Бақбақ тамыры бүйректегі тасты ерітеді

Бақбақ тамыры бүйректегі тасты ерітеді

Алда көктемнің ең бір керемет кезі келе жатыр. Көп ұзамай айнала жасыл-желекке оранып, дала алқызыл кілемге оранады. Сол сұлулықтың ішінде сарғайып, көзге ерекше көрінетін бақбақты бәріміз білеміз. Көктемнің ең алғашқы гүлі саналатын осы сары күлтелі гүлдің көптеген ауруға шипасы бар.

Фитотерапевттер бақбақтың тамыры мен жапырақтарында кристалды тараксацин қышқылы, шырын, қант, ал тамырында 25 пайызға дейін инулин болатынын айтады. Яғни ағзаға шипа сыйлайтын осы заттар. Ғылыми медицинада бақбақтың тамыры мен шөбін тәбет ашатын, ас қорыту органдарының қызметін жақсартатын шипалық зат ретінде қолданады. Бақбақтан жасалатын дәрі-дәрмектердің адамды тыныштандыратын, аздап ұйықтататын да қасиеті бар.

Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, кейде жапырағын пайдаланады. Оның емдік қасиеті ерте кезде-ақ белгілі болған. Ол халық медицинасында кеңінен қолданылады. Тамырынан жасалған тұнба тәбет ашады, астың қорытылуын жақсартады. Сондай-ақ тері аурулары кезінде зат алмасуын реттейді. Дененің қызуын басып, тер шығарады, ішек құртын түсіретін қасиеті де бар.

Халық медицинасында өсімдіктің жаңа алынған тамыры мен ұнтақталған жапырағын қатты ісіктерге қолданады. Сонымен бірге оларды тропикалық жараға да жапсырады.

Бақбақ тамырынан алынған шырынды өт тасы мен бүйрек тасы аурулары кезінде, нефрит пен неврозға, сондай-ақ цистит, пиэлититке ұшырағанда ашқарынға 4 қасықтан ішкен дұрыс.

Бақбақ тамыры бала тастап қоя беретін әйелдерге таптырмас ем екен. Көлеңке жерде кептірілген тамырдың бір шай қасығын 1 стакан қайнаған суда бетін жауып жарты сағат тұндырып, сүзіп алу керек. Жарты стаканнан күніне 3 рет ішілуге тиіс бұл тұнбаны әр күні жаңадан әзірлеген жөн. Оны екі ай шамасында ішсе жетеді.

Бақбақ тамырынан алынған шырынды бауыр циррозы, тері сыртына шыққан бөрткендерге қарсы қолдануға да болады екен. Бірақ оны емдеуші дәрігермен кеңесіп қана жасауға болады.

Дала төсіндегі сүйкімді сары гүлдің осындай ерекше қасиеті мен пайдасы бар. Мұны да біле жүргейсіз.

Жарас ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста