Жыланның уымен, тасбақаның етімен емдейтін емші

Жыланның уымен, тасбақаның етімен емдейтін емші

Жылан уынан сорпа, тасбақа етінен дәрі жасайды. Қазақ емшілері жан-жануарларды түгендеп, сан ауруға ем іздеп жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Тарихта шөптен шипа іздеп, дала кезіп дәрі жасаған тәуіптер бар екенін білеміз. Алайда осындай қорқынышты тәсілмен аурудан жазамын дегендерге сенім бар ма?

 

Қазір жыланның уымен де адамды дерттен айықтыруға болады екен. Адам болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Осындай жан қиналған кезде әркім әрқалай емделеді. Бірі мен секілді емші жағаласа, енді бірі дәрігерге барады.

 

Шымкентте емшіліктің ерекше әдісін қолға алып, төсек тартып қалған талай жанның дертіне шипа тауып берген емші бар дейді жұрт. Ол желі қолданушыларына жыланның басын кесіп, уын алған видеосы арқылы танылды. Тәуіп суық жануардың етінен жасалған сорпа мың ауруға ем болады, дейді.

 

Жыланның дертке ем екенін 66 жастағы Астана қаласының тұрғыны Маржан Шаймерденова да құптап отыр. Оның жүрегі жиі ауырыпты. Тіпті, бірнеше рет жүрек талмасы ұстаған. Ақ жаулықты ана жаны қиналғаннан кейін медицинамен қатар, халық еміне де жүгінген. Оған емші жыланның майы қосылған дәрі істеп беріпті.

 

Маржан ШАЙМЕРДЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

– Пайдасы тиді, жақсы болды. мен өзім инсульт алдым да, содан жатып қалғанмын, тұра алмай. Сосын әлгіні ішкеннен кейін, міне, қазір жүрмін.

 

Ауру айтып келмейді. Тұрғындардың біразы дерт мазалаған сәтте бірінші дәрігерге барамыз десе, енді бірі емшіге емделгенді жөн көреді.

 

БЛИЦ:

 

- Халық еміне жүгінуге болады негізі. Мысалы, жер ұшықтау деген бар. Мысалы, балаға тіл-көз тиген кезде дәрігерге емделе алмайсыз ғой. Ол бар негізінде. Мен сенемін.

 

- Кез-келген әркімге жүгіне беруген болмайды ғой. Біреулер сынған аяқтарын салдырады сондайларға. Талайын көріп, естіп жүрміз ғой. Аяқтарын ақыр сонында кесіп тастаған.

 

Ал, өзін «халық емшісімін» деп таныстырған Омарбек Балтабаев қазір тәуіпке жүгінетіндер көбейгенін айтты. Бірақ медицина мен емшіліктің аражігін ажыратып алған жөн, дейді.

 

Омарбек БАЛТАБАЕВ, ЕМШІ:

 

– Емшілерге қаралатын пенделер өте көбейіп кетті. Медицинадан ем таппай, емшілерді жағалап кеткен пенделер көп. Сол себепті қазірде 50/50, емшіге де, медицинаға да қаралады. Сондықтан айтарым, емшінің ем саласы, аурулары, емші емдейтін сала - ол бөлек, медицинаның саласы бөлек.

 

Қазір кім көп, емші көп. Қайсысы дерт жазатынын, қайсысы дертіңе дерт қосатынын білмейсің. Сондықтан, мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров ауру емдеймін дегендерді бақылауға алу керек – дейді. Айтуынша, 90-жылдары белсенділер халық медицинасын жүйелеп, ақ-қарасын ажыртау қажет деген бастама көтерген. Алайда, неге екені белгісіз, тоқтап қалды.

 

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ:

 

 – Мемлекет бір реттеу, жүйелеу, оны бір құқықтық немесе бір сапалық шеңберге келтіру керек. Мысалы, сертификат беру ма немесе бір тізімге алу ма деген секілді. Өйткені бұл адам өмірімен, адам денсаулығымен байланысты нәрсе. Жеңіл қарауға болмайды. Мүмкін сол ем-домнан кейін бір адамдар қайтыс болып кетіп жатқан шығар. Оны ешкім білмейді. Сондықтан бәрібір реттеу, бақылау, қадағалау болу керек деп ойлаймын.

 

Қазақта «тәуіптің жақсысы – ауруға ауру жамамағаны» деген сөз бар. Сондықтан, емшілерден пайда бар ма, жоқ па – оны таразылау әркімнің өз еркінде ғана.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста