Халық емі

Жер жаңғақ түрлі ауруға шипа

  • Жер жаңғақ түрлі ауруға шипа

    Жер жаңғақ түрлі ауруға шипа

Жер жаңғақтың пайдасы көп. Оның негізгісі - йод жетіспеушілігінен туындайтын гипотиреоз ауруында ем. Гипотиреоз ағзада қалқанша безі гормондарының жетіспеушілігі салдарынан пайда болатын дерт. Одан әлемде миллиондаған адам зардап шегеді. Гипотиреоз ағзадағы зат алмасу процесстерін тежеп, денсаулықта түрлі ақаулардың пайда болуына әкеледі. Атап айтсақ: - созылмалы шаршау - дене салмағының артуы - іштің қатуы - зат алмасудың бұзылуы - сөйлеу мен қимылдың бәсеңдеуі (баяулауы) - күйгелектік пен ашушаңдық - суыққа сезімталдық - холестерин деңгейінің артуы - ісіну Әйел адамдар гипотиреозга ерлерге қарағанда 10 есе жиі шалдығады екен. Гипотиреоз кеселі әсіресе 35 жастан соң жиі кездеседі. Сырқаттарға берілетін дәрі-дәрмектер ағзаны бір жағынан емдесе, екінші жағынан зиянын тигізеді. Сол себепті химиялық дәрілерді қабылдаған кезде аллергия болмаған жағдайда, жер жаңғақ қоспасын да ішуге болады. Бірақ бұл емді дәрігердің кеңесінен соң ғана қабылдаған жөн болар. Жаңғақтың құрамында С дәрумені, йод және цинк көп. Сондықтан бүлінбеген, жасыл түрлерін терген абзал. Егер де жасыл жаңғақтардан шырын бөлінсе, демек піскен болып саналады. Жер жаңғақтың құрамында дәрумендер, минералдар, эфир майлары, органикалық қышқылдар мен йод көп. Бал қосылып, үгітілген жаңғақ ағзаны жасартумен қатар, қан тазалайтын, асқазан ойық жарасы мен ісіктерді емдейтін қасиеті бар. Жасыл жер жаңғақ тұнбасы - 1 кг жасыл жер жаңғақ - 1кг табиғи, таза бал - әйнек ыдыс Дайындау тәсілі Жуылған жаңғақтарды майдалап тұраған соң, әйнек ыдысқа салып, бал құйыңыз да, 1 айға қараңғы жерге қойыңыз. Содан соң, жаңғақтарды алып тастап, тұнбасын сүзгілеңіз. Дайын болған қоспаны тамақ ішер алдында 1 шай қасықтан күніне үш рет қабылдауға болады. Бұл тұнба иммунитетті, есте сақтау қабілетін жақсартады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады және қан аздықты, әлсіздікті, гипотиреозды емдейді. Қақаған қыс мезгілінде бұл тұнба таптырмас ем.

Дайындаған Үміт Жұмаділова

kazgazeta.kz




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 09:40
    Тамақ ішу де - өнер
    15 Ақпан, 20:20
    БАСЫҢ АУЫРСА...
    15 Ақпан, 14:32
    Жантақ та жанға дәру
    25 Қаңтар, 13:04
    ЖАЛБЫЗ ҚАЙ АУРУҒА ЕМ?
    20 Қаңтар, 13:10
    ШҮКІР ШӨБІНІҢ ШИПАСЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28