ІНЖІР іріңдеген АНГИНАҒА ем

20 ақпан 2022, 19:31

Ангина – жұтқыншақты зақымдайтын жұқпалы ауру. Ангина басталған кезде тамақ қызарады, ісінеді. Дереу емдемесеңіз іріңдеуге дейін барады. Бұл кезде науқастың қызуы көтеріледі, бойын әзсіздік билейді, тамаққа тәбеті нашарлап, көңіл-күйі болмайды деп жазады ernur.kz тілшісі.

 

Оған қоса, тамағы ауырады, лимфа түйіндері ісінеді, бадамша бездері іріңдейді. Бұл инфекциялық ауру көктем-күзде қатты белең алады. Сондықтан да алдағы мезгілде өте сақ болғаныңыз жөн.

 

фото: tvojlor.com

 

Ангинамен кім ауырады?

 

ағзасы әлсіздер;

 

ауыз қуысы қабынған (стоматит, кариес, ерні тілімденіп жарылған) науқас;

 

темекі шегілген бөлмеде ұзақ отырған адам;

 

лас ауамен тыныстаған; салқын тиген;

 

спиртті ішімдік ішкен; бадамша безі зақымдалған адам ангинамен ауырады.

 

Тіпті, ауа, ыдыс-аяқ арқылы да жұғуы ықтимал.

 

Тамағыңыз жыбырлап бастағаннан-ақ, қажетті ем-шараларын көруіңіз керек. Алдымен халық әдісімен емделіңіз. Нәтижесі керемет болады.

 

Шай және қайнатпа

 

1 стақан сүтті ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Қайнауға жақындағанда 7-8 дана інжір салып, баяу отта 7 минут қайнатыңыз. Белгіленген уақыттан соң ыдысты оттан алып, бетін жауып қоясыз. Жылыған кезде ішіңіз. Осылайша күніне 3-4 рет қайталасаңыз, аурудан біржолата айығасыз.

 

1 стақан жылы сүтке 1 ас қасық сары май мен 1 ас қасық бал араластырып ішіңіз. Емді күніне 4-6 рет қайталауға болады.

 

1 ас қасық кептірілген жөке (липа) гүлін 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң оттан алып, бетін жабу керек. Қайнатпа жылыған кезде сүзіп алып, 50 грамнан ішесіз. Емді күніне 3-4 рет қабылдау керек.

 

1 шыны сұйық демделген шайға 1 ас қасық таңқурай немесе итмұрын қосып ішіңіз. Емдік қасиеті керемет шай тамақ ауруын басады, жыбырлағанын тоқтатады әрі қызуды түсіреді.

 

3-4 ас қасық аюбадамды (бузина) 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 5 минуттай баяу отта қайнау керек. Осы уақыттан соң қайнатпаны оттан алып, сүзіңіз. Қайнатпа салқындаған кезде тамағыңызды шаясыз.

 

фото: miomed.ru

 

Тамақты шаю

 

Ангинасы ауырған науқасқа дәрігерлер Риванол, Фурацилин, Стрептоцид, Бор қышқылы, антибиотик ерітіндісін ұсынады. Оның орнына мына заттармен тамағыңызды шайсаңыз, керемет нәтижесін көресіз.

 

1 стақан жылы суға 1 ас қасық теңіз тұзын араластырып, тамағыңызды, мұрныңызды шайыңыз. 2 стақан суды отқа төзімді ыдысқа құясыз. Оған 2 шай қасық пияздың қабығын салып, отқа қойыңыз. 3 минуттай қайнатып алып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 3-4 сағаттан соң дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, тамағыңызды шаясыз. Емді күніне 3-4 рет қайталау керек.

 

Ескеріңіз!

Қайнатпаны қолданар алдында жылыту керек! 1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз, 3 тамшы йод пен 0,5 шай қасық ас ас содасын араластырып тамағыңызды шайыңыз.

 

1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық тұймедақ (ромашка) үгіндісін араластырып, бетін жауып қоясыз. Жылыған кезде сүзіп алып, тамағыңызды, мұрныңызды шайыңыз.

 

1 стақан жылы суға 1 шай қасық лимон шырынын араластырып тамағыңызды шайсаңыз да ауру басылады. Емді күніне 3-4 рет қайталау керек.

 

Қайсы сұйықтықты таңдасаңыз да, шприцпен тартып алып, тамағыңызды шайғаныңыз дұрыс. Сонда нәтижесін сіз ойлағаннан да жылдам әсер етеді.

 

Ангина ісініп, қызарып, іріңдеген жағдайда тамаққа да өте мұқият болған жөн. Әсіресе, ащы, тұзды, майлы, қақталған және қатты тағамдарды шектеңіз. Ағзаны қуаттандырып, ағзадағы инфекцияны жою үшін ағза толыққанды дәрумендер мен минералды заттарды алуы тиіс.

 

Оған қоса, түрлі жармадан дайындалған ботқа, көкөніс езбесі, сүт тағамдары мен қой етінен дайындалған қайнатпа сорпа ішкені дұрыс.

 

Ескерту!

 

Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.