Гендерлік саясат

Толық емес отбасыға мемлекеттен қандай көмек бар?

  • Толық емес отбасыға мемлекеттен қандай көмек бар?

    Толық емес отбасыға мемлекеттен қандай көмек бар?

Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаты тұжырымдамасына сәйкес елімізде тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған нақты шаралар қабылдануда.Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» аясында әйелдерді жұмыспен қамтуға ықпал етіп отыр. Сонымен қатар жалғызбасты аналар мен толық емес отбасылардың мәселесі де мемлекет назарынан тыс қалған емес. 


Баласын жалғыз өзі асырап отырған аналарға көрсетілетін жәрдемақы жөнінде Халыққа қызмет көрсету орталығы төмендегідей мәліметтер берді. 


Барлық жерге жалғызбасты ана екенін дәлелдейтін "төртінші үлгідегі" құжат қажет. Заңда белгіленген салық (0,3 АЕК – 681 теңге) төлеген соң, бес жұмыс күні ішінде қарастырылады. Дүниеге келген балаға жалпыға ортақ жәрдемақыдан бөлек, толық емес отбасыға тағайындалатын көмек түрі бар.


Заң жүзінде жалғызбасты ана емес, толық емес отбасыға көмектер қарастырылған.


18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Отбасының жиынтық кірісі төмен мөлшерде болса, әр балаға бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК 2017 жылға 2269 теңге) жәрдемақы беріледі. Ол құжат үш ай сайын жаңартылып отырылуы тиіс. Қызметте болмаса, жұмыспен қамту орталығына тіркелгеннен кейін, төмендегі құжаттарды жинап, тапсыруы қажет:


Арыз;

Жеке куәлік;

Баланың туу туралы куәлігі;

4 үлгі (Форма 4);

Толық отбасы емес екендігін дәлелдейтін құжат;

Әкетану куәлігі;

Банктің 20 санды нөмірі;

Ана мен бала бір мекен-жайда тіркелуі керек.

Жеті жұмыс күн ішінде қарастырылып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шешім қабылдайды.


Әлеуметтік мекенжайлық көмек

Мекен-жай туралы анықтама;

Арыз;

Жеке куәлік;

Туу туралы куәлік;

Отбасы құрамы туралы анықтама;

Отбасылық кіріс жөніндегі анықтама;

Жекеменшік мүліктері туралы анықтама;

4 үлгі (Форма 4);

Әкетану куәлігі;

Ажырасқан туралы куәлігі;

Жеті жұмыс күн ішінде қарастырылып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шешім қабылдайды.


Толық емес отбасы тұрғын үйге мұқтаж болса, кезекке тұра алады

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге;

Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдайтын тұрғын үйге;

Ол үшін төмендегі құжаттарды жинайсыз:

Мекен-жай туралы анықтамаңызда, Елорда мен Алматыда 3 жыл тұрғылықты тұруыңыз қажет;

Арыз;

Жеке куәлік;

Баланың туу туралы куәлігі;

4 үлгі (Форма 4);

Жәрдемақы туралы анықтама;

12 айдағы айлығы;

Баспанасы жоқ туралы анықтама;

Ажырасқандығы туралы анықтама;

Осы құжаттарды тапсырған соң, қолхат беріледі. Бір ай қарастырылып, Тұрғын-үй департаментінің шешімімен есепке алынып, кезекке қойылады.


Айнұр Нұрсабет




Көрілген: 1874    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.09.2018, 23:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31