Кеңес неге Абайдан өлердей қорықты?

Кеңес неге Абайдан өлердей қорықты?

Хакім Абайдың имани жырларындағы (шығыстық) Ибраһим болмысын тану біздің маңдайымызға жазылған бақ секілді. Осы кезге дейін Абай өлеңдерін таптық, одан қалды ұлттық таныммен астастырып танып келген болсақ, жаңа үшінші мыңжылдық басталар тұста данышпанның ар ілімінің – исламиятты тану, мораль философиясы, адамгершілікті ұғыну секілді күрделі ғаламдық деңгейдегі тұжырымдарының есігі айқара ашылды. Ар ілімі – оның Шығысы. Шығыстан алған тәлімі мен тағылымы, болмысына сіңіріп, рухани құндылыққа айналдырған жауһары. Абайдың Ибраһим болмысы деп отырғанымыз – осы.

Абай шығысының шарапаты
Кежегесі кері тартқан кеңестік кезеңнің аяр саясаты болмағанда, Абай Шығысының шарапатын ерте көрер ме едік?! 1949 жылы Мәскеу арнайы қаулы шығарып, Шы­­ғысқа да, Батысқа да бас игендерді жа­за­лай­тын­ды­ғын мәлімдеді. Батысқа қарап бой түзеген еврейлер жа­за­ланды. Шығыстық тамырына тартқан, кітап жа­зып, ма­қала шығарғандардың барлығы да атылды, жа­заға тар­тылды, қудаланды. Сондықтан да Абайдың Шы­ғысын зерттеуге құлып салынды. Биліктің меха­низм­ді машинасы әуелі сол құлыпты ашып, құпиясын анық­тамақ болған про­фессор Әуелбек Қоңыратбаевты екінші мәрте Абай­дың Шығысы туралы мақала жазбақ түгіл, ауызға ал­май­тындай етіп жазалап, Қызылордаға жер аударды. Бар жа­зығы ұлы ақынның жаңа қырын – Шығыс ақындарына тән пәлсапалық өлеңдерінің та­биғи қалпын түсінуге ты­рысып, мақала жазғандығы бол­ған профессор Қоңырат­баев Қызылордада жеті жыл­дық мектепке есек­ке мініп ба­рып сабақ берді.
Абай Шығысына толықтай тосқауыл қойылған­ды­ғын түсінген ғалымдар саясаттың салқынына қарсы тұ­ра ал­мады. Тек Мұхтар Омарханұлы кеңестік ұста­ным­ға қи­ғаш­тау келіп, Абай Шығысын толық зерт­те­ме­се де, те­зиспен біраз дүниеге сілтеме жасауға ұм­тыл­ды. Және ол жұ­мысы жеміссіз қалған жоқ-тын.
Енді кемеліне келіп, ес жия бастаған Кеңес үкіметі жо­ғарыда аталған қаулыны қандай қажеттіліктен қа­был­дады? Әрине, түптің-түбі қауіптің үлкені Батыстан ке­ле­тінін олар жақсы білді. Алайда дәстүріне берік Шы­ғыстан қауіптенуінің сыры неде? Батыстың ма­те­риал­дық құн­ды­лықты басты орынға қойып, сол жолда жан аяспас әре­кеттерге баратыны олардан аяқ тартуға тура кел­гендігін ұқтырды. Дегенмен одан да қауіптісі Шы­ғыста еді. Өйткені Шығыс әрдайым өзінің дәстүр-салтымен біте қайнасып, мың жылдық өмір сүру ережесімен астас­қан саналық Тәуелсіздігіне ұм­тыл­­ған-тын. Алаш қай­рат­кер­лерінің тұсында дүр сіл­кінген саналық Тәуелсіздік Кеңес үкіметі қанатының ас­тындағы Шығыс жұртының жа­дында лап етіп жануға дайын тұрған қызыл шоқтай маздап жатты.
Сұсты Сталиннің де қорыққаны осы еді. Егер де Абай шығармашылығындағы шы­ғыс пәлсапасы ашылса, онда көшпенділер­дің тұқымын ұстап тұру мүмкін емес-тін. Тәуелді ел бола тұра, тәуелсіз ғұмыр кеше алатын жағдайға жетер еді. Ұлан-ғайыр жерді иемденген ұлттың болмысын был­ғат­пай, санасын улатпай ұлттық қорғаныш қабілеттерінің артатынын Мәскеу төрінде отырғандар анық ұғынды. Басқа-басқа, қазақ халқы саналық тәуелсіздікке қол жеткізсе, онда өзге ұлттарда толқу пайда болатыны оларға екібастан белгілі дүние еді.
