Ғибрат

Құрбан айтты қалай тойлағыңыз келеді?

  • Құрбан айтты қалай тойлағыңыз келеді?

    Құрбан айтты қалай тойлағыңыз келеді?

Сонымен, әр шаңырақ шама-шарқы келгенше құрбан шалып, исламға тән игі дәстүрімізді дәріптеуге дайындығымыз қалай? Құрбан айтты кім, қалай тойлағысы келеді?
Ерлан ЖАҚЫП, «АҚШЫҢ» корпорациясы президентінің кеңесшісі:
– Құрбан айтты келешекте ұжым болып тойлауға мән берсек. Жаңа жылды қарсы алғанда бәріміз жұмыла кірісіп, не істейтінімізді, қайда атап өтетінімізді бір-бірімізбен ақылдасып жататынымыз бар. Ал Құрбан айтты неге солай ұйымдастырмасқа?! Әрине, оның да өзіндік ерекшелігі, мәні бар. Есесіне, Жаңа жылға қарағанда мұның ұрпақ бойына ұялатар жақсылығы, ол ұғынар тағылымы мол ғой. Әрі үш күндік мереке, әр шаңырақ алғашқы күнде келетін қонақтарын өз үйінде қарсы алып, келесі күні ағайын-туысты аралап, үшінші күні ұжымдық Құрбан айт дастарқанына келсе қандай жарасымды болар еді деп ойлаймын.

Қазбек ҚЫДЫРБАЕВ, қала тұрғыны:

– Менің ойымша, мереке күндері халыққа қызмет көрсету түрлері енгізілсе деймін. Дәмхана-кафелер бұл күні арақ-шарап сатуды үш күнге тоқтатып, орнына сөресін қымыз, шұбат, айранға толтырып қойса, мұны жұрт қуана қабылдайтыны анық. Әрі мұның кафе иесінің беделін көтеруге ықпал етеріне шүбә жоқ.
Шұғыла МЕЙІРМАНОВА, әлеуметтік көмек көрсету орталығының логопед-маманы:
– Бір білетінім, Құрбан айтты жас отбасылар да ел қатарлы қарсы алып, қонақ күткісі келеді. Өздері де қонақ болсақ дейді. Алайда олардың барлығының жағдайы бірдей емес қой. Бірі жатақханада, бірі пәтерде тұратындықтан, айтшылап келетін ағайынды қалай қарсы алам деп қысылады. Мен ойлаймын, Құрбан айт, мұсылман қауымына ортақ мереке болғандықтан, әр қалада Наурыз мерекесіндегідей алаңдарда арнайы дастарқан жайылып, жұрт бір-біріне ізгі тілектерін арнап жатса. Көпшілік Аллаға деген тәубесін, разылығын сондай жерлерде білдіріп жатса қандай жарасымды болар еді.




Көрілген: 2790    Пікірлер: 1

жұма, 26.10.2012, 11:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қыркүйек 2011
    Ақылбайдың шапшаңдығы
    14 Қыркүйек 2011
    Ақылбайдың бел суы
    16 Қараша 2010
    Құттықтау!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30