Сенi iздеймiн

32 жастағы жүкті келіншек Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға барар жолда жоғалып кеткен

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға барар жолда жоғалып кеткен әйелдің өлер алдында жазып кеткен хаты жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Хатты оның күйеуі Александр Ершов тауып алған сыңайлы. 14 қаңтарда Ақмола облысынан Қарағандыға таксиге отырған келіншек із-түссіз жоғалып кетіпті. Қазіргі таңда оны іздестіру шараларына әйелдің жақындарынан бөлек полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған.

 

29 қаңтарда екі азамат жоғалып кеткен Гүлнәр Сәрсенованы танып, оны Қарағандыдағы Восток-1 ықшам ауданында көргенін айтыпты. Алайда күйеуі іздеп барып, айтқан жерден таба алмаған.

 

Жақын күндері әйелін жоғалтқан ер азамат видеоүндеу жазыпты. Сөзінше, 28 желтоқсанда жары өз анасымен жанжалдасып қалғаннан кейін тұйықталып кеткен.

 

"Қолымнан келгенше жұбайымды қолдауға тырыстым. Алайда мен жұмыстарым шығып, жол тартуым тура келді. Ол да кетіп қалыпты. Өлер алды жазған хатында әйелі оны ешкім түсінбейтінін айтып, өзіне қол салғысы келетінін жеткізген. Сол себепті барша адамдардан көмек сұраймын: мүмкін, біреулер оны көріп, ол туралы естіп білген де шығар. Менің WhatsApp нөмірім 8-777-024-35-35. Бұдан кейін жғадайдың байыбына барып, қауесет таратпауларыңызды сұраймын. "Мен өз әйелімді өлтіріп, көміп тастады" деп жазып жатқандар да бар. Олай істесем не үшін сонша тер төгіп, іздеп жүрмін?", - дейді Александр Ершов.

 

Оның айтуынша, хатты әйелінің кимідерінің арасынан тауып алған.

 

"Әлім таусылды, өмір сүргім келмейді. Бәрінен шаршадым. Егер маған бірнәрсе болса, бұған ешкімнің кінәсі жоқ. Мен өзім солай шештім", - деп жазыпты Гүлнәр.

 

Еске салайық, бұған дейін аяғы ауыр 32 жастағы қарағандылық келіншектің жоғалып кеткені жайлы айтылған еді.




Көрілген: 4744    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 12:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31