Жетісу жауһарлары таныстырылды

Жетісу жауһарлары таныстырылды

Жуырда Алматыдағы «Атакент» орталығында халықаралық KITF-2019 көрмесі өтті. Оған 350-ге жуық отандық және шетелдік туристік компания қатысты. Қазіргі таңда дүниежүзінде туризм индустриясының дамуы ерекше қарқын алды. Сондықтан әлем елдері өздерінің туристік әлеуетін барынша насихаттауға күш салуда. Бұл жұмыстарға халықаралық KITF көрмесінің қосып жатқан үлесі аз емес. 

Аталған көрме биыл осымен 19-шы рет ұйымдастырылып отыр. Онда әлемнің 25 елінде орын тепкен көрікті жерлер жан-жақты таныстырылды. Демалуға да, ем алуға да қолайлы шипажайлар, заманауи емханалар, көне ескерткіштерге бай тарихи жерлер туралы ақпараттар келушілерді бейжай қалдырмады. Сонымен қатар, көрме барысында туризм саласындағы мамандар өзара тәжірибе алмасып, семинар-тренингтер өткізеді. Бірлескен келісімшарттарға қол қойылып, әріптестік және іскерлік байланыстар нығая түседі. Мұндай ауқымды шара отандық туризмнің дамуына өз септігін тигізетіні анық.
Көрме залында еліміздің көрікті жерлері барынша жарнамаланды. Әсіресе, Жетісудың тұмса табиғатына арналған арнайы стенд қызықты әрі тартымды болды. Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы аймақтың туристік әлеуетін кең көлемде таныстырды. «Шарын», «Алтынемел», «Іле Алатауы», «Көлсай» ұлттық саябақтары, Алакөл шипажайындағы заманауи қонақ үйлер және тағы басқа емдік-сауықтыру орталықтары туралы ақпараттар келушілердің назарына ұсынылды. Сондай-ақ көрме аясында туризм саласына арналған бірқатар семинар кеңестер өткізілді.
– KITF халықаралық көрмесіне біз жыл сайын қатысамыз. Бір жағынан мұнда өзіміздің туристік нысандарымызды жарнамаласақ, екінші жағынан маман ретінде көптеген тәжірибелерге қаныға түсеміз.
Бүгінгі таңда облыстың туризм саласы қанатын кеңге жайып келеді. Әлемдік стандартқа сай демалыс орындары бой көтеруде. Соның арқасында туристер легі де көбейіп келеді. Мәселен, өткен жылы Алакөл шипажайына келген туристер саны бір миллионнан асып жығылды. Аймақта қысқы демалысқа арналған тау-шаңғы курорттары да жоғары сұранысқа ие. Әсіресе, шетелдіктердің экотуризмге деген қызығушылықтары басым, – дейді облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығының директоры Раушан Айнақұлова.
Екі күнге созылған халықаралық көрмеде келушілер тек Жетісудың көрікті жерлері туралы ақпараттармен ғана шектелген жоқ, сол сұлу табиғаттың аясында өздері де болып қайтты. Облыстық туризм басқармасы шетелдік фирма мен БАҚ өкілдеріне арналған «Джип тур» саяхатын ұйымдастырды. Қонақтар Шарын шатқалының әсем табиғатын тамашалап, еліміздегі экотуризмнің келешегіне зор сенім білдірді.

Болат Мәжит

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста