Жусанның малға да, жанға да пайдасы мол

Жусанның малға да, жанға да пайдасы мол

Жусан шөбін тамырымен үзуге болмайды, тек түбінен кесіп алған жөн, қысы-жазы иісін жоғалтпайды. Жусан шөбі қазақ халқымен тікелей байланысты, оның тамырын жерден жұлу өте қиын, әрі тамыры көп болып жайылады.
Жусанның малға да, жанға да пайдасы мол. Қазақ халқы да текті болған. Біздер "қарға тамырлы қазақпыз", "Қазақ сұраса келе қарын бөле болып шығады" дейді.
Күйеу — жүз жылдық, құда — мың жылдық деген сөз де бекер емес.
Кезінде жусан шөбі биік болып өскен, кейін жауынның жоқтығынан, қоршаған ортаның ластануының салдарынан жусан шөбі де аласа болып шөгіп барады. Сол сияқты қазақ халқының да рухани деңгейі төмендеп, майдаланып, шөгіп, әлсіреп барады.
Жусан шөбін уақыт келе дүниежүзі пайдаланатын болады.
Жусан шөбін аздан қайнатып ішуге болады( оны арнайы білетін адамдар арқылы пайдаланған жөн және де жусанның түрлері өте көп).
Жусан қан тамырлары кеселінен тазартады. Жусан шөбін көп иіскесе жүрекке пайдасы мол. Асқазан жұмыс істеуін жақсартады әрі іштегі құрттарды тазартатын қасиеті бар.
Тарихта қыпшақ Сарыханұлы Артық батыр кезінде 45 мың сарбазбен Грузияға барып көмек берген.(Негізінде Артық батыр өзінің Тұрантоқты деген қызын Дәуіт патшаға үйлендірген. Сол себепті Дәуіт Артықтан көмек сұраған). Грузия патшасы Дәуіт қыпшақ Сарыханнан көмек сұраған. Сонда осы Артық батырды 45 мың сарбазымен қосып жіберген. Грузиндердің 15мың сарбазы қосылып парсылардың 300 мың әскерін талқандаған. Дәуіт патша қазақ жерінен барған сарбаздарға шырайлы жерін беріп, бар жағдайын жасаған. Сөйтіп олар елге қайтпай гәуір жерінде қалып қойған. Сарыхан баласын қайтара алмай басы қатыпты. Сонда бір сәуегей: "Оларға бір дорба жусан жібер",— деп айтқан екен.
Сегіз жыл бойы елге қайтпаған қыпшақтар хабаршы әкелген бір дорба жусанды иіскегенде бір күнде жиналып көшкен екен. Міне сондықтан жусанды киелі санаймыз. Қазақ жусан шөбімен тығыз байланыста.
Жусан шөбіне жуынып бойдағы сасық иістен тазаруға болады. Алла Тағала шипасын берсін!……..
Нұрғиса. М. М.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста