септіктерін тигізіп, тазалық барысында игілікті істердің үлгісі болып келеді. Қоғамға пайдасын тигізу тұрғысында аянбайтын жасақшыларымыздың жұмысы жандана береді» - дейді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Алтайұлы.

Нұрлы Еділов
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста