Жантақ көптеген ауруға ем екен

Жантақ көптеген ауруға ем екен

Манғыстаулық құрдас досымыз Әмірxан емші xалыққа үнемі үзбей ішіңіздер дейтін шөбі ЖАНТАҚ. (верблюжья колючка) Менде үйге келген қонакка айтудан жалыққан емеспін. Жане бір пенденің айтқаны. Жантақ та жанға дәру екен.

Осыдан бірнеше жыл бұрын өтім толып қала беретін. Асқазаным қыжылдайтын да, қалаған нәрсемді жей алмай қор болатынмын. Тіпті, кейде астың сіңуінің өзі қиынға соғушы еді. Өтім толып, аузыма ащы запыранның дәмі келіп, қиналып отырғанымда үйге көптен бері көрмеген бір ағайынымыз келіп қалды.
Мазамның болмай отырғанын кіржиген қабағымнан байқаған ол кісі: «Бір жерің ауырып отыр ма?» &ndash деп сұрады. Мен өтімнің мазалайтынын айтып едім, ол: «Дәл қазір жантақтың гүлдеп жатқан кезі. Соны көп қылып орып әкеліп қой да, майдалап турап, шәй секілді демдеп ішіп жүр, аттай болып кетесің», - деді. Туысымыздың сөзіне сенер-сенбесімді білмедім. Қарттықпен бірдеңені шатастырып алса, бекерге уланып қалармын деп қорықтым. Сөйтіп ол кісіге мақұл деп бас изегенім болмаса, айтқанын орындай қойғаным жоқ.
Біраз уақыттан кейін әскерде бірге болған жігітті көшеде кездестіріп қалдым. Қала сыртында саяжайы барын айтқан ол мені сонда қонаққа шақырды. Бардым. Досым кәуап әзірледі, әйелі ет асты. Бірақ көкөністен жасалған салаттардан ғана ауыз тиіп, еттен дайындалған тағамдарды түртіп қана қойғанымды байқаған досым неге тамақ жемей отырғанымды сұрады. Мен ауруымды айтып едім, ол маған күле қарап: «Сен қорықпай жей бер, мен оны сіңдіретін нәрсе табамын», - деді.
Сонымен досым кәуапты да, бесбармақты да маған күштеп жегізді. Дәмнен кейін әйелі шәй демдеп әкелді. Дәмі өзгешелеу екен. Ішіп отырмын, қандай шәй деп сұрауға ұяламын. Не керек, қанша күшті тамақ жегеніммен сол күні мен түнде тыныш ұйықтадым. Запыран да мазаламады, асқазаным да қыжылдаған жоқ. Ертесіне қайтып бара жатқанымда досым құтыға салынған бірдеңе берді. Не екенін сұрағанымда ол: «Бұл сені ауруыңнан айықтыратын нәрсе, күніге бір стакан қайнаған суға бір шәй қасығын қосып іше бер, жақсы болып кетесің», &ndash деді. Үйге келген соң досым берген шөптен шәй демдеп, айға жуық уақыт үзбей іштім. Шынында да жағдайым түзеліп қалды. Емдік шөбім таусылған соң досыма қоңырау шалып, тағы бар ма деп сұрап едім, ол күліп: «Соның не екенін байқамағаның ба? Кәдімгі жантақ қой, соны гүлдеген кезде орып ал да, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, шай қылып іше бер, бойыңда ауру қалдырмайды», &ndash деді.
Содан бастап жаз шықса, жантақ жинап алатын болдым. Сөйтіп оны шәй ретінде ішіп жүрем. Құдайға шүкір, денсаулығым жүз пайыз жақсарып, өзім жасарып кеттім деуге болады. Жантақтың суыққа қарсы, ыстық түсіретін, жөтелді басатын, жараның аузын жиыратын, зәр айдайтын, іш қатуын болдырмайтын қасиеттері де бар екен. Іші қатып ауыратындар жантақтың алдын ала кептіріліп, ұсақталған тамырының 2 шәй қасығын 1 стакан қайнаған суға араластырып, 7 минут қайнатады. Қараңғы жерде 30 минуттай тұндырып, суытады. Содан соң осы қайнатпаның бәрін аш қарынға бірден ішіп қою керек. Ішті жақсы жүргізеді. Кейін білдік, жатыр мойнының эрозиясы, іріңді отит кезінде жантақ ваннасын қабылдау керек екен. Ол үшін 500 миллилитр қайнаған суға жантақтың 4 ас қасығын салып, оны екі сағат тұндырып қояды. Содан соң онымен ауырған жеріңізді жуасыз. Дегенмен оны пайдаланбас бұрын емдеуші дәрігеріңіздің кеңесін алғаныңыз да дұрыс шығар.
Ал қазір жантақтың гүлдеп жатқан кезі. Оны ауыл тұрғындары тек қана малдың қыстық азығы ретінде пайдаланатыны белгілі. Ал емдік қасиеті туралы біреу білсе, біреу білмейді. Мен бар болғаны білгенімді елмен бөлістім.

Алмат Нұрназаров

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста