Сарымсақ тұнбасын жасап үйреніңіз

Сарымсақ тұнбасын жасап үйреніңіз

Денсаулықты сақтауда сарымсаққа жететін көмекші жоқ шығар, сірә! Жұрт жиі мақтайтын лимон мен зімбірдің өзі тиімділігі жөнінен сарымсақтан (чеснок) кейінгі орында. Оны асқа қосу, шикілей жеу бір бөлек те, тұнба әзірлеп, емге  қолданудың жөні басқа – ол аз уақытта бүкіл ағзаны сауықтырады. Олай болса, сарымсақтан тұнба жасап үйреніңіз. Қолдану тәртібі мен қарсы көрсетілімдері туралы толық мағлұмат төменде берілген.

Суықтауды тез жеңеді

Алдымен тұнбаy әзірлеудің әдісіне тоқталайық. Сарымсақ тұнбасынын спирт, су және май қосылған түрлері бар. Оның қай-қайсысына да мейлінше сөлі бойында тұрған «жаңа» сарымсақ қолданған дұрыс. Мөлшерін қадағалау маңызды.

1 ас қасық уатылған сарымсаққа 200 миллилитр су керек. Екеуін араластырып, бетін мықтап жабады да, 14 күнге қараңғы жерге қояды. Күніне 1-2 рет қозғап тұруды ұмытпаңыз.  Одан кейін тоңазытқышта сақтайды. Оны 2 апта бойы, күніне 1 ас қасықтан, ұйқы алдында ішеді. Одан кейін 1 апта демалып, емді тағы бір рет жалғасыруға болады.

Сарымсақ пен су қоспасы суық тиіп аурығанда, жедел жұқпалы вирустар кезінде жақсы көмек. Ол қан құрамын тазартып, оның айналымын жақсартады. Дендеген ауру кезіндегі әлсіздікті жеңуде жәрдемі бар.

Лимон қосылған ботқа

Тұнбаның бұл түрі су қосылғанына қарағанда иісі де, дәмі де жағымды келеді. Дайындалуы қиын емес: қабығынан аршылған 200 грамм сарымсақ, жарты литр қайнаған су мен  лимон (қабығымен) керек. Сарымсақ пен лимонды салқын суға жақсылап шайып,  еттартқыштан өткізеді. Бұл «ботқаны» таза жуылған шыны ыдысқа салып, үстінен қайнаған суды құяды. Жақсылап араластырып, бетін жауып, тоңазытқышта 4 күнге қояды. Сосын сүзіп алады. (Тоңазытқышта сақтау керек). Мұны таусылғанша күніне 1 рет, астан 20 минут бұрын, 50 миллилитрден ішеді.

Сарымсақ–лимон тұнбасы қан тамырлары дерті мазалайтын адамдар үшін өте жақсы жәрдем. Сондай-ақ тұмау эпидемиясы кезінде вирус жұқтырудан сақтану және иммунитетті нығайту үшін ішсе жақсы.

Бал аралас қоспа

Денсаулықты қорғау мен қалпына келтіруде балдың көмегі орасан екенін білеміз. Ал оны сарымсаққа араластырса, емдік әсері еселене түсетіні анық. Ол үшін 100 грамм сарымсақ, 200 грамм бал керек. Сарымсақты барынша уатып, балға араластырады. Салқындау жерде сақтау керек. Ішу тәртібі мынадай – 30-50 грамм лимонға 1 шай қасығын қосып,  күніне 3 рет, астан жарты сағат бұрын қабылдайды. Суықтағанда, тұмау белгілері басталғанда, толық жазылғанша тоқтатпайсыз. Артынша 1 стакан жылы су ішуге болады.

Бал қосылған сарымсақ қоспасы әлсіздік, қан құрамын тазарту, қан қысымын қалпына келтіру, ағзада тұз жиналу, буын аурулары сезінде жақсы көмектеседі. Оны 7 күн ішіп, 5 күн демалады. Одан кейін 10 күн ішеді. Емді жылына 3-4 рет қайталауға болады.

Спирттен жасалған дәрмек

Негізі кез келген тұнбаға спирт немесе арақ қосылатыны мәлім. Табиғи антибиотик саналатын сарымсақтан да спирт қосылған тұнба әзірлеуге болады.

Сарымсақты қабығынан аршығанда қарайған, зақымдалған жерлерін алып тастау керек. Салқын суда мұқият шайылған шамамен 350 грамм сарымсақты уақтап турайды. Езудің керегі жоқ, өйтсе шырынының біршама бөлігінен айырылады. Оны көлемі 800  грамм болатын банкаға салып, үстінен 0,5 литр арақ құяды. Сонда банка ернеуіне жете толады. Арақтың «самопал» емес, мейлінше таза, сенімді болғаны дұрыс. Ол сарымсақтың бетін толығымен жауып тұруы тиіс.  Араластырған соң тезірек бетін целлофанмен, сосын қақпақпен жауып, бөлме температурасындағы қараңғы жерге қойыңыз. 10 күн тұрсын. 2-3 күнде бір рет ыдысын шайқай қозғап қойыңыз.

Белгілі уақыттан кейін тұнбаны бірнеше қабат дәкемен сүзіп алады. Олыны ыдыста сақталуы тиіс. Тоңазытқышта тағы 4 күн тұрғаннан кейін дәріңіз дайын дей беріңіз. Мұны күніне 3 рет, астан 10 минут бұрын, 0,5 стакан жылы сүт немесе жылы суға 10 тамшы қосып ішеді.

Сарымсақтың спирттегі тұнбасы баяу әсер еткенмен, нәтижесіне шағым айта алмасыңыз анық. Ол тамырларды тазартады, зиянды холестеринді қуады, зат алмасуын жақсартады, ағзаны қалдықтардан, тұздан тазартады. Нәтижесін тері түсінің жақсара бастағанынан аңғаруға болады. Бірнеше курс емнен кейін буын ауруының беті қайтқанын байқайсыз. Ол үшін 1 ай ішіп, 10 күн демалып, тағы қайталайды.

Ал егер ағзаны тазартып, әрбір жасушаның толығымен жаңарғанын қаласаңыз, 40 күн бойы, үзіліссіз, күніне 3 рет 1 шай қасықтан ішу керек.

Ішуге болмайтын жағдайлар

Қанша жерден пайдалы, мақтаулы болғанмен, дәрі-дәрмек секілді, қолдан әзірленген тұнбаларды да қолдануға болмайтын кездер, қарсы көрсетілімдері болады. Сондықтан бұл мәселені де мықтап есте сақтау маңызды.

Сонымен, сарымсақтан жасалған тұнбаны созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, гастрит, асқазан мен ішектегі ойық жара (язва), асқазан қышқылы жоғары болған жағдайда, панкреатит пен геморройдың асқынуы кезінде ішуге болмайды.

Бауыры, өт жолдары ауыратын, циститке жиі ұшырайтын, пиелонефрит пен ұйқы безінде кінәрат бар адамдарға сарымсақ тұнбасын мүлде ішуге болмайды: ауруын асқындырып жіберуі мүмкін.

Спиртті тұнбаны жүкті және емізулі әйелдер, жүргізушілердің ішпегені жөн. Эпилепсия, басқа да ұстама түрі, жүйкесі сыр берген адамдарға да спиртті түрін бермеген дұрыс. Олар үшін бал қосылған қоспа тиімді.

…Негізі сарымсақ тұнбасынан кейін жарты стакан болса да сүт ішкен жақсы. Сонда ол асқазан мен ішекті тітіркендірмейді.

Р. ОРДАБЕК.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста