Жетісу жетістіктері

Сал ауруына шалдыққан балалар мен аналары да қамқорлыққа зәру

  • Сал ауруына шалдыққан балалар мен аналары да қамқорлыққа зәру

    Сал ауруына шалдыққан балалар мен аналары да қамқорлыққа зәру

Елімізде былтырғы жылғы есеп бойынша церебральды сал ауруына шалдыққан балалар саны 19 мыңға жеткен, өкінішке орай бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Мамандардың айтуынша, сал ауруына шалдыққан балалардың миы 8 жасқа дейін жетілетіндіктен оларды 8 жасқа дейін емдеудің маңызы зор. Осы орайда мемлекет тарапынан ана мен балаға қамқорлық жасау мақсатында қабылданған 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат бағдарламасы аясында сал ауруымен ауыратын балалар мен олардың аналарына барынша жағдай жасау қолға алынған.

Ауыр дертке шалдыққан балалардың ата-анасының бар арманы балаларының өз аяғымен жүріп, ел қатарына қосылуы. Астанадағы республикалық балаларды оңалту ұлттық орталығы сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу үшін заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық осы уақыт ішінде ДЦП-ға шалдыққан 600-ден астам баланы емдеп, ел қататрына қосқан.

Астана қаласындағы Балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры Шолпан Бөлекбаеваның айтуынша, осы орталық ашылғалы он бір жылдың ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен сал ауруына шалдыққан балалар келіп ем алған. Олар 25 күн бойы орталықта жатып түрлі ем-шараларды қабылдайды. Жылына 25 күндік айналым жылына 14 рет қайталанады. 300 орындық орталық жылына 4200 баланы қабылдайды. Бұл мекемеде баланы тек емдеп қана қоймай, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бағытта жан-жақты оңалту шаралары да кеңінен жүргізіледі. Мұнда физиотерапия, емдік жаттығу кабинеттері және протез жасайтын шағын зауыт та бар. Орталықтағы негізгі аппарат локамат, бұл Швейцариядан арнайы әкелген. Бұл құрылғы сал ауруының түрлі формаларына шалдыққан балалардың бұлшық еттерін қатайтуға, өздіктерінен жүруіне көмектеседі. Сондай-ақ армео деген аппарат баланың қолы мен иығына арналған жаттығуларды ойын арқылы істеуге мүмкіндік береді. Ауыр детті жеңіл ойын арқылы емдеу баланың көңіл-күйіне де жақсы әсер етеді.

Балалардың сал ауруына шалдығуына түрлі себептер әсер етеді, нақты бір себебі бар деп айтуға келмейді. Бұл туралы Ұлжан Сәрсенбайқызы былай дейді: – ДЦП ауруына шалдығудың себептері көп түрлі. Бұл – туғанға дейін де, туу кезінде немесе туғаннан кейін де балалар жиі шалдығатын бас миының ауруы. Яғни құрсақішілік инфекциялар, жүктілік кезіндегі әйелдің созылмалы ауруы, ана денсаулығының нашарлығы, туыт кезіндегі акушерлік жарақат, туу кезіндегі оттегінің жетіспеуінен балалардың ауыр тұншығуы себептерінен де сал ауруының дамуы мүмкін. Сондай-ақ 1-1-5 келі салмақпен туылған нәрестелердің 20-30 пайызы сал ауруына шалдығып жатады. Туғаннан кейінгі кезеңде де балалардың түрлі ауруларға шалдығуы сал ауруына әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, балалардың денесінің сарғаюы, билирубинды инцофалапатия. Балалардың сарғаюы қалыпты жағдайда 10-14 күнге дейін жалғасатын болса, кейбір балаларда 1 айға дейін сарғаюы қайтпайды. Мұндай жағдайда сарғаю мидың тініне өтіп, соның әсерінен церебральды сал ауруы дамуы мүмкін.

Дәрігерлердің айтуынша, сал ауруына шалдыққан балалар үнемі оңалту орталықтарынан ем алып, жаттығулар жасап тұруы керек. Мұндай балалардаың өмір сүру ұзақтығы ата-ананың күтіміне байланысты.

Қазіргі таңда еліміздің әр қалаларында, аудандарында ашылып жатқан оңалту орталықтары сал ауруына шалдыққан ата-аналар үшін үлкен мүмкіндіктер жасап отыр. Осы орталықтарда балалар тегін ем қабылдай алады.


 


Айнұр Нұрсабет



Көрілген: 1508    Пікірлер: 0

жұма, 07.09.2018, 14:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30