Сенi iздеймiн

24 жыл көрмеген әкесін іздеп тапты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Жамбыл облысында 24 жастағы Әйгерім Әбдірайым есімді қыз туған әкесі Әмзе Әбілқасымовпен 24 жылдан кейін көрісті. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасының "Қымбат жандар" бағдарламасының сюжетінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Әйгерімнің айтуынша, ата-анасы ол сәби кезінде ажырасып кеткен. Нағашыларының қолында өскен ол 2015 жылдан бастап туған әкесін іздей бастаған.

 

Ал тұрмыс құрған соң осы бағдарламаға келуді ұйғарған.

 

"Әкемді іздеуге анам қарсы болды. Олардың не үшін ажырасқанын білмеймін, әкеме ешқандай өкпем жоқ. Тек мені неге іздемеді екен деген бір ғана сұрағым бар", - дейді Әйгерім.

 

Телеарна мәліметінше, Әмзе Әбілқасымов - Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны. 2001 жылы екінші рет шаңырақ көтерген. Жары Майра екеуі 2 қыз тәрбиелеп отыр екен.

 

"Әйгерімнің анасымен 1993 жылы үйленген едік. Тұңғыш ұлымыз шетінеп кетті. Кейін егіз қызым дүниеге келді. Ол кезде ажырасқан едік. Егіздің бірі босанған кезде көз жұмды. Екіншісінің атын Әйгерім деп өзім қойдым", - деді әкесі.

 

Осылайша студияда әкесі мен қызы 24 жылдан кейін қауышты.

 

 

 




Көрілген: 3363    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!
    13 Қараша 2019
    Әкемді іздеймін
    4 Қараша 2019
    Ата анамды іздеймін
    16 Қазан 2019
    Әкемді іздеймін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31