ШҮКІР ШӨБІНІҢ ШИПАСЫ

ШҮКІР ШӨБІНІҢ ШИПАСЫ

Әйтеке би ауданының Аққұм ауылында болғанымызда жергілікті тұрғындар бұл өңірде түрлі емдік шөптердің өсетінін айтқан еді. Әуелі аса мән бере қоймағанымыз рас. Қазір кім көп, емші көп. Доғдыр емес. Арнайы білімдері жоқ адам қалай емдемек, қалай дәрілік тұнба дайындамақ? Бірақ ауыл адамдары майын тамызып айта бастағанда елең ете қалдық. Сондай емдік шөптің бірі  шүкір деп аталатын шөп екен. Қызыққанымыз сондай, далалыққа шығып, өсіп жатқан шүкір шөбін көзімізбен көрдік.

Шүкір шөбіне байланысты ауыл адамдарының айызы қана айтқан әңгімелерінің бірі мынадай. Осыдан бірнеше жыл бұрын ауыл тұрғыны Айдархан Байниязов қойдың басын үйітпек болады. Қыздырғыш лампаны алып, сіріңкені жағып жатқанда ішінде бензині бар лампа атылады. Айдархан ағаның қолы мен бетін түгел жалын шарпып, күйіп қалады. Дереу ауруханаға жеткізіледі. Ауруханада беті бері қарайды. Бірақ дәрігерлер күйген бетінің терісін кесіп алып тастай береді. Мұны онша жарата қоймаған Айдархан аға өз еркімен ауруханадан шығып, Аққұмға қайтады. Үйіне келгеннен кейін шүкір шөбінің тамырын алдыртып, май жасап, бетіне жағады. Бірнеше күннен кейін күйігі толық жазылып, бетінде ешқандай дақ та, қотыр да қалмайды.

Осы әңгімені естігеннен кейін өсіп тұрған шүкір шөбін көзімізбен көргіміз келді. Ерінбей ауылдан он шақырымдай жердегі далаға шықтық. Аққұмның жері әдемі ғой. Қызылды-жасылды түске бөленген Аққұм өңірі көз тартады. Қаулай өскен түрлі өсімдіктердің арасынан түйежапырақ тәрізді жалпақ жапырақтар жалпиып жатыр. Жапырақтардың ортасынан шығып тұрған қызыл гүлді сабағы бар шөп бірден көзге түсті.  Ерекшелігіне қарап, шүкір шөбі осы болар деп топшылағанбыз. Жаңылыспаппыз. Бұл шөптің нәрі тамырында болғандықтан, түбін қазып алмақ болдық. Тамыры тереңге кетеді екен. Кей түптерді бір метрге дейін қазуға тура келеді. Қолда күрек болмағандықтан, түгелдей қазуға мүмкіндік болмады.  

&mdash Біз ем-домға қолдану үшін қарабайыр түрін жасап пайдаланамыз ғой. Ал мұны медициналық жағынан қарастырып, жетілдіріп жүрген Мәжит Оспанов деген дәрігер бар. Шүкір шөбінің емдік қасиеті, оны пайдалану туралы сол жақсылап айтып бере алады, &mdash деді Айдархан атай.

Ақтөбе темір жол ауруханасының фитотерапевт-дәрігері Мәжит Оспанов шөппен емдеумен айналысады. Шүкір шөбі туралы әңгімені де бар ықыласымен айтып берді.

&mdash Шүкір шөбі туралы жеткілікті зерттеу жұмыстары болмағандықтан, бөліп-жара қарау қиындау, &mdash деді Мәжит Оспанов. &mdash Шүкір шөбі туралы ғылымда мардымды ештеңе жазылмаған. Ғалымдар мұны татар рауғашының бір түріне жатқызады. Кейде түйежапырақ деп те атайды. Өйткені шүкірдің жапырақтары түйежапыраққа өте ұқсас. Шоғайнаға да ұқсайды. Бірақ шоғайнаның сабағы қатты ғой, ал шүкірдің жапырағы оңай сынады. Шүкір шөбінің жапырақтары маусымның бас жағында қурап кетеді. Одан кейін оның тамырын табу қиынға соғады. 

Мәжит Оспановтың айтуынша, шүкір шөбі Аққұмнан басқа, Мұғалжар тауының Арал жақ бетінде және Ойыл ауданы аумағында өседі екен. Сондай-ақ Маңғыстау жерінде де кездеседі.

1975 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген Мәжит сол кездегі Комсомол аудандық ауруханасында (қазіргі Әйтеке би ауданы) дәрігер болып жұмыс жасайды. Бірде Жабасақ ауылдық ауруханасында дәрігер жетіспегендіктен уақытша іссапарға жіберіледі. Бірде бір келіншек қайнаған суға күйіп қалып, ауруханаға түседі. Бір апта емдейді, күніге екі-үш рет күйікке медициналық майларды жағып, таңады. Алайда күйігі жазылып болмағанына шыдамаған келіншек ауылына, Аққұмға кетіп қалады. Дәрігер деген жауапты мамандық иесі 3-4 күннен кейін шыдамай Аққұмға барып, науқастың жағдайын көрмек болады. Сөйтсе, күйік тез жазылған. Бұған таң қалған Мәжит одан қалай емделгенін, қандай май жаққанын сұрайды. Өз бетінше емделуге, емдеуге қатаң тыйым салынған уақыт қой, келіншек ештеңе айта қоймайды.

