Халық емі

Үш дана жаңғақ жеңіз...

  • Үш дана жаңғақ жеңіз...

    Үш дана жаңғақ жеңіз...

Көктемде ағзада әлсіздік байқалатыны белгілі. Күн ұзарып, түн қысқарған шақта ағза табиғи биологиялық өзгеріске бейімделу үшін көп қуат жұмсайды. Күн жылына бастайтын осы шақта адамдардың тез шаршап, болдырып қалуы, ашушаң тартып, жүйкесі ширығуының бір себебі осындан.
Негізі бұл маусымда ағзаны аздап «еркелетіп» тұрған жақсы. Қалай екенін ресейлік терапевт Евгения Жумакова баяндаған екен. Біз де денсаулықты көктемде күте білудің құпиясын оқырандармен бөлісуді жөн көрдік.
Күніне таңертең немесе кешке үш дана жаңғақ жеңіз. Бір дана алма жеуді әдет ету де жақсы. Қыстан қысылған ағзаны витаминмен қамтамасыз етудің жолы табиғи қажеттіліктерге бай тамақтану.
Мәселен, қызылшадан салат жасап, оған аздап зәйтүн майын араластырып жесеңіз болады. Жержаңғақ майы да тез сіңіріледі, саулығыңызға оңды әсер етеді.
Күн сайын таңғы шай орнына қайнаған жылы суға бір ас қасық бал қосып ішсеңіз жақсы деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Үстіне жарты лимон шырынын сығып қосуыңызға болады.
Ол жасушалардың жаңаруы мен жасаруына жақсы көмек. Әрі көктемгі әлсіздік, витамин тапшылығына қарсы керемет күрес. Тәуліктік қуатыңыздың сарқылмауы мен өзіңізді сергек сезінуіңізге көп үлес қосады.
Күнделікті сәбіз шырынын ішу, кешке бір дана шикі сәбіз жеп алсаңыз, ол ағзаңызды А витаминімен қамтамасыз етеді, қанды қажетсіз қалдықтардан тазартуға, бауыр жұмысының жақсаруына сеп.
Көктемгі әлсіздікті, болдыру мен қажуды басу үшін өгейшөп (мать и мачеха), қалақай (крапива) мен бақбақтың (одуванчик) жас жапырақтарын 1 литр суда қайнатып, оны күніне жарты стаканнан ішіп жүрсеңіз, тәуліктік витамин мен микроэлементтердің орнын толтыруға қауқарлы.
Бұл С витамині, кальций, темір, фосфорға бай тұнба. Егер одан қышқыл немес ащы дәм шықса, қайнатпас бұрын 30 минут тұзды суға салып қою керек.
Әр күні кешке қарағай қылқаны (хвоя), шүйгіншөп (валериана), сасықшөп (пустырник) жапырақтарының қайнатындысы қосылған ванна қабылдау терінің көктемде түлеп, құрғап, қабыршықтануына жол бермейді.
Ол әрі жүйкені тыныштандырып, ұйқыны жайландырады. Ал жақсы ұйқы ертеңгі күннің көңілді басталуына жол ашады.
Таза ауада жүргенде бірқалыпты, терең тыныс алуға жаттығыңыз. Мұрынмен тыныс алу керек, бірақ ентігуге жеткізбеңіз.
Бұл тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартып, өкпеге көбірек таза ауа баруына жол ашады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал таза ауа арқылы өзіңіз сияқты өкпе де сергіп қалады. Ми жасушалары да оттегімен қанығып, шаршауды басуға көп көмегін тигізеді.
Өзіңізге өзіңіз массаж жасаңыз. Аяғыңызға, қолыңызға, желкеңізге, тіпті қарныңызға да. Денеңізді бос ұстап, теледидар көргенде, тынығып жатқанда осылай бұлшық еттерді босаңсытып, қан жүгіртіп алу керек.
Әсіресе аяқ башпайларына жасалған массаж оның күні бойғы шаршауын басады, жүйкелердің жақсы тынығуына жол ашады.
Қарап тұрсаңыз, түк те қиын емес амалдар.
Ал ағзаға көмегі өте көп. Бұл кеңестер көктемгі әлсіздікті жеңуге көмектесумен қатар, денсаулықты түзеуге де көмектесері хақ.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.




Көрілген: 2552    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.04.2021, 14:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:36
    Жанға шипа жеміс - шие
    22 Наурыз, 03:24
    Ұшық неге шығады?
    12 Наурыз, 10:35
    Жүз бір ауруға ем шөп
    16 Ақпан, 09:40
    Тамақ ішу де - өнер
    15 Ақпан, 20:20
    БАСЫҢ АУЫРСА...
    15 Ақпан, 14:32
    Жантақ та жанға дәру
    25 Қаңтар, 13:04
    ЖАЛБЫЗ ҚАЙ АУРУҒА ЕМ?
    20 Қаңтар, 13:10
    ШҮКІР ШӨБІНІҢ ШИПАСЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31