Мекемтас Мырзахмет, абайтанушы ғалым:
– Докторлық диссертациямды 1989 жылы қорғадым. Сонда монография­м­ның бір тарауы осы Абайдың шығы­сына арналған болатын. Қорғау бары­сында бүкіл академик осы Абайдың шығысына қарсы болды. Маған Абай туралы диссертациямды жеті рет қор­ғат­қызбады. Ақыры қайта құру кезінде қорғап шықтым. Қазір Абайдың шығы­сынан бәрі табылып жатыр. Толық адам туралы ілімі де, исламиятты тануы, адам­гершілік туралы идеясы, мораль фило­софиясы да жүйелі түрде жазыл­ған. Қазір осы игілік өзінің жемісін бере бастады. Толық адам туралы ілімін фи­ло­­софтар әлі толық ашып бере алмады. Енді аша алмайды. Өйткені филосо­фияның тірелетін жері – материя. Ал шы­ғыстың пәлсапасының қайнары – сана. Біз өзіміздің пәлсапамызға түспе­йінше, Абайдың шығысын толық ұғына алмаймыз. Бұл – болашақтың еншісін­дегі дүние.
Абайдың исламияты
Әдебиет әлемінде «классика» деген ұғым бар. Әр халықтың талғамына қарай бұл ұғымға түсінік беруі де әртүрлі. Алайда ортақ қалыптасқан нақты бір концепция жоқ. Тек белгілісі, бүгінде «классикаға» ада­мзат баласына ортақ құндылық болып табылатын бейнелі образдар, қараны ақтың, жамандықты жақсылықтың, озбыр­лық­ты әділдіктің жеңіп шығуы секілді бү­гін­де қалыпты болған жайттар мен жаңа постмодернистік бағыттың серпін алып, адамзат баласының санасы қабылдай ал­май­тын, логикаға қайшы келетін, пенде баласына тән, алайда көпшілікке жария етуге болмайтын арсыз іс-әрекеттер (төсек қатынасының қатысы жоқ) бейнеленген туындылар да осы санатқа жатқызылып келеді. Мұның бәрі – біздің құлдық санаға тәуелді ойлау көрсеткішіміздің бір белгісі. Себебі шығыстық қалпымызға салсақ, әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері, кіл классиктері, расымен, шығыс шайырлары. Ал олардың шығармашылығына көз жү­гірт­сеңіз, арсыз іс-әрекеттер мен логикаға қайшы бейнелерді кездестірмейсіз. Нәзи­ра­гөйлік дәстүрмен, астарлап қана өмірді жырлайды. Адалдықты ту етеді. Жаратқан­ға деген махаббатын, сүйіспеншілігін ша­рапқа, қымызға теңеп, Хақ тағаланың ша­ра­патын сезінеді. Демек, осы ракурстан алып қарайтын болсақ, шығыстың класси­касы – бұл имани әдебиеттің жалпыхалық­тық сипатқа еніп, жалпақ жұрттың жүрегін­дегі Жаратушыға деген пәк сезімдеріне қозғау салып, күмәнді көңілге от жаққан туынды болуға тиіс емес пе?
Абай да жас болды, жастығына мас болды. «Тар төсекте төсіңді иіскер ме едім жалаңаш», «Салмағымнан қалсын дене жан­шылып» деп жырланған албырттық се­­зім ұлғая келе, шығыстық қалыпта «Махаб­батпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» деген пәлсапа­лық ұғымға ұласты. Оның адамгершілік қағидасы, мораль пәлсапасы қара сөзде­рін­де де анық көрініс тапты. «Жасымда ғы­лым бар деп ескермедім. Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түс­пе­ді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сер­медім» деген өлең жолдары хәкім Абайдың еуропалық ілімнен пайда таппай, қайтадан бала кезде бойына сіңірген «Физули, Шам­си, Сайқали» деп алғаш жыр жаза­тын бастапқы қалпына қайту кезеңін көр­сетеді. Не тапса да, шығыстық ілімнен, бабалардың салған саналық сүрлеуінен табатынын түйсінген данышпан осы жолды жаңа тұрпатта, Еділ мен Ертістің арасында жатқан қазақ баласына, мұқым мұсылман жамағатының қабылдау мүмкіндігіне сай тілде жеткізуге тырысты. Өзінен кейін халқының үлкен қасіретке ұшырап, сана­лық бұғауға түсерін, имани тәуелсіздігінен айырылып, жүрегін тыңдаудан қалатынын сезгендей «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп Жаратқанның барлығына, бірлі­гіне мұсылман баласы күмән келтірмеу керектігін, қасиетті Құран Кәрімнен асқан ақиқи кітап жоқтығын көркем тілмен жеткізді. Бүгінгі таңда әлемдік ғылымның түпкілікті зерттеуіне айналған «толық адам» пәлсапасы да Абайдың кеңінен тоқ­талған тұсы еді.