&mdash Күйікке нендей май жаққаныңды айтшы, ешкімге айтпаймын, &mdash дейді дәрігер. Сонда ғана ол шүкір шөбінің тамырын алып ұнтақтап, жараға сепкенін айтады.

Шүкір шөбі туралы құлағдар дәрігер осы Аққұм ауылындағы емдік шөппен айналысатын Нәсір деген кісіге барады. Бірақ ол жасының ұлғаюына байланысты ештеңе айта алмайтынындықтан, осы ауылдың тұрғыны Тұратай Шамауовтан сұра дейді. Мәжит Оспанов содан бастап шөппен емдеуге, оның ішінде шүкір тамырын пайдалануға бет бұрады.

&mdash Шүкір шөбінен тұнба жасап, әуелі он күн өзім іштім, &mdash дейді дәрігер. &mdash Осылайша сынақты өзіме жасадым. Өйткені басқа біреуді ауыртып алып, масқара болмауым керек қой. Шүкір шөбінің ағзаға оң әсері бірден байқалды. Содан кейін науқастарға ем ретінде пайдалана бастадым.

Мәкең шүкір шөбінің емдік қасиеті зор екенін айтады. Тіпті оны асқазан жарасына да қолданыпты. Бір танысы асқазан жарасынан зардапты көп көрді. Жылда емделеді, жылда курортқа барады. Кей кездері асқазаны бүріп ауырып, түн ортасында дәрігер шақыртып та жүрді. Содан Мәжит ол кісіні ауруханаға жатқызып, шүкір шөбінен жасалған тұнбаны ішкізе бастайды. Алғашқы күні-ақ әлгі науқастың жаны жай табады. Бұрынғыдай түннің бір уағында, таң алдында бүріп тастайтын ауру жоқ. Тоғыз күннен кейін әлгі науқас Ақтөбеге келіп, тексеруден өтсе, адам сенгісіз&hellip Содан кейін ол адам аурухананы да, курортты да ұмытты.

Бірде мынадай жағдай болды. Бір әйел бауыр циррозымен ауырды. Ақтөбенің ауруханасы үміт жоқ деп Комсомолға, үйіне қайтарып жіберді. Өмірден үмітін үзбеген әлгі әйел Мәжитке келді. Мәкең Салаубасты теріп әкеліп, шүкір шөбі мен мыңжапырақты қосып, тұнба жасап ішкізеді. Көп ұзамай ішінің ісігі кетіп, айығып шығады.

&mdash 1998 жылы шүкір шөбін Ақтөбе мемелекеттік медициналық институтына алып келдім, &mdash дейді Мәжит Оспанов. &mdash Мединституттың дәрігерлері бар, биологтары бар &mdash бәріміз шүкір шөбі туралы дерек іздедік. Бірақ мардымды ештеңе таба алмадық. Дегенмен осыдан кейін шүкір шөбінің емдік қасиетін зерттеу, оны медицинада пайдалану басталып кетті. Бұдан кейін 2003 жылы Қарағанды фитохимия институтына апарып, құрамын зерттедік. Зерттеу барысында оның құрамында ағзадағы микробтарды өлтіретін көптеген микроэлементтердің, антибиотиктердің бар екені анықталды.

Ғылымда не депті?

Шүкір &mdash үлкен жапырақты, кермек шөп.

            Асқазан ауыруы зардабынан қан құсуға, асқазан қабынуына, өңеш қабынуына шүкір 5 мысқал, адыраспан 2 мысқал, итмұрын тошынын бір сәрі суға қайнатып, суына табылса бие сүтін қосып, бір күнде 3 рет ішкізеді.

Түйін

Өкінішке қарай, шүкір шөбі дербес емдік шөп ретінде медицинада қарастырылмай отыр. Біресе оны татар рауғашына, біресе түйежапыраққа жатқызады. Олардың бір біріне ұқсас, тұқымдас екені рас. Бірақ шүкір тұнбасы, шүкір шөбінен жасалынған дәрі дегенді әзір ести алмай жүрміз. өйткені әзірге шүкір шөбінен дәрі-дәрмек жасап, медицинада қолдануға мүмкіндік болмай отыр. Біріншіден, шүкір шөбін қолдану үшін авторлық патент керек. Екіншіден, дәрі-дәрмек жасау үшін көп қаражат керек. Ғалымдар мен дәрігерлер бірігіп қолға алса, шүкір шөбінен адам денсаулығы үшін қажетті дәрілер жасап шығаруға болатын секілді.

Бердібай КЕМАЛ

qazaqtv.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста