Халық емі

Түйенің шудасы толғақ шақырады екен

  • Түйенің шудасы толғақ шақырады екен

    Түйенің шудасы толғақ шақырады екен

Кейбір жүкті әйелдердің айы-күні жетіп тұрса да босанбай жүріп алатыны бар. Оның түрлі себептері болатын шығар. Мамандығым дәрігер болмағандықтан ол жайында мен ештеңе айта алмаймын. Бірақ өз басымнан өткен мына бір жайды газетке жазуды жөн көрдім. Мүмкін біреулерге оның да керегі болып қалар.
Екінші перзентімді мен он айдан астам уақыт көтердім. Дәрігерлер тамыз айының бас жағында босанатынымды айтқан болатын. Бірақ қыркүйектің ортасынан ауғанша босана қоймадым. Іштей дәрігерлер қате есептеген шығар деп ойлап жүрмін.
Менің босанбай жүргенімді енем уайымдай бастады. Ол кісі: «Түйе сүтін ішіп немесе білмей қалып етін жеп қойған жоқсың ба?» – деп қайта-қайта сұрайды. Мен басымды шайқаймын. «Онда неге кешігіп жатыр? Босанатын мерзімің асып кетті емес пе?» – деп таңданады. Енемнен осылай маза кете бастаған соң мен де уайымдай бастадым. Дәрігерге барып көрінуге операция жасай ма деп қорқамын. Не істерімізді білмей, осылайша уайым кешіп жүргенімізде үйге көрші ауылда тұратын сіңлісі Алтын апа келіп қалды. Мені көре сала: «Сен әлі босанбағансың ба?» – деп таңдана сұрады. Содан кейін ол күні өтіп кеткен әйелге бір ем жасауға болатынын айтып, енемнен: «Ауылдарыңызда түйе ұстайтын үй бар ма?» – деп сұрады.
Ауыл сыртында бір кісінің көп түйесі болатын. Енем мен сіңлісі екеуі мені сол үйге апарды. Жағдайымызды естіген соң үй иесі әйел енемнің сіңлісі сұраған түйенің шуда жүнін әкеліп берді. Ол кісі соның аз ғана бөлігін тұтатып, менің иіскеуім керектігін айтты. Күйген жүннің иісі қайбір жағымды болады дейсіз? Амал жоқ, күнім өтіп бара жатқан соң тезірек босанып алайын деп құшырлана иіскеп жатырмын. Содан кейін үш апа мені түйенің астынан өткізді.
Бір қызығы, үйге келген соң көп ұзамай толғақ басталып, мен өмірге ұл бала әкелдім. Әлі күнге дейін енем мен сіңлісі екеуі жасаған бұл емнің қандай құпиясы барын түсінбей келемін.


Ақнұр ЫНТЫЗАРТЕГІ.
Қызылорда облысы.
«Ауырмаңыз!» газетінен.




Көрілген: 1458    Пікірлер: 0

сенбі, 01.05.2021, 22:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:36
    Жанға шипа жеміс - шие
    22 Наурыз, 03:24
    Ұшық неге шығады?
    12 Наурыз, 10:35
    Жүз бір ауруға ем шөп
    16 Ақпан, 09:40
    Тамақ ішу де - өнер
    15 Ақпан, 20:20
    БАСЫҢ АУЫРСА...
    15 Ақпан, 14:32
    Жантақ та жанға дәру
    25 Қаңтар, 13:04
    ЖАЛБЫЗ ҚАЙ АУРУҒА ЕМ?
    20 Қаңтар, 13:10
    ШҮКІР ШӨБІНІҢ ШИПАСЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31