Саят Қамшыгер: Мақтаншақ қаз

Саят Қамшыгер: Мақтаншақ қаз

Балалар ақыны, жазушы-журналист «Алтын сақа» баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты, “Сары гүл”, “Жүректегі ағыстар”, “Көңіл көктемі” атты жыр кітаптарының авторы Саят Қамшыгер. Оның балаларға арналған “Менің алғашқы кітабым”, “Менің алғашқы танымым”, “Менің сүйікті әліппем” атты кiтаптары жарық көрген. Саят Қамшыгер өзге халықтар әдебиетіндегі балаларға арналған шығармаларды қазақ тіліне аударуға көңіл бөліп жүр.

Үлгі

Есіктің алдында ойнап жүрген Әли қолындағы ойыншық зымыранын лақтырып жіберіп еді, онысы тасқа соғылып, бір бөлшегі сынып түсті. Оған мән берместен қолына роботыналып, оны құмға көміп ойнады. Роботтың ішіне құм кіріп, қуаты таусылғанда оны да жайына қалдырып, пойыздың вагондарымен ойнауды бастады. Одан да тез жалықты. Қолындағысын тастай салып көрші Мағжанның ұшағына жармасты. Әли ұшақпен ойнап та жетістірмеді, лақтыра салып, енді әткеншекке қарай ұмтылды. Әткеншекте отырған кішкене Ақботаны түсіріп жіберіп, орнына өзі отырып алды.

Енді аз уақыттан соң футбол ойнап жүрген балаларға қосылып кетті. Әлиге салса барлық голды өзі салып, жалғыз өзі чемпион болғысы келеді. Біреудің аяғын басты, біреуді шалып құлатты. Әділетсіздігіне қарсы болған балалар оны ойыннан қуып жіберді. Әли не істерін білмей енді әкесі қыста тебесің деген шанасымен шаңғысын алып шықты. Шанасын асфальтқа сүйреді, шаңғысын топырақпен, таспен ысты. Бір уақта бәрін далада қалдырып, үйге кіріп, қолын жумастан компьютерге отырып, пернетақтаны саусақтарымен қатты басып ойын ойнады. Бірнеше минуттан соң орнынан тұрып, қайта далаға шығып бара жатқан Әлиді анасы тоқтатты.

-Балам, алтыным, бағанадан бері байқап жүрмін, әрнәрсенің басын шалып, мына ойыншығыңды сындырып, ана ойыншығыңды лақтырып, басқа балалармен ойнағанда да өктемдік көрсетіп, жаныңды қоярға жер таппай жүрсің. Сен өскенде батыр, азамат, жігіт боласың. Әкеңді қарашы, қандай салмақты, сабырлы. Әкеңдей ер азамат болу үшін өзіңді қазірден бастап тәрбиелеуің керек. Ойыншықтарыңды күтіп ұстап, тәртіпті болсаң, болашақта сен де үлкен жігіт, елге пайдалы тұлға боласың, Әлиім, –деді ұлына.

Әли болса өз ісіне ұялып, анасынан кешірім сұрады.

***************************************************************************************************

Таныстық

       Бірде теңіз шаяны асықпай жүзіп келе жатыпты. Алдынан сегізаяқ жолықты. Жүзінде абыржу барын байқаған теңіз шаяны сегізаяқтан мән-жайды сұрапты.

—   Жаңа ғана бір үлкен акуланы көрдім, жасырынып үлгермегенімде мені жұтып қояр еді, — деп қалтырап сегізаяқ түсіндіре бастады.

      Сол кезде бұлардың жанына шортанжақындап келді. Сегізаяқтың акуладан қорыққанынан дірілдеп тұрғанын білген шортан:

—   Акуланың түрі қорқынышты болғанымен бізге тиіспейді. Негізінде ол өте мейірімді, — деді.

     Оған теңіз шаяны мен сегізаяқ сенбеді.

—   Қатыгез де қатал акула қалайша өте мейірімді болады? Оның тістері үлкен, ауызын арандай ашқанда менің де зәрем зәр түбіне кетеді, — деді теңіз шаяны.

—   Жоқ, балдырларға оралып, шыға алмай тұрғанымда ол өткір тістерімен балдырлар мен өсімдіктерді үзіп мені босатқан еді. Акуланың тісі үлкен, түрі қорқынышты, ауызы арандай болғанымен мейірімі мол. Жүріңдер, мен сендерді оған таныстырамын, — деді шортан.

       Үшеуі акуланың жүретін жағына қарай беттеді. Көп ұзамай алдарынан акуланың өзі де көрінді. Шортан екеуі күлімдеп, жылы амандасты. Шортан оған жанындағы серіктерін таныстырды. Жаңа таныстарын көргенде акуланың езуінде күлкі, жүзінде жылу пайда болды.

—   Сендермен де дос болуға дайынмын! — деді күлімдеген акула.

      Сегізаяқ пен теңіз шаяны акула жайлы теріс ойлағандарына ұялып, бір-біріне қарады. Біреудің сыртқы түріне қарап ішкі жан дүниесіне баға бермеу керек екенін екеуі де сол сәтте ұғынды.

*****************************************************************************************************

Мақтаншақ қаз

      Тауық пен қаз дос болыпты. Қаз үнемі мақтана береді екен. Күндегі әдетінше тауықпен кездесе сала тағы да мақтана жөнелді:

– Мен адамға өте пайдалымын. Етім оларға азық болса, жүнімді көрпе, жастыққа пайдаланады. Басқа үй құстары мен жануарлардан мен артықпын, – деді қоқиланған қаз.

     Тауық үндеместен ойланып тұрды да, досына:

– Қаз досым, менімен бірге еріп жүрші, – деп алдыға түсті. Қаз балпаңдап тауықтың соңынан ерді.

    Екеуі алдымен ешкінің алдына келді. Тауық ешкіні көрсетіп:

– Мына ешкі адамға бізден де пайдалы. Сүті – ем, жүні мен терісі – киім, еті – азық. Және де ешкі оны айтып ешқашан мақтанған емес, – деді.

    Енді екеуі жылқының жанына келді. Иесі оның жалын тарап тұр еді. Тауық қазға жылқыны көрсетіп:

– Жылқыны адамдар бізден де қатты жақсы көреді. Көрдің бе, жалын тарайды, үстін жуады. Адамдарға жылқы мінсе – көлік, жесе – азық, сүті – саумал мен қымыз, яғни, сусын, – деді.

     Тауық қазды сиырға алып барды.

– Мына тұрған сиырға да сүйсінемін. Сүтінен адамдар айран, қаймақ, май, ірімшік жасап жей   ді. Еті мен терісін де игілікке пайдаланады. Сиыр деген үйдің құты ғой, – деді тауық.

    Қаз болса бағанағы мақтаншақ мінезіне ұялып қалды. Тауық:

– Қаз досым, мен көрсеткен ешкі де, жылқы мен сиыр да осындай бола тұра ешбір мақтанған емес. Өздерінің міндеттерін біліп, қарапайым өмір сүріп жатыр. «Еңбек өмірді ұзартады, мақтаншақтық бетті қызартады» деген осы, – деді.

    Содан бастап қаз мақтануын қойған екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста