Ағзаңызды өзіңіз де тазарта аласыз

Ағзаңызды өзіңіз де тазарта аласыз

Ішкен-жегенің бойыңа сіңбей, мазасызданған кезде ағзаны тазартып тұрғанның пайдасы көп. Көптеген аурулардың пайда болуына шлактар мен токсиндердің жиналып қалуы себеп болады.

Сондықтан жылына екі рет, көктем мен күзде өзіңіз үйде тазартылып тұрудың ешқандай зияны жоқ. Төмендегі рецептерді мен жасы үлкен қария кісілерден алып, өзім тәжірибемнен өткізгенмін.

Сізге керегі бір қорап сенна жапырақтары, екі шөлмек холосас (үлкені болса бір шөлмегі жетеді), 200 грамм мейіз (суықтап көп ауыратын болсаңыз – қара мейіз, ішіңіз ыстық болса – сары мейіз).

Кастрюльге екі литр су құйып, оған қораптағы сенна жапырақтары мен 200 грамм мейізді салып жарты сағат қайнатасыз. Содан кейін бөлме температурасында жарты сағат қойып суытып, үстінен холосасты құясыз. Сосын жылы күйінде бір стаканын ішіп, бір-екі ас қасық мейізді жейсіз. Қалғанын банкаға құйып, бетін дәкемен жауып салқын жерге қоясыз. Бірақ тоңазытқышта сақтауға болмайды.

Осы қайнатпаны таусылғанша күніге аш қарынға бір стаканнан ішіп жүресіз. Шамамен алты сағаттан кейін ішіңіз бүріп ауырып, өте бастайды. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Бұл ішіңізде жиналып қалған зиянды заттардан тазартады. Ағзаңызды осылай тазартып алғаннан кейін екі-үш күннен кейін емделуді бастай беруіңізге болады. Шлак, токсиндерден тазарған ағзаға ем жақсы қонады.

Ағзаны қызылшаның көмегімен де тазартуға болады. Ол үшін сізге үш-төрт қызылша, екі литр қайнамаған су мен бір ас қасық шекер керек. Екі литр суға үш-төрт қызылшаны ірірек етіп турап салып, үстінен бір ас қасық шекер саласыз. Сөйтіп оны жылы жерге қоясыз. Банкінің бетін дәкемен жауып қойыңыз. Ауа кіріп тұруы керек. Қызылша қосылған сусынның беті көпірши бастаса, емдік сусыныңыз дайын болды деген сөз.

Осы сусынды күніге таңертең аш қарынға бір стаканнан ішіп жүресіз. Тамақтанардан бұрын шөлдеген кезде іше беруіңізге де болады. Бұл сусын да несеп айдап, ішіңізді жүргізеді. Ағзаңызды осылайша тазартып алғаннан кейін тамақ сіңіруіңіз жақсарып, тәбетіңіз ашылады.

Г. ҚАРАТАЙ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста