Құттықтау!

16 қараша 2010, 13:06

«Біз халқымызды бейбітшілік пен келісімге, адам­гершілік дәстүрлерін сақтауға, қайырымдылық пен әлеу­меттік қызмет саласындағы өзара іс-әрекетке, жалпы­азаматтық жобалардағы бірлескен қызметке тағы бір шақырамыз. Біз жаһандық қауіптердің алдында өзіміздің діни сенімімізге адал болуда, әлемді құдай жаратты деген түсінігімізде, ақыр соңында жақсылық жеңеді де­ген нық сенімімізде бірміз. Ақ баталы Қазақстан үшін мұсылмандық пен православиенің рухани дәстүрлерінің маңызы айрықша және қоғамға аса қажет. Мен еліміздің мұсылман дінін ұстанатын барлық азаматын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, табыс және Отанымыздың игілігі үшін жасалатын еңбектері үшін Құдайдың асқан жомарт көмегін тілеймін!»
Астана және Қазақстанның митрополиті Александр