Биліктің Абайдан аяқ тартуы
Абай өмір сүрген тұста патша өкіметінің қазаққа тізесі қатты батты. Оны ақын жүрегімен сезінді, асқақ рухы мұқалып, жігері құм бола күйреді. Бұл бағытта кете берсе, аздаған жыл ішінде халқының жер бетінен жойылып кететінін білген Абай елдің иманын көтеру керектігін, оқып, ілім-білім үйрену қажеттігін анық сезініп, осы жолда аянбай еңбектенді. Жасырын бұйрықта патша билігі әуелі үш халықты жер бетінен жою керек деген қағида ұстан­ды. Оның біріншісі – ноғай халқы. Екіншісі – орыстардың 50 пайызын құрған Қырым татарлары. Үшіншісі – қазақтар. Бұл – тари­хи дерек. 1897 жылы қазақтар бүкіл Ресей­ге қараған түркі халықтарының 57 пайызын құраған екен. Сұрқия саясат Абайдың халқын да оңдырмады. Қазақтар үш есе азайып, 21 пайызға дейін түсті. Бі­рақ басқа халықтарға тиіспеді. Архивтен алынған деректерге қарасақ, ұйғырлар – алты есе, тәжік – бес есе, қырғыз – алты есе, түрікмен – алты есе, өзбек тіптен 12,5 есе өсімге ие болған екен. Ал қазақтар үш есе кеміп кетті. Осы ретте, «неге тек қана қа­зақ­тар кеміп кеті?» деген орынды сауал­дың бой көрсе­тетіні анық. Қазақтардан патша өкіметі неге өлердей қорықты? Себебі кең-байтақ жері бар, байлығы мол, рухы мық­ты халық қа­зақ­тар еді. Қазақты тұқыртып, сағын сын­дырса, басқа халықтар бас көте­ре алмайды деп санады. Міне, бұл – сол Абай өмір сүр­ген кезде басталған патша өкіметінің сола­қай саясатының салқыны.
Абай шығармашылығында, әсіресе оның шығыстық ілімінде толық адам бо­лып, адамгершілік идеясын ту етуі, мораль­дық пәлсапаны терең қозғап, түптің түбі қазақ халқы сана тәуелсіздігіне қол жеткізуі тиіс екендігі жан-жақты сараланды. Патша билігінен соң таққа отырған кеңестік им­перия басшылары да хәкімнің осы ілімінен өлердей қорқып, оны зерттеуге бет бұрған жанның бәрін бетқақпайлап отырды. Олардың Абайдан қорқуы да заңды болатын. Өйткені Абайдың ұлттық санасы Алашты оятты. Патша билігінің қол астында отырып жеке автономия құру идеясының да қайнар бастауында Абай тұрған. Ол халықтың тарихи санасын оятуға күш салды. Өйткені санасы тәуелсіз, тарихи жады қайта оралған халықтың құлдықтың қамытын кимейтіні анық еді.

Тарихты қалыптастыратын – уақыт. Уақыттың бейнелі көрінісі – заман. Заманның қаһарманы – сол кезеңдегі өз халқына адал еңбегімен ерекше­лен­ген тұлға. Осы тұрғыдан алсақ, Абай қазақ халқының мәңгілік қайраткер тұлғасы. Патшалы Ресейдің де, қылышынан қан сорғалаған Кеңестің де Абай­дың шығысынан аяқ тартып, шошынғаны – біртуар тұлғаның халқы үшін, қарындас қазақтың қамын ойлап жанталаса, бодан ел болса да, бос­тан­дық рухында ғұмыр кешуі үшін тер төгуі еді. Биылғы жылдың науры­зында Түркістан қаласында зиялы қауым өкілдерімен жүздескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз дінде Қожа Ахмет Ясауи ілімін алып жүруіміз қажет. Ал ұлттық философия, тіл, әдебиет мәселесінде Абай атамыздан артық жүгінеріміз жоқ. Абайдың еңбектерін көбірек оқу, насихаттау керек», – деп, салиқалы пікірін білдірген еді. Осы аталы сөзден-ақ Абай рухының қаншалықты өз ұлтына қызмет етіп келе жатқандығын һәм әлі де өзі сүйген халқының керегіне жарайтындығын бағамдауға болатындай. Ендеше, Абай біздің әрдайым қорғанышымыз болған, болып та қала бермек...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста