Бибігүл Дәулетбекқызы:"Қазақи емнің де берері көп екен ғой"

27 шілде 2021, 11:32

Мана Инстаграмда тікелей эфирде отырып мазамның жоқтығын (ұшақта кондердің астында отырған едім), ауырып отырғанымды айттым. Сол-ақ екен оқырмандарым «қай жеріңіз?» деп сұрады. Мен жағым, құлағым, тісім, вобшым қолыммен көрсетіп айтпаймын ба?
Сөйтсем, оқырмандарым «суықтап қалғансыз ғой, мазь-пазьды жақпай, тұзды сковородкаға қуырыңыз да, матаға салып бетіңізге басыңыз» деп кеңес берді. Түнімен ұйықтай алмай шыққан едім. Үйге келіп жасадым.
Сенесіздер ме, матамен басқан сайын жаным кірді. Сөйттім де маужырап ұйықтап кетіппін. Енді тұрдым.
Мәссаған, расында ауырған жерім кетті.
Сол кеңес берген апайыма мың алғыс!
Қысқасы, енді бір жерім ауырса (құрысын, ауырмай-ақ қояйын) бірден тікелей эфирге шығып айтпасам.
Менің оқырмандарыма жететін ешкім жоқ.
Қазір күшті әңгіме жазамын. Күтіңіздер. Енді Сіздерден алыстамаймын.
Қазақи емнің де берері көп екен ғой

Фейсбук парақшасынан