Гендерлік саясат

Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу кешенді түрде жүргізілуде

  • Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу кешенді түрде жүргізілуде

    Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу кешенді түрде жүргізілуде

Егенедігіміздің алғашқы күінінен баста-ақ Елбасы еліміздегі гендерлік саясатқа басымдылық беріп келеді. Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі. Былтыр Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы сәтті іске асырылып, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Яғни осы тұжырымдама еліміздегі гендерлік теңдіктің тиісті дәрежеде болуын қамтамасыз етеді. Таяуда осы гендерлік теңдік жайы Қыздар Университетінде талқыланды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының өкілі «Қазақстандағы гендерлік бағдарланған бюджеттеу» тақырыбында дәріс оқыды.

Оқу орны жанындағы Әлеуметтік және гендерлік институттың ұйымдастыруымен өткен іс-шараға білім ордласының студенттері қатысты. Г. Смайлова дәріс барысында гендерлік бағдарланған бюджеттеуді мемлекеттік бағдарламаларға, жоспарлар мен бюджет жүйесіне енгізу туралы, қазақстандық қоғамның әр мүшесінің мүддесін, мүмкіндігі мен құқығын ескере отырып, олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру жолдары туралы сөз қозғады. Ерлер мен әйелдердің еңбек төлемақысындағы кездесетін айырмашылықтар туралы да айтылды. Осы мәселеге байланысты «БҰҰ-Әйелдер» ұйымында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Лектор жиын аясында тақырыпқа сәйкес дайындалған бейнебаян мен презентацияны қатысушылар назарына ұсынды.
Дәріс соңында гендерлік мәселелер бойынша өз ойын білдіріп, пікір айтқан студенттер арнайы сыйлықпен марапатталды. Айта кетейік, аталған шара Қыздар Университеті мен «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының арасындағы өзара әріптестік келісім аясында өтіп отыр. – Бүгінде Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» ұйымы нәзікжандылардың экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктер аясын кеңейту, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою, көшбасшылық және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысу және гендерлік бюджеттендіруді енгізу бағыттарында қызмет атқарады. Біз өз бағдарламаларымыз арқылы ауылдық елдімекендерде тұратын әйелдерге қолдау көрсетіп, олардың белсенділігін арттырмақпыз. Ол үшін біз нәзікжандылардың қаржы жағынан өзгелерден тәуелсіз болуына, бизнес қызметтер мен қаржы құралдарының қолжетімді болуына көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға жағдай жасаудамыз, – деп атап өтті Гүлнар Смайлова. Оның пікірінше, Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу кешенді түрде жүргізілуде және мемлекеттік басқару процесіне, барлық шешім қабылдайтын деңгейге гендерлік тәсілді енгізу қажеттігін атап өтті.


 


Гаухар Көшербайқызы


Көрілген: 597    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.09.2018, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31