Көзге жайлы витамин қайсы?

Көзге жайлы витамин қайсы?

Бүгінде көзге түсетін салмақ көп. Жұрт теледидарды көп көреді, компьютерді жиі пайдаланады, газет, кітап оқиды. Одан бөлек, адамдарға жайсыз экология әсер етеді, олар дұрыс тамақтанбайды, сондай-ақ әйелдерге де кейде сапасыз косметика кесірін тигізеді. Тізе берсек, көзге жағымсыз әсер ететін жайлар мұнымен шектелмейді. Сондықтан әркім өз көзіне өзі қамқорлық жасау жағын да ұмытпауы керек. Осы орайда көзге жайлы әсер ететін, оған аса қажет азықтар мен витаминдер жөнінде де біле жүрген артықтық етпейді.
Көзіңізден «проблемаңыз» болмаса да сәбіз бен қаражидек (черника) жиірек пайдаланыңыз. Оларда негізгі пайдалы витаминдер көп деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондай-ақ әрбір жұмыс күнінен соң қабағыңызды шәмбімен немесе шөпшай шәмбісімен сүртсеңіз, пайдасы бар, ол көзді тынықтырады.
Ал компьютерде жиі отыратын адамдар арнайы шығарылған витамин жинағын пайдаланғаны дұрыс. Әрине, мұны дәрігер кеңесінсіз істеуге болмайды.
Енді мына жайларға назар аударыңыз. Төменде көрсетілген витаминдердің көз саулығы үшін маңызы зор екені есіңізде болсын:
А витамині көздің тор қабығының жұмысы үшін маңызды. Әсіресе катарактаға бейім адамдар оны жеткілікті мөлшерде қабылдап тұруы керек.
Қан тамырларының тонусын сақтап тұруда С витаминінің маңызы зор. Әсіресе көзі жиі шаршайтындар оны көп пайдалануы керек. Глаукома мен катарактаның алдын алуда да C витамині таптырмас дәрмек.
Р витамині де тамырлар жұмысын жақсартады, ол көзге қан құйылуы мен капиллярлар қабырғасының сынғыштығының алдын алады.
Ал рибофлавин, яғни В2 витамині қалыпты зат алмасуы үшін қажет деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ол жетіспесе, адам жарыққа қарай алмайды, көзі жиі жасаурайды, көздің мүйізгек қабығы (қасаң қабақ) қабынады.
В6 витамині көзге босаңсуға мүмкіндік береді, шаршауды басады. В12 витамині көздің қанмен дұрыс қамтамасыз етілуіне қызмет етеді.
Витаминдерден бөлек, көзге түрлі минералдар да қажет. Сондықтан қажзет еткендер витаминдік кешен алғанда оның құрамында цинк, калий, кальций болуына назар аударғаны дұрыс. Көзге сол сияқты каротиноид түзетін лютеиндер де қажет.
Көз ауруларынан зардап шегетіндерге арнап шығарылған арнайы витаминдік кешендер болады. мысалы, катарактаны емдеу кезінде Е витаминін жиі қолданады. Жақыннан немесе алыстан көргіштіктен зардап шегетіндерге арнап шығарылған кешендер де бар. Бұлардың бәрін тек дәрігер ғана арнайы тексерруден кейін тағайындайды. Ал мұндай витаминдерді өз бетімен қолданатындар оның сыртындағы нұсқамасында айтылған ережелерді қатаң сақтаулары қажет.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста