Жетісу жетістіктері

Үлгілі отбасы – қоғам тірегі

  • Үлгілі отбасы – қоғам тірегі

    Үлгілі отбасы – қоғам тірегі

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән ұстанымдары исламдағы отбасы жайлы түсініктерге сәйкес келеді. Яғни,біздің ұғымымызда отбасы – адамның бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытатын ыстық ұя. Адам баласына бір отбасы беретін қамқорлық пен тәрбиені ешбір қоғамдық тәрбие алмастыра алмайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Ислам және отбасы» жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда жақында «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Үлгілі отбасы – қоғам тірегі» атты семинар өткізілді. Жалпы исламда әйел мен отбасы мәселесін бөліп, жармай біртұтас қарастырылады.



Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде үнемі мемлекеттің тірегі отбасы, отбасының ұйытқысы әйелдер екенін алға тартып,гендерлік жіне отбасы саясатына басымдылық беріп келеді. Осы орайда қабылданған Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы сөзіміздің дәлелі деуге болады.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов семинардың ашылу сәтінде сөз сөйлеп, іс-шараның маңызы жайлы баяндады.
Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Осы мағынасы терең мақалды басшылыққа алған аталарымыз қоғамның тірегі әрбір отбасы екенін бағзыдан біздің санамызға сіңіріп келген. Шын мәнінде отбасында береке-тыныштық болмаса азаматтардың қоғамға есе қосуы мүмкін емес. Елбасы «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді. Сондықтан «Ислам және отбасы» жылы аясында өткізіліп отырған семинарымыз халқымыздың отбасы құндылықтарын жаңғыртып, жас отбасыларға насихаттауға бағытталып отыр», - деді Асқар Мұқанов.

Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин семинарға арнайы қатысып, оның қоғамдық маңызы айырықша екенін атап өтті. «Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі ұлттық руханият екенін атап көрсеткен еді. Аталмыш семинар қоғамның ұйытқысы болған отбасы құндылықтарын насихаттап, жанұя жарасымы, біртұтас қоғам құру ісі үшін де айрықша мәнге ие. Осындай ел руханияты үшін пайдалы іс-шараны ұйымдастырып отырған ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігіне алғысымызды білдіреміз», - деді Д. Есин. Семинар аясында ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, ф.ғ.к., профессор, мәдениеттанушы, абайтанушы Омар Жәлел, «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ «Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету» бөлімінің басшысы, психолог Қойшиева Лимана, ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақбөпе Қанатқызы қатарлы білікті мамандар неке, талақ мәселелерінің шариғаттағы үкімі, халқымыздың жас отбасыларға берген тәрбиесі, әйел затының отбасындағы орны мен маңызы жайлы баяндамалар оқыды. Сонымен бірге, семинар қатысушылары тарапынан қойылған отбасы мәселелеріне байланысты сұрақтарға тұшымды жауап берді.


 


Айша Нұржан


Көрілген: 1256    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.09.2018, 10:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30