Қанды сауықтырудың халықтық әдістері

Қанды сауықтырудың халықтық әдістері

Қанның саулығы мен тазалығы жайында естіп пе едіңіз? Иә, деннің сау болуында оның орны ерекше. Қан сау болса ағзаңыз кез келген ауруды өзі-ақ «қуып» шығады. Сондықтан біз бүгін қанның саулығы туралы сөз етпекпіз.

Қаныңыз қою емес пе?

Қанның қою болуы өмірге қауіп төндіреді. Қанды холестеринді шамадан тыс тұтыну, дұрыс тамақтанбау, әсіресе түнде тамақтану, крахмалды тағамдарды, нан өнімдерін көп тұтыну қоюлатады. Ал тұтқыр қан атеросклерозға, инфарктқа, инсульт­қа соқтырады, қан сау болмаса үнемі бас айналып, қысымы көтеріледі, жалпы жағдайыңыз бен ұйқы бұзылады. Бірте-бірте бауыр, бүйрек жұмысы тұралап, істен шыға бастайды. Қан қою болса тамырларға үлкен жүктеме түседі, өйткені тамыр қабырғаларында холестерин тұнбасы тұрып қалады. Сондықтан қанның жай-күйіне қам­қорлық жасау керек. Егер сізде гипертония, жүректің ишемия­лық ауруы, қан тамырларының склерозы болса, инфаркт немесе инсульт алған болсаңыз, екі есе сақтық таныт­қан жөн.

Қанның қою не қалыпты екенін үй жағдайында да анықтауға болады. Ол үшін медициналық қолғап, қан анализін алу үшін қолданылатын бір реттік стерильді ине және шағын шыны керек. Бәрін спиртпен мұқият сүртіп, перчатканы киіңіз. Төртінші саусақтың ұшын резинадан босатыңыз. Осылай өзіңізден анализ аласыз. Шыны әйнекке 2 тамшы қанды жұқа етіп жағады. Біраз уақытта бетінде жұқа қабықша (пленка) пайда болады. Оны 30 секунд сайын қарап тұру қажет. Егер пленка 5 минуттан кейін пайда болса, онда бұл қалыпты жағдай. Егер 5 минутқа дейін пайда болса, қаныңыз қою деген сөз.

Тазарту тәсілдері

Ең жылдам әдіс: күн сайын таңертең 1 ас қасық өсімдік майын кемі 15 минут кәмпит сияқты сорып, кейін түкіріп тастаңыз. Оны жұтып қоюға болмайды. Ол түнде ағзада жиналған барлық токсиндерді жояды. Тіпті рак клеткаларын да жоюға қауқарлы. Бұл әдісті күн сайын, жарты жыл еш үзіліссіз жасаған дұрыс.

Жылына екі рет &ndash көк­­тем­­де және күзде қанды тазарту қажет. Ол үшін 2 стакан балға 1 стакан аскөк, 2 литр ыстық су қосып, валериана тамырынан 1 ас қасық салып араластырып, термосқа құйып қоясыз. Бір тәулік өткенде сүзіп, тоңазыт­қышқа салыңыз. Күніне үш мезгіл, бір ас қасықтан ішеді.

Қанды тазартудың ең оңай жолы күні бойы таза, газсыз, жылы ауыз су ішіп жүру. Ал кешке 1 литр сарысу (сыворотка) ішу керек.

Дұрыс тамақтаныңыз, қанды сұйылтатын тағам түрлерін таңдаңыз. Көкөніс, жемістер, өсімдік майлары, майлы емес сүт өнімдерін көбірек пайдаланып, қуырылған тағамдарды, кебаб, кәуәп, ысталған ет,  тұзды нәрселерді ұмытыңыз. Метаболизмді баяу­лататын барлық жасанды ингредиенттерден бас тартып, жаман әдеттерден аулақ болыңыз. Витамин түрлері мен минералдарға бай тамақ даяр­лап үйреніңіз. Қан құрамын қалыпқа келтіру үшін кәді (кабачок), баклажан пайдалы. Оларды қуырудың қажеті жоқ, бұқтырып дайындап көріңіз. Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз, өйткені қан 80% судан тұрады.

Қанды аспирин де сұйылтады, бірақ абай болыңыз, асқазаныңызды ауыртып алуыңыз мүмкін. Табиғатта табиғи аспирин бар: дәрінің орнына мүкжидек (клюква) пайдалануға болады. 2 ас қасық мүкжидекті шыныаяққа салып, ұсақтап, жарты стакан қайнаған су құйып, тұндырып ішіңіз. Немесе 200 грамм қайнаған суға бір шай қасық тобылғы (таволга) тамырын 40 минут тұндырып, күніне 4 рет 1 ас қасықтан ішуге бола­ды. Ол қанды сұйылтып, тазартады.

Тағы бір амал

Қант диабеті, атеро­склерозда топинамбур көмектеседі. Ол инулинге бай, сондықтан холестериннен тазартып, тамырдың жиырылуын жақсартады, дисбактериоз жайсыздығын жояды. Өйткені ол асқазан-ішек жолдарының төменгі бөліктерінде сіңіріледі. Оны балғын күйінде үккіштен өткізіп, өсімдік майы, сарымсақ қосып тұтынуға болады. Немесе шайып,  құрғатып, ұсақтаңыз да, кофе ретінде қолданыңыз. Топинамбур диабетті де емдеуге жақсы көмектеседі.

Гемоглобин төмендеп кеткенде ет, қайнатылған тауық етін көбірек тұтыну қажет. Сондай-ақ қызылша, анар, аз мөлшерде қаймақ та гемоглобинді арттырады. Одан бөлек, күні бойы су ішіп, құрамында темір бар өнімдер, мәселен, балық, жұмыртқаның сарысы, сұлы жармасы, бұршақ дақылдары, соя, аскөк, ақжелкен, шабдалы, алма жеп тұрыңыз. С витамині бар тағамдар, көкөністер мен жемістерді қоса пайдаланған жөн. С витамині темірдің ағзаға сіңірілуіне көмектеседі.

Таңертең ашқарынға 1 стакан итмұрын (шиповник) тұнбасына аздаған лимон шырынын, 1 шай қасық бал қосып ішіңіз. Бұл рецепт ересектерге де, балаларға да жарай береді. Балалар жарты стакан ішсе жеткілікті.

Қанды сұйылту үшін емдік сүліктерге жүгінуге де болады. Олар, әдетте, тұз жиналып қалатын аймақтарға (мойынның 7-ші омыртқасының маңы) немесе сегізкөз, жамбас аймағына қойылады. Ұзақ емес, өздері түскенге дейін, көп болғанда 15 минут ұстаңыз.

&hellipҚандай да бір ем түрін бастамас бұрын міндетті түрде емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз, ағзада қарсы көрсетілімдер болуы мүмкін.

Ақнұр АСЫЛБЕК.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста